Қазақ филологиясы кафедрасы



бет3/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Игерілетін дағдылар:
- баяндау,
- ізденімпаздық,
- талдау жасай білу.


Пререквизиттер:ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәнін оқып үйренудегі қажетті алғы пәндер: халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір, хандық дәуір, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті болып табылады. Осы пәндерден дәріс тыңдаған студенттер ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі дамудың дәйекті өзгерістерін түсінуге толық мүмкіндік алады.
Постреквизиттер:ХХ ғасыр басыдағы қазақ әдебиетін оқып үйренген студенттер сөз өнеріне тән шеберліктің қыр сырын үйреніп шығады. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тұлғаларының шығармаларын терең танып білу, олардың шығармашылықтары туралы өзіндік жұмыстар, ғылыми жұмыстар жүргізуге дағдыландырады. Студенттердің әдебиет, әдеби шығарма, творчестволық тұлға жайлы таным түсінігінің кеңеюі әдебиет тарихы атты үнемі даму үстіндегі жанды процесті жете игеруге мүмкіндік ашады.


2. Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы
Байланыс телефоны : ж/т. 51-30-62 - ү/т. 50-22-00
Электронды пошта: kaz.fil.fak.@mail.ru


3. Курс саясаты:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)


Сабаққа қатысу:
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
Аудиториядағы тәртіп:
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
Үй тапсырмасы:
Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
Бақылау жұмысы:
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
Пікірлесу:
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет