Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі



бет45/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары

45. Асан қайғы афоризмдерін талдау

Қазақ әдебиетінің жыраулар поэзиясындағы жыраулардың әрбір сөзі тұнып тұрған даналық. Оның әрқайсысы баға жетпес афоризмдер. Қазіргі таңда көптеген жыраулардың толғауларынан алынған даналық сөздер ел арасында афоризмдер ретінде кеңінен қолданылуда. Солардың бірқатары Асан қайғының даналық сөздері.

Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

Менің ойымша, бұл нақыл сөз жақсы бір атаққа, дәрежеге қолым жетті деп өзімшіл, өркөкірек болма деген мағынада айтылған.Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларға байланысты алар болсақ мұндай қасиеттер, өкінішке орай, адам бойында жиі кездеседі.

Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз.

Татулық, бірлік, ынтымақ, адамдар арасындағы өзара түсіністік ең ізгі қасиеттер. Адам бүгін бар, ертең жоқ.

Ғылымның қандай пайдасы білместі жолға салмаса.

Бұл дүниеде әр нәрсенің өз пайдасы бар. Әрбір зат, жәндіктер мен жан-жануарлар да бұл дүниеге өз пайдасын, үлесін қосады. Сол сияқты да

ғылым мен білімнің негізгі пайдасы адамдарды тура жолға салып, айналасын, дүниені дұрыс танып-білуге үйрету.

Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің.

Менің ойымша, адамның үлкен-кішілігі боймен емес, оймен өлшенеді. Қандай жастағы адам болсын өз білгенін айтуға, жанындағы адамдарға үйретуге міндетті деп білемін. Ал осындай ақылға, кеңеске құлақ түрмейтін адамның ақыл-ойының таяздығы айтпаса да белгілі.

Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас – жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз – шер толқытса шығады.

Бұл дүниеде кез-келген құнды дүниелер өзгелерге көрінбейтін, өзгелер білмейтін жерде сақталады. Сол сияқты адамның ішкі жан дүниесіндегі сезімдері мен ойлары да осы тәріздес. Кез-келген дүниеге өзіндік жол табуға болады. Тек оны түсініп, білу керек.

Дала данышпаны ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған. Бүгін ақын, жырау, философ, халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлының түрлі тақырыптардағы нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Қилы заман болмай ма – суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай ма?!

Әй, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Жайылып жатқан жерің бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Елеуреп неге сөйлейсің.

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің жатыр ішіп-жеп...

Мұны неге білмейсің?

Ашу-дұшпан: артынан түсіп кетсең қайтесің түбі бір терең қуысқа.

Көшіп-қонып көрмеген – жер қадірін не білсін,

көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген,

ақылыңа көнбеген – жұрт қадірін не білсін?!

Ойыл деген – ойың-ды, отын тапсаң – тойың-ды.

Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас – жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз – шер толқытса шығады.

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін,

қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін,

санасы жоқ жамандар ел қадрін не білсін.

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?!

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер.

Еділ бол да, Жайық бол – ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тис – жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,

Мойнын бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Ғылымның қандай пайдасы – білместі жолға салмаса.

Атадан алтау тудым деп – асқынып жауап айтпаңыз,

Атамның малы көп-ті деп – атты басқа тартпаңыз.

Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз.

Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса,

ақылдының белгісі – өткен істі қумаса.

Бұ заманда не ғаріп – ақ қалалы боз ғаріп,

жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.

Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

Ақын болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, сенікі жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.

Мінезі жаман адамға – енді қайтіп жуыспа,

Тәуір көрер адаммен – жалған намыс қуыспа.

Арғымағың жамандап – тұлпар қайдан табарсың,

Тұйғыныңды жамандап – сұңқар қайдан табарсың.

Көлдің суын жамнадап – Еділ қайдан табарсың,

Әкіміңді жамандап – әділ қайдан табарсың,

Өз барыңды жамандап – асыл қайдан табарсың.

Адам әзіз айтар деп – көңіліңді салмағын,

Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.

Есті көрсең кем деме – бәрі тұйғын табылмас,

Жамандағанға жат болмас бірге туған қарындас.

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,

Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Күнінде өзім болдым деп – кең пейілге таласпа,

Артық үшін айтысып – достарыңмен санаспа.

Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама,

Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.

Қадірін жеңге білмесе – бой жеткенмен қыз ғаріп,

Замандасы қалмаған қария болар – шы ғаріп.

Ата жұрты, бұқара өз қолында болмаса,

Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.

Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің.

Шамаңша шалқып жүре бер – қабірге әзір қоймаса,

Артыңда қалар атақ жоқ – тіріде даңқың болмаса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет