Қазақ инновациялық



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата15.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#9958
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41

Әдебиеттер 
Смагулова  С.О.  20  ғасыр  басындағы  мұсылмандық  қозғалыс  және  дін  мәселесі.  //  Қазмемқызпу 
хабаршысы,- 2009,- №2, -97-102бб.  
Кокебаева  Г.Т.  Германия  –  Россия  –  СССР  политика,  война  и  плен,-  Алматы:  Қазақ  университеті, 
2009, - 
345б. 
Мухтарова Г.Д. Ислам в советском Казахстане (1917-1991 годы) Уральск, 2007, - 281б 
Садыкова А.М. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуалдың қалыптасу ерекшеліктері Абай атындағы Қазақ 
ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршысы Тарихи және әлеуметтік саяси ғылымдар сериясы. №-1 
(36) 2013ж. 
Баяхметова Г.Т. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2-курс магистранты 
 
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМ ДІНІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН САЯСАТ 
 
Патша үкіметі христиан дінін тықпалаумен қатар ислам дінін әлсірету саясатын да ұстанды. Өйткені 
исламды  христиан  дінін  кеңінен  тарату  жолындағы  басты  кедергі  деп  санады.  Қазақтардың  шығыс 
елдерінде,  мәселен,  Туркияда  оқуын  тиым  салынды.  Молдалардың  қызметіне  үкімет  әкімшілігі 
тарапынан  қатаң  бақылау  орнатылды.  1867-1968  жылдары  қазақтардың  дінге  байланысты  мәселелері 
150 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
ішкі істер министр қарауына берілді. Әр болыста бір- бірден ғана молда ұстауына ғана рұқсат етілді. 
Көшпелілер арасындағы молда Ресей империясына шын берілген қазақ болуы тиіс делінді. Молдаларды 
әскери губернатор ғана тағайындайтын және жұмысына босатын болып белгіленді. [1] 
Мешіт  салу  үшін  генерал-  губернатордың  рұқсатын  алу  қажет  болды.  Молдаларды  жергілікті 
тұрғындардың  сауатын  ашып,  оқытуы  және  оның  мешіт  жанында  жұмысқа  жайғасуы  үшін  уезд 
бастығының  рұқсаты  керек  болды.  Мешіттер  мен  олардың  жанындағы  медреселерді  қазақ 
қоғамдарының  өз  есебінен  ұстау  керек  деп  шешілді.  Вакуфтердің,  яғни  мешіттердің  жылжымайтын 
мүлкін ұстауға үзілді – кесілді тиым салынды.  
Дін  таратушы  христиан  миссионерлеріне  және  олардың  ислам  дініне  шек  қойушылығы  қазақ 
халқының біршама наразылық тудырды. 1889 жылы Ақмола облысының Көкшетау облысының қазақтар 
патшаға тікелей хат жолдап, қазақтардың өз мүфтиін тағайындалуын сұрады. Бірақ патша қазақтардың 
бұл өтінішін орындаудан үзілді кесілді бас тартты. Мешіт салуға да рұқсат бермеді, соған қарамастан 
қазақтар оларды сұрамай ақ өз беттерінше салып ала бастады.1903 жылы Көкшетау, Петропавл, Ақмола, 
Павлодар,  Семей  қалаларда  мұсылмандардың  құпия  діни  ұйымдары  құрылды.  Оған  мұғалімдер  және 
қазақтың  студент  жастары  мүше  болып  тартылды.  Ол  ұйымдардың  қызметі  мен  міндеті  патша 
үкіметінің  дін  саласындағы  саясатына  қарсы  күрес  жүргізді.  Қозғалысты  Науан  хазірет  (Наурызбай 
Таласов), Мүхамеджан Бекішіов, Шәймерден Қосшығұлұлы және Ысмағұл Балжанов сияқты молдалар 
басқарды. Олар қазақ халқын бет бейнесін сақтап қалу үшін патша үкіметінің христиан дінің таратушы 
миссионерлер  қызметіне  қарсы  белсене  күрес  жүргізуіне  шақырды.  Атап  айтқанда  ,  олар  қазақ 
аласындағы  беделді  тұлғаларға  –  Павлодар  уезіндегі  Сәдуаққас  Шормановқа,  Семей  уезіндегі  Абай 
Құнанбайовқа арнайы хат жазып, көмек көрсетуін өтінді. [3] 
1907 жылы Омбы қаласында Дала генерал - губернаторының жанында арнайы кеңес өткізіліп, онда 
қазақ  қоғамындағы  рухани  өмірдің  кезек  күттірмейтін  өткір  проблемаларды  талқылады.  Кеңесте 
провославия дінің таратушы миссионерлердің қызметіне тиым салу талап етілді. Қазақтар провоцлавия 
дініне өтіп кеткендердің қайтадан Ислам дініне ешқандай кедергісіз емін еркін оралуын да талап етіп 
қойды,  Сондай  –  ақ  өзіндік  ерекше  Дала  муфтиат  ашу  қажет  деген  ұсыныс  жасалды.  Кеңеске 
қатысушылар  қазақ,  татар  және  араб  тілдерінде  шығатын  рухани  кітаптарға  цензуралық  бақылауды 
тоқтату жөніндегі мәселені көтерді. Алаш партия-сының бағдарламалық құжаттарында (1917ж) Ресейде 
қазақтар  жиі  тұратын  аумақтарда  патша  үкіметінің  христиан  дінің  таратушы  миссионерлік  қызметін 
тоқтату талап етілді. Кеңестік партия басшылығының исламға қатысы өзгеше сипат алды. Сонғы кездегі 
зерттеуші - ислам танушылар Кеңестік дәуірдегі мұсылман діннің «Коммунистік ислам» деп атап жур. 
«Коммунистік  ислам»  номенклатураға  ресми  билікке  бағынған.  Онда  дәстүрлі  мұсылмандық 
ғұрыптарға,  шариғатқа  шектеу  қойылады.  Исламның  осындай  өзгерген  формасы  Орта  Азияда 
коммунистік  идеология және  социалистік басқару  жағдайынан  көрінеді. Кеңес билігінің  реформалары 
(ұжымдастыру,  мәдени  революция)  қоғамның  дәстүрлі  қатынастар  жүйесін  бұзып  жіберді. 
Ұжымдастыру  қоғамның  төменгі  тобы  –  «қызыл  шолақбелсенділерін қолдауымен  жүрді және жоғары 
таптың  материалдық  артықшылықтарын  іс  жүзінде  жойып  тастады.  «Кеңестендірілген  ислам  немесе 
коммунистік ислам жағдайында діндарлар қызметі шектелді.  
Кеңестік марксистердің ұзақ жылдық жұмыстарының нәтижесінде діни сенімді әлсіреудің объективті 
және  субъективті  алғышарттары  жасалып,  жаңа  ұрпақты  діни  сенімнен  ада  етіп  тәрбиелеп,  тылсым 
күштерге деген сенудің күйреуінін жалпы сипаттамасын әзірледі. [4]. 
Шетелдіктер кеңестік еліндегі діни ахуал, дінге қарсы саясат туралы аз жазған жок. Солардың ішінде 
советолог  Баймырза  Хайттың  Германияда  «  Кеңестік  Ресейдің  Түркістандағы  ислам  дініне  қарсы 
саясаты  жөніндегі  докуметтері»  деген  құнды еңбегі жарыққа шықты.  Және  оның  Бүкіләлемдік  Ислам 
лигасының  журналында  КСРО-да  мұсылмандар  оқыған  діни  қайраткерлерсіз  қалды.  «Мешіттер  мен 
медреселер  жабылуда,  исламдық  діни  өмір  сеніммен  шектелген»  -  деп  жазған  мақаласы  кеңес  елінде 
буржуазияшыл деп сыналды [5]. 
Президент өзінің «Сындарлы оң жыл» еңбегінің «Дінде экстремизм жоқ» - деген бөлімінде атеистік 
саясаттың ауыр салдарына тағы да назар аударады: Қалай дегенмен, Кеңестік кезендегі Сенім мен діннің 
ондаған жылдар бойы тұншықтыруы іс – түссіз кетпегенін және дінге қарсы өткен ғасырдағы саясаттың 
жағымсыз салдары бүгінгі күні де белгі беріп отырғанын атап өткен жөн. /6/ 
Ұзақ  жылдар  бойы  мешіттерді,  шіркеулерді,  әулиелі  орындармен  басқада  киелі  ғимараттарды 
қаусарып-  қаңырату  жұмыстары,  дінге  қарсы  белсенді  насихаттар  мен  бүкіл  конфессиялық  ағым  дін 
басыларының, соның ішінде мұсылман дін басыларының өкілдерін қырып жою шаралары коммунизм 
құрлысымен  қатар  жүргізіліп  отырды.  Кеңес  өкіметі  тұсында  Сенім  үшін  қудалануды  Орта  Азия  мен 
Қазақстан халықтары өздерінің діни негізде қалыптасқан ұлттық мәдениетіне, дәстүрі мен салтына қол 
сұғу ретінде қабылдап, мұның өзі жағдайды ушықтыра түсті деп көрсетеді.  
151 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Жалпы тоталитарлық кеңестік жүйесінің өзіндік ерекшеліктері, әсіресе пролетарияттың мүддесінен 
келіп  туындайтын  екі  басты  сипатты  белгісі:  таптық  теория  мен  материалистік  тұрғыда  дінді  жоққа 
шығару, яғни атеизм болғаны белгілі.  
Коммунистік партия мұсылман дініне қатысты қатаң саясат ұстанды, сол себепті де барлық жағынан 
шектелген  «  Коммунистік  Ислам»  көрініс  тапты.  Тотаритарлық  жүйенің  ауыр  зардаптарының  біріне 
атеистік саясат нәтижесінде халықтың рухани – идеологиялық тұрғыда атеистендірілуі жатады. Соның 
салдары бүгінгі діни ахуалдын анық байқалады. Дінінен ажырап қалған посткеңестік аймақтарда әртүрлі 
бейресми  және  дәстүрлі  емес  діни  секталармен  миссионерлік  топтардың  белсенді  әрекеті  көрінеді. 
Сондықтан мұндай сыртқы діни факторларға дәстүрлі руханияты және діні берік ел ғана оған тосқауыл 
қоя алады деп ойлаймыз [7]. 
Әдебиеттер 
Кривец Е.А. Ислам в Центральной Азии М.,1999. С. 105-107 . 
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл А., Атамұра. 2003, 88-89б. 
Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және Ислам. (тарихи – мәдениеттанулық зерттеу) А., 2002. 180-181б. 
Төлендиев М. Дінге қарсы қарбалас саясат. //Заң . 2000. №1 ,58 б. 
Ермаков И. Микульский Д. Ислам в России. М., 1987.  
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл А.Атамұра 2003, 63-64б. 
https:\\wikimediafounndation.orq. 
 
Баяхметова Г.Т. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2-курс магистранты 
 
КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ИСЛАМ ДІНІНЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ 
 
Сондықтан  тоталитарлық  қоғамдағы  діннің  жағдайы  сондағы  мемлекет  пен  діннің  арақатынасы 
мәселесіне қатысты кеңестік биліктің тәжірибесін ескермейге болмайды. Президент өзінің «Сындарлы 
оң жыл» еңбегінің «Дінде экстремизм жоқ» - деген бөлімінде атеистік саясаттың ауыр салдарына тағы 
да  назар  аударады:  Қалай  дегенмен,  Кеңестік  кезендегі  Сенім  мен  діннің  ондаған  жылдар  бойы 
тұншықтырылуы іс – түссіз кетпегенін және дінге қарсы өткен ғасырдағы саясаттың жағымсыз салдары 
бүгінгі күні де белгі беріп отырғанын атап өткен жөн.  
Қоғамның рухани және саяси өміріне талдау жасауда дін және дінге қөзқарас мәселесі айрықша орын 
алады.  Дін  адамның  өміріне  дүниетаным-дық  рөл  атқаратындықтан  дінге  қатысты  саясат  үнемі 
қоғамдағы  революция-лар,  төңкерістер  мен  өтпелі  кезеңдерде  түбірлі  өзгеріске  ұшырайды.  Мемлекет 
пен  діннің  арақатынасы  туралы  мәселе  бүгінгі  күнде  дүние  жүзі,  әсіресе,  коммунистік  жүйе 
ыдырағаннан  кейін  тәуелсіздігін  алған  елдер  үшін  өзекті  мәселе  болып  отырғаны  белгілі.  Кеңес 
өкіметінің шектеушілік саясатына қарамастан дін мен діншілдік Кеңес Одағы тарағанға дейін жойылмай 
сақталып келді. Қазіргі кезде бүкіл кеңестен кейінгі кеңестік мемлекеттерінің барлығында дін және діни 
мекемелер  толық  құқыққа  ие  болған.  Көптеген  діни  конфессцияларды  біріктірген  тәуелсіз  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік дамуы үшін де бұл аса маңызды. Өзін зайырлы, демократиялық мемлекет 
ретінде  таныған  Қазақстан  қоғамының  дамуы  жағдайында  мемлекет  пен  дін  арасындағы  қатынастар 
сипатының қалыптасуы қоғамдағы жаңа демократиялық өзгерістердің маңызды бөлігі болып табылады. 
Қазіргі қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде дін қоғамның рухани дамуына оң ықпалын 
тигізіп,  соныменбірге  азаматтық  қоғамның  қалыптасуында  айтарлықтай  рөл  атқармақ.  Осыған 
байланысты елдегі көп конфессиялық құрылым икемді саясат жүргізуді талап етеді.  
Мемлекеттік  саясаттың  бір  бағыты  болып  саналатын  дін  саласындағы  саясат  ауқымында  мемлекет 
пен  діннің  арақатынасы  мемлект  пен  дін  ынтымақтастыының  бүгін  бар  және  ертең  болуы  мүмкін 
бағыттары  мен формалары  туралы  мәселе  маңызын  жоғалтпаған.  Сондықтан  тоталитарлық  қоғамдағы 
діннің  жағдайы  сондағы  мемлекет  пен  діннің  арақатынасы  мәселесіне  қатысты  кеңестік  биліктің 
тәжірибесін ескермейге болмайды. 
Сондықтан  тоталитарлық  қоғамдағы  діннің  жағдайы  сондағы  мемлекет  пен  діннің  арақатынасы 
мәселесіне қатысты кеңестік биліктің тәжірибесін ескермейге болмайды. Президент өзінің «Сындарлы 
оң жыл» еңбегінің «Дінде экстремизм жоқ» - деген бөлімінде атеистік саясаттың ауыр салдары-на тағы 
да  назар  аударады:  Қалай  дегенмен,  Кеңестік  кезендегі  Сенім  мен  діннің  ондаған  жылдар  бойы 
тұншықтырылуы іс – түссіз кетпегенін және дінге қарсы өткен ғасырдағы саясаттың жағымсыз салдары 
бүгінгі күні де белгі беріп отырғанын атап өткен жөн.[1]  
 
Қоғамның  рухани  және  саяси  өміріне  талдау  жасауда  дін  және  дінге  қөзқарас  мәселесі  айрықша 
орын  алады.  Дін  адамның  өміріне  дүниетанымдық  рөл  атқаратындықтан  дінге  қатысты  саясат  үнемі 
қоғамдағы революциялар, төңкерістер мен өтпелі кезеңдерде түбірлі өзгеріске ұшырайды. Мемлекет пен 
152 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
діннің  арақатынасы  туралы  мәселе  бүгінгі күнде дүние  жүзі,  әсіресе,  коммунистік  жүйе ыдырағаннан 
кейін  тәуелсіздігін  алған  елдер  үшін  өзекті  мәселе  болып  отырғаны  белгілі.  Кеңес  өкіметінің 
шектеушілік саясатына қарамастан дін мен діншілдік Кеңес Одағы тарағанға дейін жойылмай сақталып 
келді.  Қазіргі  кезде  бүкіл  кеңестен  кейінгі  кеңестік  мемлекеттерінің  барлығында  дін  және  діни 
мекемелер  толық  құқыққа  ие  болған.  Көптеген  діни  конфессцияларды  біріктірген  тәуелсіз  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік дамуы үшін де бұл аса маңызды. Өзін зайырлы, демократиялық мемлекет 
ретінде  таныған  Қазақстан  қоғамының  дамуы  жағдайында  мемлекет  пен  дін  арасындағы  қатынастар 
сипатының қалыптасуы қоғамдағы жаңа демократиялық өзгерістердің маңызды бөлігі болып табылады. 
Қазіргі қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде дін қоғамның рухани дамуына оң ықпалын 
тигізіп,  соныменбірге  азаматтық  қоғамның  қалыптасуында  айтарлықтай  рөл  атқармақ.  Осыған 
байланысты елдегі көп конфессиялық құрылым икемді саясат жүргізуді талап етеді.  
 1920-
жылдары Кеңестік партия басшылығының исламға қатысы өзгеше сипат алды. Сонғы кездегі 
зерттеуші - ислам танушылар Кеңестік дәуірдегі мұсылман діннің «Коммунистік ислам» деп атап жур. 
«Коммунистік  ислам»  номенклатураға,  яғни  ресми  билікке  бағынған.  Онда  дәстүрлі  мұсылмандық 
ғұрыптарға,  шариғатқа  шектеу  қойылады.  Исламның  осындай  өзгерген  формасы  Орта  Азияда 
коммунистік  идеология және  социалистік басқару  жағдайынан  көрінеді. Кеңес билігінің  реформалары 
(индустрияландыру,  ұжымдастыру,  мәдени  революция)  қоғамның  дәстүрлі  қатынастар  жүйесін  бұзып 
жіберді. Ұжымдастыру қоғамның төменгі тобы – «қызыл шолақ-белсенділердің қолдауымен жүрді және 
жоғары  таптың  материалдық  артықшылықтарын  іс  жүзінде  жойып  тастады.  «Кеңестендірілген  ислам 
немесе коммунистік ислам» жағдайында діндарлар қызметі шектелді. [2] 
 
Кеңес  өкіметінің  1917-1945  жж.  аралығында  мұсылман  дініне  қатысты  саясатына  арналған 
В.А.Ахмадуллин зерттеуінде Кеңестік Конституция мазмұнын талдау негізінде заң құжатының Қызыл 
Армияны  қалыптастыруда  таптық  қағидатты  біржола  бекітіп,  дін  басылардың  рөлін  әлсіреткенін, 
сонымен бірге кеңес билігінің дінмен емес, ең алдымен, діни сана иелері – жеке адамдармен күрескенін 
атап  өтеді.  Сол  себепті  діни  мәселе  дін  қызметкерлеріне  ықпал  етудің  бірнеше  жолдары  арқылы 
шешіліп,  біреулер  өлім  жазасына  кесілсе,  басқаларының  озі  әскери  қызметке  немесе  абақты  мен 
лагерьлерге  жіберу  арқылы  құртылды,  енді  біреулері  ынтымақтастыққа  баруға  ұмтылды.  Осыған 
байланысты зертеуші мұсылман қауымы арасында бұл тек 20-шы жж. соңына қарай жүзеге асқанын атап 
өтіп,  бұның  бір  себебін  молдалардың  белсенді  әрекеттерімен  байланыстырады.  Өйткені  1918  жылы 
молдалардың  неғұрлым  белсенді  бөлігі  өкіметке  хат  жолдап,  өз  пікірлерін  білдіргені  туралы  ақпар 
береді. 
 
Кеңестік  марксистердің  ұзақ  жылдық  жұмыстарының  нәтижесінде  діни  сенімді  әлсіретудің 
объективті және субъективті алғышарттары жасалып, жаңа ұрпақты діни сенімнен ада етіп тәрбиелеп, 
тылсым күштерге деген сенудің күйреуінін жалпы сипаттамасын әзірледі.  
Шетелдіктер кеңестік еліндегі діни ахуал, дінге қарсы саясат туралы аз жазған жок. Солардың ішінде 
советолог  Баймырза  Хайттың  Германияда  «  Кеңестік  Ресейдің  Түркістандағы  ислам  дініне  қарсы 
саясаты  жөніндегі  докуметтері»  деген  құнды еңбегі жарыққа шықты.  Және  оның  Бүкіләлемдік  Ислам 
лигасының  журналында  КСРО-да  мұсылмандар  оқыған  діни  қайраткерлерсіз  қалды.  «Мешіттер  мен 
медреселер  жабылуда,  исламдық  діни  өмір  сеніммен  шектелген»  -  деп  жазған  мақаласы  кеңес  елінде 
буржуазияшыл деп сыналды.[3] 
Ұзақ  жылдар  бойы  мешіттерді,  шіркеулерді,  әулиелі  орындармен  басқада  киелі  ғимараттарды 
қаусарып-  қаңырату  жұмыстары,  дінге  қарсы  белсенді  насихаттар  мен  бүкіл  конфессиялық  ағым  дін 
басыларының, соның ішінде мұсылман дін басыларының өкілдерін қырып жою шаралары коммунизм 
құрылысымен қатар жүргізіліп отырды. Кеңес өкіметі тұсында діни сенім үшін қудалануды Орта Азия 
мен Қазақстан халықтары өздерінің діни негізде қалыптасқан ұлттық мәдениетіне, дәстүрі мен салтына 
қол сұғу ретінде қабылдап, мұның өзі жағдайды ушықтыра түсті деп көрсетеді.  
Жалпы тоталитарлық кеңестік жүйесінің өзіндік ерекшеліктері, әсіресе пролетарияттың мүддесінен 
келіп  туындайтын  екі  басты  сипатты  белгісі:  таптық  теория  мен  материалистік  тұрғыда  дінді  жоққа 
шығару, яғни атеизм болғаны белгілі.  
1970-
71 ж.ж өнеркәсіпте істейтіндердің 1,6% - діни категорияға жатқызылса 1978 ж. 0,8 пайызы ғана 
өзін сенушіміз деп есептеген. Тағы бір мысал Қарағандыда 11 кәсіпорындар дінге сенушілердің үлесі – 
1,5 пайызды құраған.  
Коммунистік  партия  мұсылман  дініне  қатысты  қатаң  саясат  ұстанды,  сол  себепті  де  барлық  жағынан 
шектелген « Коммунистік Ислам» көрініс тапты. Тотаритарлық жүйенің ауыр зардаптарының біріне атеистік 
саясат нәтижесінде халықтың рухани – идеологиялық тұрғыда атеистендірілуі жатады. Соның салдары бүгінгі 
діни  ахуалдын  анық  байқалады.  Дінінен  ажырап  қалған  посткеңестік  аймақтарда  әртүрлі  бейресми  және 
дәстүрлі емес діни секталармен миссионерлік топтардың белсенді әрекеті көрінеді. Сондықтан мұндай сыртқы 
153 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
діни факторларға дәстүрлі руханияты және діні берік ел ғана оған тосқауыл қоя алады деп ойлаймыз. [4] 
Әдебиеттер 
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл Алматы: Атамұра, 2003. 88-89 б. 
Кривец Е.А. Ислам в Центральной Азии. М. 1999. С. 105-107 б. 
Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және Ислам. (тарихи – мәдениеттанулық зерттеу) А.,2002.180-181б. 
Төлендиев М. Дінге қарсы қарбалас саясат. //Заң. - 2000. №1. -58- б. 
 
Беркенов Е.Е. 
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 
 
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ
 
 
Түйін:  Азаматтық  қоғамның  қалыптасуы  мен  демократияның  жетілуі  билік  құзіретін  кеңейтумен  тікелей 
байланысты.  Сондықтан  мемлекеттік  басқаруға  азаматтардың  қатысуын  кеңейту  және  мемлекеттік  органдардың 
халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы 
мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді. 
 
 
Қай  елде  болмасын  басқарудың  екі  деңгейі  бар.  Ол  мемлекеттік  басқару  және  жергілікті  басқару 
болып бөлінеді.  
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 
2001  жылғы  23  қаңтардағы  Заңының  қабылдануымен  әрбір  билік  деңгейі  үшін  мемлекеттік 
функцияларды  жүзеге  асыру,  сондай-ақ  оларды  ретке  келтіру  жөніндегі  өкілеттіктер  мен 
жауапкершіліктерді  бекіту  мәселелері  реттелді.  Тұтастай  алғанда,  мемлекеттік  басқару  жүйесінің 
базалық негіздерін жасау аяқталды [1, 15 б.]. 
Қабылданған  Заңға  сәйкес  жергілікті  мемлекеттік  басқару  –  заңнамалық  актілерінде  белгіленген 
құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта 
мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - 
Қазақстан  Республикасының  Президентi  мен  Үкiметiнiң  жергiлiктi  атқарушы  органды  (ол  құрылған 
жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы 
орталық  мемлекеттiк  органдардың  барлық  аумақтық  бөлiмшелерiнiң  үйлесiмдi  қызмет  iстеуiн,  тиiстi 
бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдарға  басшылықты  қамтамасыз  ететiн,  Қазақстан 
Республикасының  заңдарына  сәйкес  мемлекеттiк  басқару  өкiлеттiгi  берiлген,  тиiстi  аумақтың 
әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi; 
Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:  
 1) 
жалпы  мемлекеттiк  сыртқы  және  iшкi  саясатқа,  қаржы  және  инвестициялық  саясатқа  сәйкес 
келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге; 
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға; 
3)  қызметтiң  қоғамдық  маңызы  бар  салаларында  белгiленген  жалпы  мемлекеттiк  стандарттарды 
ұстануға; 
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың 
өкілеттігін  күшейту  мәселесі  де  еліміздегі  демократияның  кең  қанат  жаюына  талпыныс  екені 
аян.Президент  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  “...Біз  мәслихаттарды  күшейтіп,  оларға  қосымша 
өкілеттіктер  беретін  боламыз...  Уақыт  өте  келе  аудандық  мәслихаттар  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын. 
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-өзі басқару органдарының 
сатылық  қалыптасуын  анықтады.  Енді  бүгін,  экономика  мен  мемлекеттігімізді  нығайтып,  аяғымыздан 
нық  тұрған  кезде  жергілікті  өкілетті  органдарды  күшейту  туралы  сөз  бастауымыздың  дұрыс  таңдау, 
дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас. 
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген 
кезде  ғана  табиғи  жолмен  келуіміз  керек.  Асығыстық  өзін-өзі  басқарудың  мәнін  жоғалтуға  немесе 
мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды 
қалыптастырудың  негізі  деп  атады,  өйткені,  жергілікті  өкілетті  органдар  мен  жергілікті  бірлестіктер 
органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды 
және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады. 
Барлық  елдерде  жергілікті  өзін-өзі  басқару  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  төменгі  буынынан,  яғни 
ауылдық  буыннан  басталған.  Дегенмен,  жергілікті  өкілетті  органдар  өзін-өзі  басқару  органы  сияқты 
биліктің өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-
154 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек [5, 34 б.]. Бұл 
жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді 
мәслихаттар  бекітеді.  Онда  мәслихаттар  туралы  заңға  да  түзетулер  енгізілуі  тиіс  еді.  Бюджетаралық 
қатынастар  проблемасының  үлкен  бір  бөлігі  –  бюджет  қаржысын  мақсатты  пайдалануды, 
басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  конституциялық-құқықтық  реттеудің  теориялық  базасы  Еуропа 
Хартиясы  бекіткен  муниципалды  демократия  мен  муниципалды  басқарудың  әлем  мойындаған 
құндылықтарынан  тұратыны  белгілі.  Олар  мыналар:  жергілікті  өзін-өзі  басқару  кез  келген 
демократиялық  құрылыс  негіздерінің  бірін  құрайды;  азаматтардың  мемлекетті  басқаруға  қатысу  құқы 
тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шынайы биліктің 
үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін 
мәселелерді үй ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап алуы 
керек және ол үшін қаржысы болуы қажет. 
Жергілікті  жерлерде  өзін-өзі  басқаруды  енгізу  Қазақстанның  бірнеше  халықаралық  саяси  инс-
титуттарға  және  үдерістерге  қатысуына,  бәсекеге  қабілетті  елдердің  қатарынан  көрінуіне,  ЕҚЫҰ-ны 
басқару  мақсаттарымызға  және  Президенттің  Қазақстан  халқына  биылғы  Жолдауын  жүзеге 
асыруымызға қызмет етуге тиіс. 
Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауының  екі  ерекшелігіне  тоқталсам  деймін.  Біріншіден,  онда 
халықтың  әл-ауқатын  жақсарту  мәселесі  нақтылы  цифрлармен  дәйектелген.  Әсіресе,  ана  мен  баланы 
әлеуметтік  жағынан  қорғауға  ерекше  көңіл  бөлінген.  Екіншіден,  Жолдауда  жергілікті  өкілетті 
органдардың жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына ризашылық сезімімізді 
білдіреміз. Бұл өзі  еліміздегі  саяси  реформаны жүзеге асырудың  заңды жалғасы деп білеміз. “Мәскеу 
бірден  орнаған  жоқ”  деген  қанатты  сөз  бар  ғой.  Сол  секілді  саяси  реформаны  жүзеге  асыру  әсіре 
науқаншылдықты, асығып, аптығуды көтермейді. Ол үшін, ең алдымен, тәжірибе жинақтауымыз керек. 
Мәселен,  өткен  жылы  аудандық,  қалалық  деңгейдегі  әкімдерді  депутаттар  корпусы  арқылы  сайлау 
басталды. Әкімдердің мәслихатта, депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті 
бюджетті  бекітіп,  оны  қадағалап  отыру  мәслихаттың  құзырында.  Міне,  енді  жергілікті  мәслихатқа 
қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр [7, 22 б.]. 
Елбасы айтқан қандай міндет пен тапсырма да еліміздің дәулеті мен Қазақстанды мекендеген ұлттар 
мен ұлыстардың бейбіт, тату-тәтті өмірін орнатуды мақсат тұтады. Ал оны жүзеге асыруда биліктің жер-
гілікті органдарының тиімділігін, халықтың өзі сайлап қоятын мәслихаттардың рөлін арттыру керек. Ол 
орталықсыздандырусыз жүзеге аспайды. Мәжілісте сөз алған сенаторлар, Сенат жанындағы Жергілікті 
өкілетті  органдармен  (мәслихаттармен)  өзара  іс-қимыл  жасау  жөніндегі  кеңестің  мүшелері  қоғамды 
демократияландырудың  бір  жолы  –  орталықсыздандыру  мен  жергілікті  өзін  өзін  басқарудың  өзекті 
мәселелерін ортаға салды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет