Қазақ инновациялық



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата15.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#9958
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41

Әдебиеттер  
1.
Акынова А.П. «Византия империясы және ғұндар (IV-V ғғ)» Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» 
№ 2 (06) 
2.Ғалымов  Е.«Алтынжалды  ойнатқан  Атилла  Рим  империясының  күйреуіне  себепкер  болған  еді»  Түркістан 
газеті, №21. 2016 ж. 
3.Жумагулов  К.Т.  Великое  переселение  народов  в  евразийском  пространстве.  Вестник  КазНУ,  серия 
историческая, вып. № 2 (25), Алматы, 2002, 9-12бет. 
4. Жұмағұлов Қ. Т. Ғұндардың Галлия жеріндегі шайқасы // ҚазҰУ хабаршысы 2001, № 186 бет. 
5.
Жумагулов. К.Т. «Аттила и Римское Папство» http://e-history.kz/ru/contents/view/1178 
6.Замятин Е.И. «Бич божи» Директ-Медиа, Москва 2014ж. 
7.Өтениязов С.«Ғұн дәуірі және еділ патша». Ата тілі газеті, 2016ж.№19.19-21 бет. 
8.Өтениязов С. «Ғұндардың мұрасы» Жалын журналы, 2004ж. №8. 
9.
Сыдыков А. Ж.IV-XI ғ.ғ. Византия және Түркі әлемі. А. 2010, 170 бет 
 
161 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Жолдыбаева Р.Т 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты 
 
БАТЫС ҒҰН ИМПЕРИЯСЫ 
 
Аннотация:  В  данной  статье  повествуется  об  истории  подчинения  аланов  и  германцев  гунами,  создавших 
Западно-гунскую империю в Европе.В статье ведется краткий обзор о походах и завоеваниях Западными гунами, 
которые объединили культуру Азии и Европы и оставили глубоки след во всемирной истории. 
 Summary: This article tells a story about history of conquering Alans and Germans by Huns, creators of Western-Hun 
Empire in Europe. The article is a short review about conquest and campaigns of Western Huns who united the culture of 
Asia and Europe and left the deep mark in the World’s History. 
 
Батыс Ғұн империясы - ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті.Батыс Ғұн империясының негізі алғаш 
б. з. II ғасырында Батыс Қазақстан жерінде, Каспий теңізі жағалауында қаланды[1]. Ғұндар сол өңірден 
өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, Ivғасырдың 70-жылдары Днестрге 
дейінгі  жерді  жаулапалды.  Ғұн әміршісі Руғила 420-жылдары бірте-бірте Дунайдың  солтүстік  жағасын 
жаулап алып, герман халықтарын ығыстыра ғұн империясының аумағын одан әрі батысқа осы өзеннің 
басталар  сағасына  қазіргі Швейцариядағы  Альпіге  дейін  кеңейтті.  Аттила  және Блада  кезінде 
440 
жылдары ғұн  империясының  территориясына Рейн,  Галлиядан  Идель  (Еділ)  өзеніне дейін жерлер 
кірді.  Империяның  шығыс  бөлігі  Оралдан  Карпатқа  дейінгі  болған  оқиғалар  туралы  ақпараттар 
аз, осы уақыттағы  деректердің  көпшілігі Аттиланың  ғажайып  батыстағы  және  орталық  Еуропадағы 
табыстары және екі Рим империясымен соғыстары туралы баяндайды. 
Олардан бірінші  болып жеңілгендер,  Азов  теңізі  өңірін  мекендеген  аландар  болатын  Керчь бұғазы 
мен Қырымдағы  Босфор  патшалығы  да  ғұндардың  соққысынан  құлады[2].  374-ші  жылы  Валамир 
алдымен Дон өзенін кесіп өтіп, остготторға шабуылын бастады. «Остготтардың билеушісі Германарик 
(Hermanric)  қарсыласқан соғыста жеңіліп  өзі-өзіне  қол жұмсады  да,  375-жылы  оның  орнына 
келген Ветхимир да беймәлім біреулер жағынан оққа ұшып, остготтар тізе бүгуге мәжбүр болды»[3]. 
375  жылы  Қара  теңіз  жағалауындағы  остготтарды  (Шығыс  готтар)  түгелдей  бағындырды, 
алвестготтар  (Батысготтар) Рим  империясының  территориясына  Дунайға  барып  паналады.  376  жылы 
Дунай аймағына көшкенвестготтар Рим үкіметінің рұқсатымен Рим провинциясы Мезииге орналастып 
әскери  қызмет  атқарды.  Сөйтіп  ғұндарға  Еділден Днестрге  дейінгі  жерлерді  мекендеген  тайпалар 
бағынды. Батыс Ғұндар 377 жылы Рим империясының Паннония аймағын (қазіргі Венгрия жерін) басып 
алып, оны ғұн мемлекеті құрамына кіргізді. Ғұн патшасы Руғила 433 жылы қайтыс болған соң, мемлекет 
билігі  оның  інілері  Ақтар  мен  Мыңзық  балаларына-  Бледа  мен Аттиланың қолына  көшті.  437  жылы 
ғұндар Рейн өзенінің бойында Бургун корольдігінің әскерін жеңгеннен кейін, барлық герман тайпалары 
ғұндарға  бағынышты  болды.  Шығыста-Рейінге  дейін,  солтүстікте  дат  аралдарына  дейін,  оңтүстікте-
Дунайдың  оң  жағалауына  дейінгі  жерлер  ғұндарға  бағынды.  Ғұндарға  қарсы  Рим  империясы  атынан 
вандал мен вестгот тайпалары ғана соғысты.Римге қарсы жорықты бастаушы - Аттила болды. 
«Аттила  441-  443 және 447-ші  жылдары  бірнеше  рет  Византияға әскер  аттандырып,  Балқан түбегін 
шапты. Византия елдігін сақтап қалу үшін ауыр шарттарға көнген[4].  
Аттила  мен  Бледаның  Византия  провинциясы  Иллирикке  (қазіргі  Сербия)  алғашқы  жорығы  441 
жылы басталды. Дунайдың бекінген қалаларын доңғалақты қамал бұзатын арбалармен ғұндардың басып 
алуын тарихшы Приск жеткілікті түрде толық сипаттайды: «ғұндар, өз әскерлерінің келесі жаққа өтуін 
жеңілдету  үшін  қаланың  оңтүстік  жағынан  төмен  Нишаву  өзені  арқылы  көпір  салды  және  өздерінің 
машиналарын  қаланы  қоршаған  қабырғаларға  таяу  әкелді.  Алдымен  олар  ағаш  платформаларды 
доңғалақтармен алып келді. Оларда әскерлер орналастырылған. Платформалардың артында орналасқан 
садақшылар дәл ата алатындай. Доңғалақтарды итеретін және машиналарды керек жерге жылжытатын 
адамдар тұрды. Платформада жауынгерлер қауіпсіз шайқасуы үшін және оларды атқыш снарядтар мен 
өртегіш  найзалардан  қорғау  үшін  үсті  терілермен  бірге  өрілген  қалың  талдан  жабылған.  Көптеген 
машиналар  қабырғаға  жақындатылған  кезде  қамал  қорғаушылары  ғұндардың  атқыштарының 
снарядтары  нөсерінен  бастиондарды  тастап  кетті.  Қамал  қорғаушылары  қабырғалардан  үлкен  қой 
тастарды  тастады.  Кейбір  платформа  ішіндегілер  жаншылып  қалғанымен  қорғаушылар  олардың  көп 
санына  қарсы  тұра  алмады.  Варварлар  тарандардың  соққысымен  тесілген  қабырға  арқылы,  сонымен 
қатар құрама сатылардың көмегімен өтіп кетті» [5]. 
Осы  кезде  римдіктер  өзері  вандалдық  іс  жасайды.  Белград  ауданында  қала  епископы  Марг  ғұн 
батырының қабірін тонайды. Батыр зиратында алтын заттар мен қымбат бағалы бұйымдар көп болған. 
Марг  ұсталады.  Содан  кейін  442-443 жылдары  Аттила  Сермиум  (Митровицы), София,  Наису  (Ниш), 
Марг  (Чуприя),  Ратиари  (Арчар),  Сингидунум  (Белград),  Филиппополь,  Виминациум  (Костолак) 
162 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
70 
қаланы  басыпалды.  Ғұндар  ары  қарай  Дунай  арқылы  шығыстағы  Ратиариға  (қазіргі  болгар  селосы 
Арчар) және Морав арқылы оңтүстіктегі Наиссаға (қазіргі сербтік Нишқа қарай) жылжыды, римдік көп 
жерлер мен қалаларды басып алды. 
Римдіктер  достық  қатынастарды  және  келісімдерді  бұзып,  Ғұн  империясынан  қашқандарды 
паналатқан  еді.  Сол  жылы  Аттила  Константинопольдегі  Шығыс  Рим  императорына  хат  жіберді.  Ол 
өктем  түрде  «қашқындарды  тез арада қайтарып  бер,  салықты  уақытымен төле және алдағы  салықтың 
мәселесін шешуге елшілеріңді жібер» - деді. Римдіктер бұл талапты орындамаған соң, ол сақадай сай 
дайын  тұрған  көп  әскерімен  баса  көктеп  кіріп,  көптеген  қалаларды  өзіне  қаратқан.  Аттила  447  жылы 
Константинопольге  жақыңдап  келсе  де  қалаға  кірмеген.  Мәселені  келіссөз  арқылы  шешіп,  тиісті 
салығын алып кейін қайтты. Византия императоры Феодосий II (408-450 жж) ғұндарға зор төлем төлеуге 
мәжбүр болды, Дунайдың оңтүстігін беруге келісті.Аттила келесідей талаптар қойды: 

Ғұн жерінен қашқан қашқындарды ұстап беру және Дунайдан Наисс пен Сердикке (қазіргі София) 
дейінгі жаулап алынған территорияда ауылшаруашылығы жұмыстарын тоқтату.  
Екі ел арасындағы келісім барысында Приск Паниский 447 жылы қазіргі Венгрия жерінде орналасқан 
Аттила қағанның ордасынакелген. Сөйтіп, ол кейінгі авторларға ғұндар әрекеттері мен Аттиланың өмірі 
жайындағы  негізгі  деректік  мәліметтерді  қалдырған.  Приск  контрибуция  шығынын  көрсеткен.  6000 
литраалтын  және  2100  литр  алтын  жыл  сайын  (1-  византия  литрасы  330  гр.  тең).  Сөйтіп,  Византия 
ғұндарға тәуелді елге айналған. Шығыс Рим империясын жыл сайын төлем төлеуге мәжбүрлеген Атилла 
Батыс Рим империясына шапқыншылық жасауға дайындалады.  
451 жылы болған Каталаун /Франция жері/ шайқасында Рим мен Ғұн арасындағы соғыста 200 мыңға 
жуық  адам  қайтыс  болған  екен.  451  жылғы  Каталаун  қырғынынан  кейін  Еуропада  ғұндарға  қарсы 
тұратын  ешқандай  әскери  күш  болмады.  452жылы  көктемінде  Италияға  басып  кіріп,  Аквилеяны, 
Конкордияны, Патавияны (қазіргі Падуя), Вецетияны (қазіргі Веченца), Веронаны, Бриксияны (қазіргі 
Брешия), Бергамоны, Миланды, Тицинді (қазіргі Павия), жаулап алды. Осыдан соң Аттила Римге бару 
ниетін  жариялады.  ІІІ  Валентиниан  Римнен  қашып  кетеді.  Рим  епископы  Ұлы  І  Леон  бастаған  Рим 
елшілігі  ғұндардың  көсемінен  «Мәңгі  қаланы»  талқандап,  тонау  райынан  қайтуды  сұрап,  Италиядан 
кетсе, орасан төлем беретінін айтады. Осылайша, Римді І Леонзор төлемдермен әзер аман алып қалды. 
Сөйтіп ғұндар Батыс Рим империясы территориясына толық иелік етті. Аттила Италияны түгел басып 
алды  және  императорды  Рим  империясы  үшін  қорлық  болып  табылатын  шарт  жасасуға  мәжбүрледі. 
Шығыс және Батыс Рим империясы жыл сайын ғұндардың басшысына төлем төлеуге міндеттенді. Бұл 
туралы тарихшы Приск Панний (Гот тарихы, VIII) еңбегінде былай деп көрсетеді: "Ешқашан, ешкімде 
бұрынғы Скифия әміршілері немесе тіпті басқа елдердің әміршілеріде қысқа уақыт ішінде мұншама іс 
жасауға  және  мұхит  аралдарын  және  барлық  Скифияны,  тіпті  Римдіктерді  өзіне  міндеткер  ете 
алмады...".  Ол  көптеген  мәселелерді  келіссөздер  арқылы  шешіп  отырған.  Аттиланың  тарихта  алатын 
орны дипломатиялық талантының ерекшілігінде болып табылады. 
453 жылы Аттила өлгеннен кейін Батыс Ғұн Империясы ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. 
Бұрынғы  үлкен  империя  құрамында  тек  ғұн  тайпалары,  яғни  түркі  тілдес  тайпалар  ғана  қалды.  VI  ғасырдан 
бастап  Батыс  Ғұн  империясы  “Уархундар  қағанаты”  (Арғындар  қағанаты)  деп  аталды.  Архун  қағанаты  VIІІ 
ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді. Баян хан тұсында күшейген Уархундар қағанатына Византия салық төлеп 
тұрды. Баян хан Арал теңізімаңынанТарниак, Котзагер, Забен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді. Уарғұндар 
қағанатын 798 жылы Франк королі - Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң ғұндар мемлекеті бас көтерген жоқ.  
Белгілі ғалым А.Н.Бернштам ғұндардың адамзат тарихындағы рөлін; “... Құл иеленушілік пен көне 
әлемдегі  (античный)  қатынастарды  жоюдағы  олардың  рөлін  прогрессивтік,  жаңа  әлеуметтік-
экономикалық  формация  -  феодализмді  тудыруға  қатысқан  құбылыс  деп  қарау  керек”  деп  бағалаған. 
Корытындылай  келсек,  ғұндар  бастаған  «халықтардың  ұлы  қозғалысы»  әлем  тарихында  орта 
ғасырлардың  қақпасын  ашып,  феодалдық  дәуірді  бастап  берді.  Ғұн  соғысынан  кейін  құл  иеленуге 
негізделген  Рим  империясы  ыдырап  Еуропада  ұлттық  мемлекеттер  пайда  болды.  Бұл  Еуропа  тарихы 
үшін  үлкен  прогресс.  Ғұндар  Еуразияның  саяси,  этникалық,  мәдени  бейнесін  өзгеріске  ұшыратты. 
Ғұндар  тек  жаулаушылар  ғана  емес,  олар  Шығыс  мәдениетінің  элементтерін  Батысқа  әкелушілер. 
Мысалы,  ғұн қару-жарақтарының  үлгілері:  бір  жүзді  қылыштар  мен  қанжарлар,  үшкір  басты жебелер 
және  атақты  ат  әбзелдері.  Бұларды  ғұндарға  дейін  Европа  білмеген  болатын.  Ғұндар  қару-жарағында 
ерекше орын алған садақ пен жебені жетілдіруде өте жоғары дәрежелерге қол жеткізілді. Сонымен қатар 
ғұндарда  зергерлік  өнерінің  тамаша  туындылары  бар.  Бұл  алтын  мен  күмістен  жасалған  диадемалар, 
алқалар,  сырғалар,  фибулалар  (сәнді  түйреуіштер).  Бұлар  үлгісі  бойынша  қазақтардың  зергерлік 
шеберлілігімен  үндесіп  отыр.  Ғұндар  негізінен  рулық-тайпалық  құрылыс  жағдайында  өмір  сүрген. 
Қоғамдық жағдайы жылқыға негізделген көшпелі өркениет ретінде сипатталады [6].  
Әдебиеттер  
163 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
1.«Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. 
2. 
«Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. 
3.
Ескендірұлы  С.  (Қытай  Халық  Республикасы)  «Батыс  ғұндары  және  олардың  Еуропадағы 
ықпалы»,Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 1. 
4. 
Бұлда сонда. 
5. 
ЖумагуловК.Т.«Гуннский союз племен в Центральной Азии и Великое переселение народов на Евразийском 
континенте»,  ҚР-ның  тәуелсіздігінің  10  жылдығына  арналған  «Еуразия  ғасырлар  тоғысында»  атты  халықаралық 
симпозиум материалдары, - Астана, 2002. 201-202 бет 
6
. Акынова А.П.«Византия империясы және ғұндар (IV-V ғғ)» Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» 
№ 2 (06) 
7.
Жумагулов К.Т. «Аттила и Римское Папство» http://e-history.kz/ru/contents/view/1178 
 8.
Ғалымов  Е.  «Алтынжалды  ойнатқан  Атилла  Рим  империясының  күйреуіне  себепкер  болған  еді»Түркістан 
газеті, №21. 2016 ж. 
9. 
Сыдыков А. Ж.IV-XI ғ.ғ. Византия және Түркі әлемі. А. 2010 170 бет 
10. 
Өтениязов С.«Ғұн дәуірі және еділ патша». Ата тілі газеті, №19. 2016ж

 
Кәрім Н.Б. 
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай қ. 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІНДІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация: В статье даны определения понятию самоотношение, его структуре, уровню сформированности. А 
так же рассматривается особенности самоотношения подростков. 
Summary:  In article definitions are given to concept the self-relation, to its structure, formation level. And is also 
considered features of the self-relation of teenagers. 
 
Өзіндік  сана  феноменінің  психологиялық  табиғатын  түсіндіріп,  анықтауда  түрлі  терминдер 
қолданылады:  «Мен»,  «Мен-тұжырымдамасы»,  «Мен-  бейнесі»,  «Өзінділік  (самость)»  т.б.  Аталған 
терминдер  бір-біріне  жақын  болғанмен  бір  емес,  бір-біріне  сәйкес  келмейді.  Отандық  және  Ресейлік 
әдебиеттерде  өзіндіксана  адамның  өзін  іс-әрекет  субъектісі  және  әр  түрлі  психикалық  күйлердің  иесі 
ретінде тану үрдісін айтады. Аталған таным үрдісінде адамның өзіне деген эмоционалды-құндылықты 
қатынасы қалыптасып, дамиды. 
 
Өзіндік  сананы  теориялық  негізін  түсінуде,  эксперименталды  зерттеуде,  құрылымдық 
ерекшеліктерін,  өзіндіксананың  даму  көздерін  айқындауда,  жеке  тұлғалық  бағдар,  даму,  сана  мен  іс-
әрекет бірлігі және тарихи сияқты әдіснамалық принциптер негізге алынады.  
 
И.  И.  Чеснокованың  айтуынша,  өзіндіксана  психологиялық  талдауда  күрделі  психикалық  үрдіс 
болып табылады. Оның мәні басқа адамдармен қарым-қатынастың барлық формаларында, іс-әрекет пен 
мінез-құлықтың  әр  түрлі  жағдайларында  тұлғаның  өзінің  түрлі  «бейнелерін»  қабылдауында  және 
аталған «бейнелердің» тұтас құрылымға-елестетулерге бірігуінде, нәтижесінде тұлғаның өзінің «Менін» 
басқалардан  ерекшеленетін  субъект  ретінде  тануында  ашылады.  Өзіндіксана  актлерінің  нәтижесінде 
бейнелердің санының артуына байланысты бұл құрылым күрделене түседі. Және өзі туралы елестетулер 
мен  түсініктерге  интеграциялану  арқылы  барынша  дамыған,  терең  және  адекватты  өзіндік  «Мен» 
бейнесі қалыптасады [1]. 
Өзіндік  сана  күрделі  психикалық  құрылым  болып  табылады.  Оның  құрылымына  бірнеше 
компоненттер  кіреді.  Өзіндік  сананың  компоненттері  мен  олардың  функцияларына  қатысты 
зерттеушілердің  пікірлері  сәйкес  келмейді.  Отандық  және  Ресейлік  психологияда  бұған  ерекше  назар 
аударады.  Кейбір  авторлар  өзіндіксананың  құрылымнда  негізгі  екі  компонентті  бөліп  көрсетеді: 
когнитивті және эмоционалды немесе аффективті [2]. Кейбір авторлар мұнымен шектеліп қалмай бұған 
өзін басқару, еріктік компонент, функционалды-мінез-құлықтық компоненттерді қосады. 
B. C. Мерлин өзіндіксананың құрылымында төрт компонентті бөліп көрсетеді. Аталған компоненттер 
өзіндіксананың фазаларын анықтайды: 
1. 
«Менін» ұғыну. 
2. «Ұқсастықты» ұғыну.  
3. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну. 
4. Әлеуметтік-адамгершілік өзіндікбаға. 
Автордың пікірінше, барлық төрт компонент генетикалық және функционалдық байланыста жүзеге 
асады. Оның пікірінше, генетикалық жағынан «ұқсастықты» саналы түрде ұғыну бірінші жүреді. Оның 
алғашқы  нышандары  бала  сыртқы  дүние  заттарының  әсерінен  туған  проприоцептивті  түйсінулерді 
айырып, түсіне бастағанда пайда болады. Кейінірек өзінің «Менін» ұғыну пайда болады. Өзінің «Менін» 
164 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
танудың  алғашқы  көріністері  жіктік  есімдіктерін  қолдануда  және  кейбір  әрекеттерді  өз  бетімен 
орындауға  талпынудан  және  негативизмнен  көрінеді.  Жасөспірімдік  шақта  өзінің  қасиеттерін  ұғыну 
және өзін бағалау пайда болады [3]. 
В.В.  Столиннің  зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей,  эмоционалды-  бағалаушылық  жүйе  ретіндегі 
өзіндікқатынастың  макроқұрылымында  үш  эмоционалды  өлшем  жатыр:  өзін  қадірлеу,  аутосимпатия 
және  өзіне  деген  қызығушылық.  Бұл  өлшемдер  құрылымның  адитивтілігі  салдарынантұлғаның  өзіне 
деген жағымды, не жағымсыз сезімін туғызады [4]. 
 
Бұл қатынас позитивті («Мен» өзін шыңдап, дамытуға себепші болатын жағдай), негативті («Мен» 
өзін  шыңдап,  дамытуға  кедергі  болатын  жағдай),  конфликті  («Мен»  өзін  шыңдауға,  дамытуға  бір 
жағынан себепші, бір жағынан кедергі болатын жағдай). 
 
Өзіндік қатынас субъект үшін өзінің «Менін» ұғынуы, өзінің «Меніне» қатысты тұрақты сезім десе 
болады. Өзіндік қатынас жалпылығына қарамастан спецификалық модальді өлшемдерден тұрады, олар 
эмоционалдық реңкі жағынан, семантикалық мазмұны жағынан өзгеше болуы мүмкін. 
 
Өзіндік  қатынастың  құрылымын  зерттей  келе,  авторлар  өзіндікқатынас  қорғаныс  механизмдерінің 
көмегімен  қалыпты  деңгейде  сақталып  тұруы  мүмкін  деген  болжамды  ұсынады  [75].  «Мен» 
құндылығын сақтау, мінез-құлықты басқару және бағытын айқындау үшін өзіндіксана сезімдер мен әр 
түрлі ойларды өңдеудің ерекше тәсілін немесе механизмін жасап шығарады.  
 
Мысалы И.С. Кон былай деп жазады: «Индивидтің іс-әрекеті неғұрлым күрделі, әрі сн алуан болған 
сайын  оның  өзіндікқатынасы  барынша  дифференциалды  және  нәзік  бола  бастайды.  Сондықтан  ішкі 
келісім мен өзінің «Менінің» тұрақтылығын сақтау қиынға соғады. Адам психикасы өзін қолдауда бір 
қатар құралдарды қолданады. З. Фрейд ... оны қорғаныс механизмдері деп атаған» [17]. 
 
В.В.  Столин  өзіндіксананың  екі  түрін  бөліп  көрсетеді:өзінің  белгілі  бір  қылығын  мойындауға 
негізделген  өзіндік  сана  (өзіне  деген  негативті  эмоционалды-құндылықты  қатынасты  қабылдайды. 
Констатациясы-  мен  жаманмын).  Өз  қылығын  мойындамауға  негізделген  өзіндіксана(өзіне  деген 
негативті қатынасты қабылдамау). Өзіндіксананың бірінші типінде өзіне деген позитивті қатынас орнату 
басты  мақсат  емес,  бұл  қатынас  (конфликтілі  мән)  өзі  туралы  жаңа  ақпарат  іздеу  керек  екенін, 
туындаған  мәселелерді  шешу  керектігін  көрсететін,  индикатор  қызметін  атқарады.  Өзіндіксананың 
екінші типінде өзіндікқатынасты сақтау басты мақсат болып табылады. Бұл жағдайда «конфликтілі мән» 
өзінің «Менін» жаңа ақпараттан қорғау қажеттілігін көрсететін сигнал болып табылады. Өзіндіксананың 
бірінші типінде тұлға белгілі бір іс, қылық, мінез арқылы өзіне деген позитивті қатынасқа лайық болуға 
тырысады. Өзіндіксананың екінші типінде психологиялық қорғаныс механизмдері әсері нәтижесінде өз 
іс-әрекеттері мен қылықтарын өзінен оқшаулау арқылы өзіне деген позитивті қатынасты ұстап тұрады 
[4]. 
 
Сонымен  жоғарыда  айтылғандарды  есепке  ала  отырып,  біз  өз  жұмысымызда  В.В.  Столиннің 
негіздеп, С.Р. Пантилеевтің еңбектерінен көрініс тапқан өзіндікқатынастың анықтамасына негізделеміз. 
Сонымен өзіндікқатынас дегеніміз - субъектінің өзіне деген жалпыланған, тұрақты көпшілік жағдайда 
бейсаналы қатынасы [4].  
 
Өзіндік  қатынас  позитивті  (өзін  қабылдау),  негативті  (өзін  қабылдай  алмау)  және  бейтарап 
(конфликтілі)  болуы  мүмкін.  Өзіндік  қатынастың  құрылымын  «өзін  басқару»,  «өзіне  сенімділік», 
«бейнелі өзіндікқатынас», «өзіндік құндылық», «ішкі конфликтілік», «өзіндік өзгеру», «өзін қабылдау» 
сияқты өлшемдермен анықтауға болады. 
 
Өзіндік сананың дамуы жасөспірімдік және ерте жастық шақта айтарлықтай жарқын және көрнекті 
болып табылады. 12 жасқа қарай жасөспірімдерде өз ішкі дүниесіне қызығушылығы күшейеді, өзін-өзі 
тануының  біртіндеп  күрделенуі  мен  тереңдеуі  байқалады,  сонымен  қатар  оның  саралануы  мен 
жалпылануының  күшеюі  орын  алады,  мұның  бәрі  өзі  туралы  біртұтас  жеке  тұлға  ретінде  тұрақты 
түсініктің қалыптасуына (15, 16 жаста) әкеледі. 
 
Жасөспірімнің өзіндік санасына ересек тұлғаның өзіндік санасының когнитивтік, эмоциялық, мінез-
құлықтық  секілді  барлық  құрамдас  бөліктері  кіреді.  Бірақ,  жасөспірімнің  "Мен"  аясында  эмоциялық 
құрамдас  бөліктің  басым  болуы  атап  өтіледі.  Бұл  өзіне  деген  эмоциялық-құндылықты  қатынас 
жасөспірімнің ішкі өмірінің жетекші уайымы болып табылуына, сыртқы бағаларды қабылдауы мен өзін-
өзі  қабылдауын  шиеленістіруге  және  когнитивті  құрамдас  бөліктің  дамуын  айтарлықтай  кідіртуге 
әкеледі. 
 
Д.В.  Ольшанскийдің  пікірінше  жасөспірімдік  шақтағы  дамудың  мәні  өзін  нығайтуға  ұмтылыс,  өз 
"Менін"  кей-кейде  белгісіз  біреулерден  қорғап  қалу  мен  саралау  болып  табылады.  Психологиялық 
тұрғыда  бұл  жасөспірімнің  екі  ескі  рационалды  және  эмоциялық  бөліктерінен  құрала  бастаған  сол 
біртұтас "Менін" меңгеру кезеңі.  
 
И.В.  Борисованың  пікірі  бойынша  жасөспірімдік  шақтағы  өзіндік  сананың  ерекшелігі  бұл  кезеңде 
165 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
алғашқы  рет  жеке  тұлғаның  дамуында  өзіндік  сана  актілері  -  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  бақылау,  өз-өзіне 
қатынасы,  мінез-құлқын  өздігінен  реттеуі  жеке  тұлға  қажеттіліктерінің  бірі  бола  бастауында. 
Жасөспірімдік  шаққа  дейін  өзіндік  сананың  дамуы  бей-берекет,  көбіне  субъектінің  оның  қалыптасу 
үрдісіне  қатысуынсыз  жүзеге  асады.  Өзіндік  сана  дамуының  бей-берекеттілік  желісінің  сақталуымен 
қатар бұл кезеңде субъектінің осы үрдісте белсенділігін керек ететін оның дамуының тағы бір негізгі 
желісі пайда болады. "Мен кейпі" мазмұнын талдау жасөспірімдік және ерте жастық шақтардың шегінде 
өзіндік  сананың  когнитивті  құрамдас  бөлігінің  дамуында  өзіндік  сананың  жаңа,  жоғарырақ  деңгейге 
өтуін сипаттайтын елеулі өзгерістер жүретінін көрсетті.  
 
Осылайша,  жасөспірімдік  шақта  өзіндік  сана  өзінің  күрделенуі,  тұрақталуы,  сипаттарының 
саралануы  және  олардың  бірыңғай  тұтас  жүйеге  біріктірілуі  жағына  қарай  айтарлықтай  өзгерістерге 
ұшырайды.  Біздің  пікірімізше  жасөспірімдік  шақта  өзіндік  сана  қарқынды  қалыптасуы,  жүйеленуі, 
сондай-ақ өз "Мені" туралы түсініктің тұрақталуы ерекше маңызды болып табылады. Өзіндік сананың 
эмоциялық  құрамдас  бөлігінің,  яғни,  өзіне  қатынасының  қалыптасу  үрдісі  әсіресе  айқын  өтеді.  Өзіне 
қатынасының қалыптасуы үздіксіз үрдіс болып табылады. Оның барысында құрылымдық және үрдістік 
құрамдас  бөліктер  белгілі  бір  серпінге  ұшырайды.  Берілген  фактіні  ескерсек,  дәл  осы  жасөспірімдік 
кезең  бұл  психологиялық  феноменнің  дамуына  неғұрлым  синзетивті  болғандықтан,  оны  осы  кезеңде 
зерттеу неғұрлым маңызды болып көрінеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет