Байланысты: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)
Зерттеудің дереккөздері. Жұмыста ағылшын және қазақ тілдеріне қатысты салыстырмалы-тарихи тұрғыда жазылған кешенді ғылыми еңбектерден, сөйлеу тіліндегі этикет тілдік бірліктеріне қатысты материалдар сұрыпталып пайдаланылды. Атап айтсақ, Шадкам З. «Мәдениетаралық қарым-қатынас (Сөйлеу этикеті): оқу құралы», Қобыланова А. «Қазақ сөз этикеті», фон Гумбольдт В. «Избранные труды по языкознанию», Формановская Н.И. «Речевой этикет и культура общения», Сыздықова Р. «Сұхбаттасу мәдениеті», Томанов М., Сайрамбаев Т. «Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар», Сыздық Р. «Сөз құдіреті», И.С. Кона «Словарь по этике», Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. «Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного», Brown P., Levinson S. С. «Politeness: Some Universals in Language Usage», Ervin Tripp S.M. «Language Acquisition and Communicative Choice» және т.б. еңбектерімен қатар ірілі-ұсақты сөздіктер мен сөздікшелер, анықтағыштар қазақ тілі және ағылшын тілінің лексикасының қорын молайта түсті.