«It doesn’t hurt to ask». «My mother won’t buy me a new bicycle. – You can try to talk with her anyway. It doesn’t hurt to ask».
Сөз этикетінің регулятивті қызметі этикет тілдік бірліктердің волюнтативтік, аппелятивтік, фатикалық, конативтік, эмотивтік қызметімен тығыз байланысты параллельді түрде жүзеге асырылады. Себебі этикет тілдік бірліктердің қай-қайсысы болмасын адамның жас, жыныс, әлеуметтік, туыстық т.б. да ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Мысалы, аппелятивтік қызмет атқаратын тілдік бірліктердің өзін балаларға қарата айтылатын, көпшілікке қарата айтылатын, әйел адамдарға қарата айтылатын, ересектерге қарата айтылатын, туыстық қатынасқа байланысты қолданылатын этикеттер деп жіктеуге болады. Сондай-ақ, этикет тілдік бірліктердің бірқатары барлық адамдарға ортақ қолданылса, енді бірқатары тек белгілі бір ерекшелігіне байланысты ғана қолданылады. Қазақ тіліндегі Көп жаса! этикетін негізінен жасы үлкен адам өзінен жасы кішіге қарата қолдансы, Қал қалай? амандасу формасы жақсы таныс, жастары шамалас адамдар арасында ғана қолданылады да, ресми орындарда қолданылмайды, ал Сәлеметсіз бе? формасы көбінесе жасы үлкен адамдарға қарата қолданылады [4, 68].
Қазақ және ағылшын тілдерінде, коммуниканттар арасындағы күнделікті қарым-қатынас кезінде амандасу, қоштасу, тілек білдіру, кешірім сұрау, алғыс айту т.б. мақсатта қолданылатын түрлі этикет тілдік бірліктердің әрқайсысының өзіндік мазмұны, қолданыс ерекшеліктері, ұлттық-мәдени, әлеуметтік сипаты бар.
Достарыңызбен бөлісу: |