Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе



бет6/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден,негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, пайдаланылған материалдар мен дереккөздерден тұрады.


1 ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысының зерттелуі және тіл, мәдениет пен жеке тұлға үштігінің негізінде пайда болған «Лингвокультурология» – «Лингвистикалық мәдениеттану» (ЛМТ) пәнінің шығу тарихы, зерттеу объектісі мен анықтамалары берілді. Лингвистикалық мәдениеттану – тіл білімі мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, этностың мәдениетінің тіліне әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет көтерген ғалымдар Я.Гримм, Р.Раск, А.А.Потебня. Белгілі тіл маманы В.фон Гумбольдт зерттеулерінде төмендегідей ой-тұжырымдар жасайды: 1) материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді; 2) кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай ерекшелік тілдік жүйеде айқын көрінеді; 3) тіл – адам және қоршаған ортаның арасындағы жалғастырушы буын; 4) «халықтық рух» пен мәдениеттің белгісі – ішкі форма тілге тән [1, 64].

Лингвистикалық мәдениеттанудың басты міндеті – халықтың мәдениетінің тілге әсер етуін жүйелі түрде көрсету және олардың өзара байланысы мен дамуын анықтау. Көп ретте ЛМТ этнолингвистика пәнімен байланысты, біраз мәселелерді шешуде ғылыми қағидалары мен әдістері ұқсас. Ғалым В.Н.Телияның пікірінше, ЛМТ – тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлігі.

Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы көптеген пәндердің назарын аударады, соның ішінде әлеуметтік лингвистиканы атауға болады. Бұл пән тілдің қоғамға және қоғамның тілдің дамуына әсерін, яғни, тілді қоғам дамуына қатысы тұрғысынан алып зерттейді. Жұмыс барысында коммуникация процесіндегі тұлғалардың сөйлеу әрекетіне әлеуметтік факторлардың әсер етуін және олардың сөйлеу дағдысында қандай көрініс табатындығы байқалды. ЛМТ-ның зерттеу пәні ретінде төмендегідей объектілерді атауға болады: 1) эквивалентсіз лексика мен лакуналар; 2) аңыздар, ырымдар және салт-дәстүрлердің тілдегі формалары; 3) тілдің паремиологиялық қоры; 4) тіл және дін өзара қатынасы; 5) сөйлеу әрекеті; 6) сөйлеу этикеті және т.б. Жоғарыда аталған бірліктердің ішінде сөйлеу этикеті қарым-қатынас процесінің ұлттық-мәдени элементі болғандықтан, оның барлық формалары мен бірліктері ЛМТ пәнінің тұрғысынан қарастырылуы қажет. Қатынасты орнату, жалғастыру және доғару функцияларын атқаратын сөйлеу этикетінің амандасу, қаратпа және қоштасу формаларына талдау жасалынды.

В.В. Воробьевтың пікірінше «лингвистикалық мәдениеттану – тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мен өзара әсерін қазіргі заманғы қоғамда қалыптасқан қоғамда норма мен жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, олардың қолданысы арқылы, жүйелі әдістер арқылы тілдік және мәдени мазмұндағы бүтін бір құрылымдық бірлік ретінде көрсететін синтез түріндегі кешенді ғылыми пән» [2, 25]. Коммуникативтік актіде маңызды рөл атқаратын сөйлеу этикетіне берілген анықтамаларға талдау жасалынды. Коммуникативтік акт дегеніміз – белгілі бір ойды баяндау және хабар алмасу, оған кем дегенде екі адам, яғни, хабарлаушы мен қабылдаушы қатысады. Қарым-қатынас процесінің төрт құрамдас бөлігі болуы шарт, олар – сөйлеуші, тыңдаушы, тіл және талқылау тақырыбы. Сөйлеу әрекеті негізгі құралы ретінде тілді қолданатын, өзінің белгілі бір себебі, мақсаты және нәтижесі бар құбылыс. Қарым-қатынастың мақсаты мен өтіп отырған орнына, коммуниканттардың саны мен айқындамаларына байланысты қатынастың бірнеше түрі белгіленген. Қатынастың кез келген түрінде коммуниканттар белгілі ережелер жүйесіне сүйеніп, бір-бірімен араласады. Сөйлеу мәдениетінде сөйлеуші мен тыңдаушыға қатысты жүріс-тұрыс қағидалары қалыптасқан. Олардың көбі әдептілік және сыпайылық, мәдениеттілік пен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білу ұғымдарымен тығыз байланысты. Адресат пен адресанттың коммуникативтік актідегі іс-әрекеті қандай ережелерге сай болатыны жөнінде және осы қағидалардың өзі жұмыстың бұл бөлімінде көрсетілді [2, 35].



Сөйлеу этикеті дегеніміз – коммуниканттардың қатынас орнату, қолдау және доғару қызметтеріне тән, әлеуметтік белгілермен анықталған ұлттық-мәдени ерекшеліктердің жиынтығы. Тілдік амал-тәсілдер әлеуметтік белгілерге байланысты түрленіп отырады, бұл мәселені әлеуметтік лингвистика пәні қарастырады. Сөйлеу этикеті әңгімелесушілердің жасы, жынысы, қоғам мен отбасындағы орны, лауазымы, мамандығы, тұратын жері т.б. белгілер бойынша реттеуші қызметін атқарғандықтан, белгілі бір қарым-қатынас жағдайында коммуниканттардың арасындағы қатынасты реттеп отырады. Коммуникативтік актіде тұлғалар әлеуметтік белгілер бойынша «жоғары – тең – кіші», жас мөлшеріне байланысты «жасы үлкен – қатарлас – кіші» болып жіктеледі. Егер әңгімелесушілердің екі немесе одан да көп сипаттары бір деңгейде болса, коммуникация симметриялы, егер олар елеулі белгі-нышандар бойынша ерекшеленетін болса, қарым-қатынас асимметриялы болғаны. Сөйлеу жағдайларының соңғысында адресат пен адресант бір-біріне бейімделіп, сөйлеу этикетінің ерекше формаларын қолданады [3, 18].

Қарым-қатынас процесінде әлеуметтік белгілердің ішінде ең негізгілерінің бірі – жас мөлшері, бұл критерий бойынша коммуниканттарды бірнеше топқа бөліп, әрқайсысының сөйлеу дағдысын қарастыруға болады. Жас ерекшелігіне қарай коммуникативтік актіге қатысушыларды балалар, жастар, орта буын өкілдері мен үлкен кіілер деп топтастыру мүмкіндігі туды. Дипломда аталған әр топтың өкілдерінің сөйлеу әрекеті қазақ тіліндегі көркем шығармалар мен олардың аудармалары негізінде қарастырылды.

Коммуникативтік актіде тұлғалардың биологиялық ерекшеліктері (жынысы) бойынша ер адамдар мен әйелдердің сөйлеу дағдысын қарастыруға болады. Әңгімелесушілердің мамандығы мен кәсіби ортасы олардың сөйлеу әрекетіне әсер етіп, ізін қалдырып отырады. Демек, адресат пен адресант қарым-қатынас барысында қызмет ететін өндіріс саласы немесе жұмыс бабына сай сөздер мен сөз тізбектерін, сөйлеу мәнері мен арнайы тілдік амалдарды қолданады, олардың арасында сөйлеу этикетінің белгілі бір формалары болады.

Тұлғалардың қоғамдағы орны, мәртебесі, лауазымы және мамандығы олардың сөйлеу әрекетінің сөз әдебіне сай келуі немесе кейбір ауытқушылықтардың болуына әсер етеді [3, 26]. Адамдардың білім дәрежесі оларды әдеби тіл және ауызекі сөйлеу тілін қолданушылар деп бөлуге мүмкіндік береді. Қарапайым тілде сөйлеушілер тіл тазалығы мен этикет қалыптарына көп көңіл бөлмейді, олар одағайлар мен кірме сөздерді, анайы формаларды қолданады. Ал әдеби тілде сөйлеуші зиялы қауым өкілдерінің сөйлесімі жұмсақ әрі таза, сыпайылық пен мәдениеттіліктің жарқын көрінісі болып есептеледі, мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет