Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе


Этикет ұғымы. Сөйлеу этикеті және қарым-қатынас



бет8/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

Этикет ұғымы. Сөйлеу этикеті және қарым-қатынас

Этикет ұғымы. Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. «Этикет» сөзі француз тілінен аударғанда «рәсімді реттеуші нұсқау қағаз, этикетке, рәсім өткізу тәртібі» деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау

ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтежиесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б. Орыс тіліндегі сөз этикетін зерттеуші белгілі ғалым Н.И. Формановская өз еңбегінде: «Қостілділік жағдайында орыс тіліне тән аты мен әкесінің атын қосып айтатын арнайы-ұлттық форма одақтас республикалар тұрғындарының тілінде қалыптасқан формаға айналды деп тұжырым жасауға болады» – деп жазғанменен мұндай форманың қазақ сөз этикетінде жалпы халықтың қажеттілігін өтейтін қолданысқа айналмағандығын күнделікті тіл тәжірибесі көрсетіп отыр [4, 34]. Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін. Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті «этикет патшаларды құл етті» деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте орын алып отырғаны белгілі. Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі – гуманизм [4, 36]. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері. Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі – екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым. Этикеттің кейбір ұстанымдары.Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім,яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өзісін жетік білетін қағілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасына ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті – іс-әрекет ұстанымдары бар. Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес аадамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім – адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көмеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше, адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын, үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады. Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу – тек іскердің емес, жалпы әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі – қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, қалай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу. Әдеп амандасудан басталады. Амандасу – адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде «сәлем түзелмей әлем түзелмейді», «сәлеміміз түзу», «сәлемнен кете қойған жоқпыз» деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақалда жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу – әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білген жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, Басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс [2, 96].

М. Томанов пен Т. Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар» атты оқу құралында былай деп жазады: «Сөйлеуші «апа», «аға» деп атағанда сөз арналған кісінің атын да қоса еске алатыны белгілі. Дегенмен, зат есімдердің бұл тобының қолданылуындағы мынадай ерекшеліктерді де айту керек: ең алдымен, бұлар кез келген кісіге қатысты айтыла алады. «Апа» – кез келген жасы үлкен әйел, «аға» – кез келген жасы үлкен ер кісі бола алады, оның аты Оспан да, Омар да, Әли де, Ғали да, немесе Андрей де, Иван да болуы мүмкін. Яғни, кісілердің «апа», «аға» деп аталатын топтарын білдіреді, жеке топтың аты болады да, жеке кісіні түстеп, түрлеп анық көрсетпейді. Екінші жағынан бұлар барлық уақытта тек туыстық, семьялық қатысты білдіру мағынасында қолданыла бермейді» [5, 69].

Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі-бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігін туындайды. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу – үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентіңді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш айтса жөн. Бұл – оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл адара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді. Мәдениет адамның жеке басына тән қасиеттен бастап бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр мен рухани, материалдық байлықтың бәрін қамтитын өте күрделі ұғым. Мәдениет адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен, олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінеді. Белгілі бір қоғамның, мемлекеттің, этностың, ұжымның мүшесі ретінде адамдар бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Өзара алуан қырлы қарым-қатынас жасайды. Адамдардың қоғамның өзге мүшелерімен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы этикет нормалары арқылы жүзеге асатыны белгілі [4, 35].

Кез келген халықтың мәдениетін танып-білуде, тілін үйренуде этикет нормаларын, оның ішінде сөз этикетін үйренудің маңызы ерекше. Себебі бөгде бір тілді үйренуші адам, ең алдымен, сол халықтың тіліндегі сөз этикетіне ден қояды. Сол арқылы кез келген халықтың болмысын, сана-сезімін, дүниеге деген көзқарасын түсінуге болады. Бүгінгі күні бұл мәселені жан-жақты, арнайы қарастырудың маңызы ерекше екені сөзсіз. Кез келген ұлттың этномәдени ерекшелігі қарым-қатынас процесінен де, сөйлеу әрекетінен де көрінетіндіктен сөз этикетіне тек тілші-ғалымдар ғана емес, сонымен қатар этнографтар, психологтар, педагогтар да айрықша көңіл бөліп отыр. Бүгінгі тіл мәселесі үшін қарым-қатынас кезінде тұрақты және арнайы жұмсалатын, этикеттік мәнге ие болатын сөздер мен сөз тіркестерін, грамматикалық тұлғаларды, олардың құрылымдық, семантикалық, стилистикалық, прагматикалық, әлеуметтік т.б. да ерекшеліктерін оқып-үйренудің, зерттеудің маңызы зор [4, 45].

Соңғы кездері жоғары оқу орындарында мәдениетаралық қарым-қатынас, лингвомәдениеттану, этнолингвистика пәндерінің жүргізіле басталуы аталған мәселеге студент-жастардың да қызығушылығын арттыруда. Мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері ғылымдар тоғысында пайда болып, салалық, салааралық сабақтастықтар негізінде тіл үйретуші факультеттердегі негізгі пәндердің біріне айналып үлгерді. Студенттер мәдениетаралық қатынастар пәні және осы пәнге ұсынылып отырған оқу құралы арқылы шет тілін (ағылшын тілін) үйренумен қатар, сол тілде сөйлейтін халықтың ұлттық мәдениетін танып-білу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі байланыстар мен ауызекі қарым-қатынастар кезінде оңай тіл табысуды, ынтымақтасуды оң жолға қою мүмкіндігіне себеп болады.

Этнос болмысын танып-білуге өзіндік үлес қосатын қоғамдық ғылым салаларының бірі – мәдениеттану. Мәдениеттану адамдардың мәдени әрекеті және қоғамдық орындардағы тәртіп пен әдеп салты ұғымдарының дамуы мен қазіргі күндегі орнын қарастырады. Тіл де мәдениеттен тысқары болмағандықтан, лингвистикалық мәдениеттану ғылымының негізгі бір саласы ретінде анықталады. Халықтың салт-дәстүрі мен мәдениеті тек адам санасы арқылы ғана емес тіл арқылы да ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, тіл арқылы сақталып, тіл арқылы көрініс табатындықтан лингвомәдениеттану тіл білімі ғылымының да негізгі бір саласы. Лингвистикалық мәдениеттану тіл білімі мен мәдениеттану ғылымының тоғысуында пайда болған, халық мәдениетін тілге әсер еткен, халық мәдениетінің тілдегі көрінісін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара байланыстылығын ғылыми тұрғыды дәйектеу В.фон Гумбольдт еңбектерінен бастау алады. Ғалымның «кез келген мәдениет тілге әсер етеді, кез келген мәдениеттің ұлттық нышаны тілден айқын көрінеді» деген пікірін [1, 98] психологиялық, әлеуметтік лингвистикалық, этнопедагогикалық, этнолингвистикалық зерттеу жүргізуші ғалымдар өз еңбектерінің теориялық негізі ретінде ұстанады. Ғылымда тіл мен мәдениеттің өзара байланыстылығы, тілдік қарым- қатынастың мәдени аспектісі, қарым-қатынастағы бейвербалды компоненттердің қызметі, тілдік қарым-қатынас жасаушылардың этнопсихологиялық болмысы т.б. мәселелер жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылыми еңбектер жазылды. Г. Штейнталь мен М. Лацарус еңбектерінде этнос психологиясының тілге әсері, В. Вундт еңбегінде тілдің әлеуметтік сипаты қарастырылса, А.А. Потебня халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің ерекшеліктері арқылы тіл халық мәдениетінің негізгі қайнар көзі екендігін дәлелдейді. Ф. Де Соссюр еңбегінде халық мәдениетінің, салт-дәстүрі мен дүниетанымының тілге әсері этнолингвистикалық тұрғыда зерттеледі. Лингвистикалық мәдениеттану этнолингвистикамен тікелей байланысты, көп ретте ғылыми принциптері ұқсас келеді. В.Н. Телия лингвистикалық мәдениеттануды тіл мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін этнолингвистиканың бір бөлігі ретінде қарастырады. Соңғы жылдары АҚШ-та «этнос» деген ұғымды «адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы «антропология» деген ұғым қалыптасып отыр. Антропология – адам туралы ғылым [2, 93].

Лингвомәдениеттану ғылымы – халық мәдениетінің тілге әсерін анықтап, олардың диалектикалық байланысы мен дамуын жүйелі түрде зерттейді. Міндеті – тіл мен мәдениеттің арақатынасын синхрондық түрде сипаттау. Ал зерттеу нысаны тіл мен мәдениеттің арақатынасы негізінде зерттелетін тілдік бірліктер – культуремалар. Лингвистикалық мәдениеттанудың нысаны тіл білімі мен мәдениеттанудың қиылысқан жерінде зерттеледі. Зерттеу нысаны ретінде лингвоелтану нысандарын – эквивалентсіз лексика мен лакуналарды, аңыздар, ырымдар және салт-дәстүрлердің тілдегі көрінісін, тілдің паремиологиялық қорын, тіл мен діннің өзара қатынасын, сөйлеу әрекетін сөйлеу этикетін тағы басқаларды атауға болады. Сөйлеу этикеті қарым-қатынас процесінің ұлттық-мәдени компоненті болғандықтан оның барлық формалары лингвомәдениеттану ғылымына негізделіп отырып мәдениетаралық қарым-қатынас пәні тұрғысынан қарастырылады.

Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың қиылысатын тұсы екеуі де этнос болмысын тіл арқылы танып-білуді мақсат тұтады. Этнос мәдениеті әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасқан құбылыс. «Өмір – тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология т.т. – осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның бәрін танып-білудің ең басты құралы – тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойындайды» [2, 103].

Этнолингвистика халықтың мәдени ерекшеліктерін, тарихи-мәдени қарым-қатынастарының шығу тегі мен таралуын зерттейтін этнографиямен шектес кешенді ғылым. Зерттеушілердің көпшілігі этнография мен этнолингвистиканы мақсаты, бағыты ортақ ғылым деп қарағанымен олардың зерттеу тәсілі мен міндеті бірдей емес. Этнос болмысына қатысты фактілерді этнографтар да, этнолингвистер де бір мақсатта зерттегенмен, олардың құрамын, жасалу технологиясын т.б. сөз ету этнографтардың міндеті болғанымен, этнолигвистердің міндеті емес. Этнолингвистер этнос болмысына қатысты фактілерді, ұғым-түсініктерді этнос болмысы тұрғысынан талдап, олардың тілдік мән-мағынасын жан-жақты түсіндіруге тырысады.

Этнолингвистикалық зерттеулердің негізгі мақсаты – тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың әсер етуін қарастыру. Этнолингвистика лингвомәдениеттанумен шектес, қарастыратын мәселесі мен зерттеу объектісі ұқсас болғандықтан олар бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Алайда оларды біріктіріп жіберіп, бір ғылым деп қарауға да, өзіндік ерекшеліктері бар этнолингвизмдер мен мәдени лексиканың арасына тепе-теңдік белгісін қоя салуға да болмайды. Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың негізгі айырмашылықтарының бірі – лингвомәдениеттану мәдениет ұғымына қатысты лексиканы ғана сала-салаға жіктеп, жүйелеп, этностық таным тұрғысынан түсіндіруді мақсат етсе, этнолингвистика этнос болмысына қатысты барлық лексиканы қамтуға тырысады. Оған мақал-мәтел, тұрақты тіркес, жұмбақ, теңеу, балама, ауыз әдебиеті үлгілері, этнос болмысын танытатын әдеби тілде қолданылып жүрген лексикалық қор ғана емес сөздіктерде кездесе бермейтін лексика да, байырғы сөз өрнектері де, тіпті айтуға тыйым салынған ұят сөздер де кіреді [4, 77].

Түрлі ғылыми әдебиеттер мен сөздіктерде берілген анықтамаларды сұрыптап, салыстырып қарағанда этнос ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады. Этнос белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, айналысатын тіршілік-тірлігі, мінез-құлқы ұқсас, діні, ділі, тілі бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өздерінің ортақ тегін, туыстығын, тұтастығын сеқіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы. Этнос болмысы дегеніміз – этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы шындық. Басқаша айтқанда: «этнос болмысы» дегеніміз – этностың сонау бала кезегінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өмір-тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай қазынасы. Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі күнге археологиялық қазбалар мен сәулет өнері, түрлі мүсіндер мен ескерткіштер арқылы да жетуі мүмкін. Ал этностың болмысы мен бейнесі, ол өмір сүрген табиғи орта мен қоғамдық қатынастары, жан дүниесі, танымы мен талғамы т.б. туралы толып жатқан деректер мен мәліметтер негізінен тіл арқылы жетеді.

Қазақ халқының тарихында сөздің алатын орны ерекше, сондықтан кей кездерде қазақтың салт-дәстүрімен, ұшқыр ойымен, шешендік өнерімен ұштасып жататын, аяқ-астынан тауып айтылатын төмендегідей қаратпалар да қолданылған:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет