Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе



бет9/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

«Бір жігіт Мөңке биді бір көруге құмар болып іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөңке:

Түлкім, жоғары шық, – дейді.



Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде Мөңке:

Сыншым, сөйле, – дейді. Жігіт түсінбей отыра береді. Жігіт кетер кезде:

Жыршым, енді рұқсат үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт! – дейді.

Жігіт сауал қояды:

Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзегеніңізді айтып берсеңіз. Мөңке сонда былай деп жауап қайтарыпты:

Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай бастайды. Сыншым дегенім – сол. Қонақ үйден аттанғанда көрген-білгенін жыр қылып айта жүреді. Жыршым дегенім – сол» [Билер сөзі].

Ал ағылшын тілінде:



«– Hey! What`s the time?»

«– What time is it? Jhon?»

«– Excuse me? Could you tell me the time, please?»

Этностың тіл әлемі – оны танып-білудің қайнар көзі. Әр этностың өзіндік ерекшелігі адамгершілік қарым-қатынастың бастауы болып табылатын сәлемдесу рәсімінен де айқын көрінеді. Қазақ халқындағы сәлемдесу өзіндік ұлттық ерекшелігі, қалыптасқан жүйесі бар күрделі құбылыс. Қазақ салты бойынша сәлем беру кішінің парызы болып есептеледі, сондықтан үлкен адамға сәлем беру жасы кіші үшін жауаптырақ. Сондай-ақ қазақ отбасында әке рөлі әрқашан жоғары, жөн білетін ана әрқашан ікенің абырой беделін балаларының, туған-туыстың, ел-жұрттың алдында жоғары ұстап отыруға әрқашан мән беретін болған. Қазақ этносының бұл ерекшелігі ұлттық этикеттен де анық байқалады. М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған төмендегі мәтін де этнос мәдениетін, этнос танымын айқын көрсетіп тұр [5, 56]. Мысалы:



«Бала көп ішінен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар – әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды» [М. Әуезов].

Қазақта сәлемдесудің арнайы барып сәлем беру, кездескен таныстарға сәлем беру, жүзтаныстарға сәлем беру, келіннің сәлем етуі сияқты түрлері бар. Барып сәлем беру әдетте ауыл арасындағы, сондай-ақ басқа ауылдағы жасы үлкен, ел-жұртқа танымал, сыйлы адамға немесе жасы үлкен туыс кісіге арнайы уақыт бөліп, барып сәлем беру болады. Егер бір жас адам алыс жолдан, оқудан әскерден т.б. да сапардан келген кезде ауылдың үлкен, сыйлы ақсақалдарына арнайы сәлем беріп шығуы парыз болып табылады. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді» деген мақал алыс жолдан, арнайы сапардан келген адам жас болса да оған үлкен адамның келіп сәлем беруінің де айыбы жоқ дегенге меңзейді. Ата-ене, қайынаға абысындарын көргенде келін оларға иіліп сәлем береді. Қазақ дәстүрлерінде үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ететін болған. Келін сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады [3, 109].

Қазақ салтында үйге сырттан кіруші адам үй иелері өзінен жасы кіші болса да сырттан кірерде «Ассалаумағалейкум» деп үйге сәлем беріп кіруі керек. Мұны шаңыраққа сәлем беру дейді. Қалыптасықан дәстүр бойынша егер адамдар көлік үстінде (ат машина) кездессе, тек көліктен түсіп амандасуы керек. Бұл да ізеттіліктің бір көрінісі болып есептеледі. Кез келген этностың тілінде өтетін сөйлеу әрекетінде амандасу процесінен кейін әр халықтың дүниетанымына, негізгі кәсібі мен салт-дәстүріне байланысты жүзеге асырылатын жөн сұрасу, сұрақ-жауап алмасу кезеңі бар. Коммуниканттардың бір-біріне қоятын сұрақтары мен оларға берілетін жауаптар этностың тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпына, дәстүрі мен мәдениетіне тән ерекшеліктерді көрсетеді [6, 23].

Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлке» романындағы мына үзіндіден қазақ халқының амандық-саулық сұрасуындағы ұлттық-мәдени ерекшелікті айқын байқауға болады: «Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем-ақ болар. Әсіресе, осындай дау-жанжалдың ортасында жүргендер езіп-созып, тіпті, ұзақ амандасар. Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсына дейін қалдырмай сұрасады. Келген жердің қандай қабақпен отырғанын да осы амандасу үстінде болжасып қалады. Келген жұмысының жәйін аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек» [Ғ. Мүсірепов].

Қазақ тілінде амандасу рәсімінен кейін өтетін жөн сұрасу кезеңінде қолданылатын Мал-жан аман ба? Құрылымы классикалық стандарт формаға айналған. Бұл форма көбінесе үй иесі ер адамға амандасқан кезде қолданылады. Себебі ер адам өз отбасының, мал-жанының амандығы үшін жауапты негізгі тұлға. «Мал амандығы – жан амандығы!» дейтін қазақ халқының амандық-саулық сұрасқанда ең алдымен мал-жан амандығын сұрауы тегін емес. Бұл ұзақ уақыт бойы қазақ халқының негізгі кәсібі болып келген, ішсе – тамақ, мінсе – көлік, кисе -киім болып келген мал шаруашылығынан хабар беретін, тұрмыс-тіршілігінен туындаған, психологиялық астары бар тілдік бірлік. Мал-жан аман ба? Дегендегі бірінші бөлік мал шаруашылығына, яғни, кәсібіне, жұмысына, материалдық жағдайына, тұрмысына, күйіне қатысты болса екінші бөліктегі жан дегеннің ішіне бала-шаға, туған-туыс, ел-жұрт бәрі кіреді.

Ал ағылшын тілінде амандасудың мәдениетті түрі келесі мысалдардағыдай өтіледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет