41
құбылыстар атауларын жасауға, терминдерге өз әсерін тигізді. Осыған орай
тілдің қоғамдық қызметінің күшеюіне байланысты терминдер қолданысы жаңа
өріске шықты. Соның негізінде білім беру саласы да да жаңа деңгейге көтеріліп,
түрік тілін араб және парсы тілдері әсерінен тазартуға бағытталған қозғалыс
белең алды.
Танзимат дәуіріндегі ерекшелік – осман тілінің «жоғары» стилінен анық
көрінетін Түркияның Еуропаға еліктеуі, түрік тіліне француз және т.б. Еуропа
тілдерінен көптеген сөздердің енуі және олардың араб, парсы баламаларының
калькалану арқылы түрік тілінде қолданылуы [92].
Мысалы: француз тілінде
opinion publique
– осман тілінде
efkari umumiye
(
қоғамдық ой), француз тілінде
relations internationales
– осман тілінде
münasebati beynelmilel (
халықаралық қатынастар), француз тілінде
crise
ministerielle
– осман тілінде
buhrani vukela (
министрлік дағдарыс) т.б.
1891 ж. құрылған «Servet-i Fünun» әдеби журналының реформист-
мүшелері жаңа ұғымдарды білдіруде осман тілі лексикасының мүмкіншіліктерін
жеткіліксіз деп санап, араб және парсы сөздерінен көптеген жаңа сөздерді алуды
ұсынды [93, б. 409]. Мысалы: араб тілінен алынған
melkure
– ой,
usulliyyat
–
методология,
heyeti udul
– қазылар алқасы т.б. көптеген атаулар тек қана осман
тілінде қолданыс тапқан.
Байқап отырғанымыздай, бұл кезеңде түрік тілін араб-парсы әсерінен
тазартуға тырысқан реформалық әрекеттер, оның мәдени және саяси-қоғамдық
өзгерістерге қатысты қызметін күшейтуге және түрік тілінің даму тарихына
нақты үлес қоса алмады
[94].
Достарыңызбен бөлісу: