39
маңы,
soba –
пеш
, gulaş
– гуляш,
kopça
– ілгек,
palaska
– портупея,
salaş
–
бейшара,
şarampol
– шарбақ,
katana
– қылыш т.б.
[85, Б. 1-47].
Орта ғасырларда түріктермен тығыз мәдени-тарихи
байланыста болған
армян, күрт, итальян т.б. тілдерден енген кіре сөздер де бар.
Мысалы: армян тілінен:
torun
– немере,
pancar
– қызылша,
avanak
–
ауылдан келген,
dangalak
– дөрекі,
pezevenk
– жеңгетай,
bıdık
– қарны қампиған,
petek
– ара ұясы т.б.[86]; күрт тілінен:
keleş
– таз,
kirve
– кіндік әке,
halay
– би,
cacık
– джаджык (тағам түрі) т.б.; итальян тілінен:
makarna –
макарон,
makine –
машина,
kundura
– кебіс,
lokanta –
мейрамхана,
peçete –
майлық,
pusula
– компас,
baston
– таяқ, vazo – ваза,
tiyatro –
театр,
terakota –
терракота,
antika
– көне,
çinko
– мырыш,
bira
– сыра,
banyo
– ванна бөлмесі,
çapa
– зәкір,
baraka
– барақ,
alabora
– аударылу,
kambiyo
– айырбас,
ciro
– тауар айналымы т.б. [87, Б. 135-153].
Дегенмен,
тығыз қарым-қатынас нәтижесінде оғыз-селжұқ тайпалары
тілдерінің лексика, фонетикадан бастап, морфология мен синтаксиске дейін
көптеген өзгерістер енгізген араб және парсы тілдерінің күшті ықпалын ешкім
жоққа шығара алмайды
[88, б. 10]. Түрік тілінің дыбыстық жүйесіндегі бұл
үрдістің анық көрінісін негізгі фонетикалық заңдылықтарының бұзылуы,
сингармонизм заңының сақталмауы, түрік
тіліндегі кірме дыбыстардың
тоғысуы, дауыссыз дыбыстардың тіркесуі т.б. арқылы көрсетуге болады.
Осыған байланысты
қазіргі таңдағы қазақ тілінің өзіндік
болмысын сақтап
қалу маңыздылығын түсінуде
А. Байтұрсынұлының: «Қазақ тіліне енген кірме
терминдер қазақ тілінің дыбысталу жүйесінің артикуляциялық заңдылығына
бағынуы тиіс» деген ұстанымының мәні өзектеліп отыр.
Араб әліпбиіне негізделген түрік орфографиясы (1928 ж. дейін) бір
жағынан, кірме лексиканың орфография мен орфоэпиялық заңдылықтарын
таңбалап, бірақ, екінші жағынан, түрік сөздеріне қатысты қиыншылықтар да
туындатты. Оның негізгі себебі – араб және түрік тілдері әр түрлі жүйеге
жататындықтан, араб әліпбиі түрік тілінің фонемалық жүйесіне сәйкеспейді. Ал,
морфологиялық деңгейдегі араб және парсы тілдерінің ерекшелігі түркі жүйесіне
тән емес грамматикалық категориялардан көрінеді. Атап айтқанда, араб тіліндегі
тұйық етістіктер жүйесі, есімшелер,
грамматикалық род, сынық көпше түр
формалары, жалғаулар т.б.
Түрік тілінде,
синтаксиске қатысты, араб және парсы тілдерінің ықпалы
сөз тіркестері (араб және парсы изафеттері) мен осы тілдерге тән грамматикалық
тәсілдермен (артикльдер, жалғаулықтар т.б.) құрмалас сөйлемдер құру арқылы
көрініс табады [89, б. 25]. Синтаксистік құрылымның араб және парсы тілдері
ережелеріне сай түзілуі (негізгі мүшенің сөйлем басында келуі) түрік тілінің
сөйлем құрылысына сәйкеспейді (түркі тілдерінде сөйлемнің негізгі мүшелері
сөйлем соңында келеді) [90, б. 131].
Араб және парсы изафеттері ережелеріне сай құрастырылған бірқатар сөз
тіркестері қазіргі түрік тілінде сақталып қалған:
lügat-it-türk
– түрік тілі
сөздігі,
reisicumhur
– елбасы т.б.
Осман империясы тұсында қалыптасқан түрік тілінің мемлекеттік
қызметіне сай көптеген саяси,
экономикалық, мәдени, діни және басқа да
40
экстралингвистикалық факторлар нәтижесінде әлеуметтік жіктелу пайда
болғаны тарихтан белгілі.
Осы жағдайдағы социолингвистикалық үдеріске сәйкес түрік тілінің
қалыптасу барысындағы күшті әлеуметтік жіктелу нәтижесінде тілдің ішкі
құрылымдық заңдылықтарына сәйкес қолданылу аясымен дәйектелетін
функционалдық стильдер жүйесі пайда болды.
Соның ішінде
сұлтан сарайы мен
феодалдық қоғамның ең жоғары тобына жататын тіл өкілдері мен дін
адамдарының сөзінде араб, парсы және түркі тілдерінің лексика-грамматикалық
элементтері тоғысқан,
қолданылу аясы тар жоғары әдеби стиль туды [88, б. 24].
Келесі кезеңде сұлтан жарлықтары, ресми іс-қағаз, сот ісі құжаттары осы
тілде жүргізіліп, жазу нормасы айқындала бастаған бұл тіл мемлекеттік тілге
айналды. Бірақ бұл тіл көркем әдебиет пен ғылым тілінде қолданылғанмен, оның
қызмет аясының тарлығы таза ауызекі тілге негізделген екінші тілдің пайда
болуын қажет етті. Оның нақты дәлелі түрік әдеби тілінің классиктері Юнус
Эмре (XIII ғ.) мен Әулие Челеби (XVII ғ.) шығармаларынан анық көрінеді.
Түркітанушы Тахсин Бангуоглу осман тілі дамуының негізгі 3 кезеңін атап
көрсетеді:
1. Көне осман тілі кезеңі (Eski Osmanlıca) – XIII-XV ғғ. (1250-1450 жж.).
Бұл кезеңде түрік мемлекеті қалыптасып, түрік тілі оғыз-селжұқ тайпаларынан
бөлек шыға бастады, бірақ селжұқтардың
төл шығармалары әлі сақталған,
лексикасы таза түрікше сөздерден тұратын бай тіл еді. Араб, парсы және түрік
тілдерінің араласқан қосындысынан жасалған «жоғары» әдеби тіл осы кезеңде
қалыптаса бастады.
2. Орта осман тілі (Orta Osmanlıca) – XV-XIX ғғ.
(1450-1840 жж.). Орта
осман тілі – құрамында араб және парсы сөздері шектеусіз, сөз саптаулар мен
грамматикалық формаларға толы түсініксіз тіл. Бұл – Осман империясындағы
90% араб-парсы лексикасынан құралып, халқының ауызекі тіліне әсерін тигізген
тілдің әуелі «жоғары» стилінің өркендеп, кейін құлдыраған кезеңі. Осы кезеңде
орта осман тілі мемлекеттік қызметтердің барлық салаларында: ғылымда,
әдебиетте, өнерде кеңінен қолданылды. Сонымен
қатар мемлекеттік тіл мен
ислам діні тілі болып табылатын араб тілінің мәні мен қызметі күшейді. Жоғары
стиль мен халықтың ауызекі тілі арасындағы үлкен айырмашылықтар
нәтижесінде бұқара халық қоғам мен мәдени өмірде болып жатқан көптеген
жағдайлардан сырт қалды.
3. Жаңа осман тілі (Yeni Osmanlıca) – XIX-XX ғғ. (1840-1910 жж.). Батыс
өркениеті қажеттіліктерін Осман империясының бай құралдарымен қамтамасыз
етуге тырысқан және өте табысты болған тіл, бірақ ол әлі де бұл ғасыр талап
еткен ұлт тіліне (Iangue nationale) айнала алмады. Дегенмен осы кезеңдегі түрік
тілінде төл сөздердің қызметі жанданып, түрік
қоғамында шын мәніндегі
түрікшелендіру үдерісі мен реформалау алғышарттарының нышандары
қалыптаса бастады [91, Б. 16-17].
Достарыңызбен бөлісу: