Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет29/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Ұлттық терминология кезеңі
. Бұл – тілдің өз мүмкіншіліктеріне сүйеніп, 
төл терминдер жасау үрдісі қалыптасқан кезең. Ол өз ішінде 3 кезеңге бөлінеді: 
1. 1923-1945 жж. 
2. 1945-1980 жж. 
3. 1980-2000 жж.
[80, б. 146]. 
Қазіргі түрік тілінің даму тарихына едәуір әсер еткен осы кезеңнің 
ғылыми-сипаттамалық дәйегіне келесі тараушада тоқталамыз. 
1.5.1 Түрік тілінің даму тарихындағы реформалау үдерісі
Осман империясы құлдырап, ұлт-азаттық қозғалыстар күшеюі нәтижесінде 
1923 жылы ресми түрде Түрік Республикасы жарияланғаннан кейін тіл 
реформасының дамуына қолайлы жағдайлар туды. Жаңадан құрылған Түркия 
мемлекетінде барлық саладағы негізгі парадигмалар өзгерді.
Тілге қатысты да, яғни араб-парсы элементтерінен арылуға бағытталған 
жаңа тіл – ана тіліне ауысу бағыты пайда болды. Өйткені жаңа түрік мемлекеті 
ұлттық мемлекет еді. «Бір мемлекет, бір ұлт, бір байрақ» деген үндеуді 
басшылыққа алған түріктер шамамен 150 жылдан бері жалғасып келген түрік 
терминологиясы мәселесін Ататүрік негізін салған Республика дәуірінде ғана 


45 
түбегейлі түрде қолға алды. Бұл қозғалыс түрік тіл білімінде «Dil devrimi» (Тіл 
төңкерісі) деген атқа ие болды [112].
Түрік 
тілін 
шын 
мәнінде 
реформалау 
қозғалысын 
Түркия 
Республикасының негізін салушы Мұстафа Кемаль Ататүрік бастады
[113].
Аталмыш үдеріс кезінде Түркияда білікті тілші-ғалымдар өте аз еді. 
Ататүрік те тілші емес еді [114, б. 71]. Бірақ ол көп ізденді, тіл мәселелеріне 
қатысты өте көп әдебиет оқыды. Соның арқасында дұрыс шешімдер қабылдап, 
алдына қойған мақсаттан ауытқымады [115, б. 2].
Ататүріктің өзінің бүкіл мирасын түрік тілі қоғамдарына қалдыруы оның 
тіл мәселесіне қаншалықты мән бергендігінің көрсеткіші
[116, Б. 34-35]. 
Сондықтан ол құрған «Ulus inşası» (ұлт құрылысы) атты үдерістің негізгі 
элементтерінің бірі – ұлттық тілді қалыптастыру еді.
Түрік лингвисі Берке Вардардың ойынша: «Ататүріктің тікелей 
басшылығымен басталған «Тіл төңкерісі», тілдік жоспарлаудың Түркия нұсқасы 
ретінде әлемдік «ұлт құрылысы» жобаларының көрнекті бір үлгісі болып 
табылады» [117, Б. 385-389].
«Тіл төңкерісінің» негізгі міндеттері ретінде: түрік тілінің сөз құрамын 
жетілдіріп, 
функционалдық 
стильдерін 
жаңарту, 
грамматикалық, 
стилистикалық, орфографиялық нормалар мен ережелерді қалыптастыру 
мәселелері белгіленді. 
Түрік тілі мен түркі тілдерінің ішкі әлеуетін барынша пайдалану арқылы
ортақ ұлттық әдеби тіл нормасын қалыптастыруды көздеген тіл жанашырлары 
мен қалың жұртшылық (мұғалімдер, жазушылар, журналистер) қолдауымен 
түрік лексикасы мен терминологиясын қайта өзгерту және «özdeşme» (тілді 
бөгде элементтерден тазалау) қозғалысы етек алды. Оның мақсаты – тілге ежелгі 
өзіндік ерекшелігін қайтару. Сайып келгенде, бұл қозғалыс Түркияның жаңа 
әлеуметтік қарым-қатынастарына сай жазба тілді бұқарашылдандырып, әдеби 
тілді халық тілімен жақындастыру бағытын ұстанды. Осы кезден бастап «осман 
тілі» терминінің орнына «түрік тілі», «османлыша» сөзінің орнына «түрікше» 
сөзі қолданыла бастады.
Түрік тарихшысы және дипломат Билал Шимшир «Türk Yazı Devrimi» 
(Түрік жазуының төңкерісі) (1992) атты еңбегінде 1928 ж. түріктердің араб 
графикасынан бас тартып, түрік тілінің төл дыбыстық жүйесіне сай жасалған 
латын графикасына көшуін ең маңызды оқиға деп атап көрсетеді. Себебі, XIX 
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы түрік қоғамының тілдік 
қолданысында араб-парсы элементтерінің көптігінен қарапайым оқырман өз ана 
тілін түсіне алмайтын, немесе зиялылар көмегімен әрең түсінетін жағдаят 
қалыптасты [118, б. 234]. Осы себепті 1929 ж. түрік мектептерінде араб және 
парсы тілдерін оқытуға ресми түрде тыйым салынды.
Ататүрік басшылығымен 1932 ж. 12 шілдесінде құрылған «Türk Dili Tetkik 
Cemiyeti» (Түрік тілін қадағалау қоғамы) тіл реформасының негізгі ғылыми және 
ұйымдастыру орталығы ретінде тағайындалды. Оның мақсаты: «Түрік тілінің 
табиғи сұлулығы мен байлығын паш ету, оны әлем тілдері арасында өз 
құндылығына сай биіктерге шығару» еді.


46 
Осылайша Ататүріктің тікелей қатысуымен 1932 жылдың 26 қыркүйегінде 
өткізілген «Түрік тілін қадағалау қоғамының» бірінші құрылтайында бірнеше 
қаулы қабылданды:
1. Ел аузындағы және көне кітаптардағы түрік тілінің бай сөздік қазынасын 
жинап, шығару; 
2. Түрік тілінде жаңа сөз жасау жолдарын іздестіріп, түрік түбірлері
негізінде жаңа сөздер жасау; 
3. Түрік тілінің жазу тілінде көп қолданылып жүрген шет тілдерден енген 
сөздердің орнына таза түрік сөздерін тауып, оларды жарыққа шығарып, игеру» 
[56, б. 175].
Қоғамның 1934 жылы өткен екінші құрылтайында қоғамның аты «Türk Dili 
Araştırma Kurumu» (Түрік тілін зерттеу қоғамы), ал 1936 жылы өткен үшінші 
құрылтайда «Türk Dil Kurumu» (Түрік тілі қоғамы) болып өзгертілді.
Көрнекті түрік ғалымы Осман Серткая өз зерттеуінде [119, Б. 11-15] 
Ататүріктің түрік тіліне қатысты қызметін үш кезеңге бөлген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет