– серіктік,
безработица
– жұмыссыздық
т.б.
Сондай-ақ, А. Байтұрсынұлының, терминжасам үдерісінде қоғамдық
қызмет аясының тарылуына байланысты байырғы сөздер қатарына жататын
сөздерге жаңа мағына үстеп, арнайы қызмет жүктеп, сөз бойындағы әлеуетті
пайдалану арқылы іске асырғаны да баспасөзде қолданылған жаңа
қолданыстарды зерттеу барысында нақты көрсетіледі:
бүлік басылары, жасақ
беру жұмысы, лау салығы, ереуіл сөз, дау ыспаты, даушар істер, би қарындас,
аса билік, дәйімдік сиез, қоңсы уез, тарқы заман, тәуел оңаша мәселелер, дүния
тегершігі, қорғандық дуандар
т.б.
А. Байтұрсынұлы публицистикасында қолданылған осы қағиданың
көбінің қазіргі қазақ тіліндегі жаңа қолданыстардан орын алғанын көріп
отырмыз:
несие ақша, сауда капиталы, айырбас-сауда, тілім, жоба, құжат,
жерге қоғам иелігі, қазыналық орын, хұқ, кесілген жаза, кепіл, жауапкер,
жасырын шағым, жазықты қылмыс, куәланған қағаз, үздік білім, білім жарысы,
сырттан оқу бөлімі, талапкер, оқу министрі, оқу құралдары, білім ордасы
т.б.
Жоғарыда көрсетілген баспасөзде қалыптасқан жаңа атаулар XX ғасыр
басындағы көркем әдебиет туындыларында да белсенді қолданылғаны
байқалады. Сонымен бірге С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев т.б.
шығармаларында көптеген орыс тілінен енген сөздерді кездестіруге болады.
Мысалы:
- әдебиеттануға байланысты:
роман, фельетон, басня, журнал, газета,
редакция
т.б.;
- өнеркәсіп пен техникаға байланысты:
атом, бомба, телеграф, телефон,
пароход, аэроплан, электричество, машина, планета, пулемет, снаряд, поезд,
завод, магнит
т.б.;
- ғылым мен мәдениетке байланысты:
агроном, география, университет,
стипендия, семинария, доктор, больница, театр, мода
т.б.;
117
- әкімшілік жүйеге байланысты:
автономия, уез, полиция, милиция,
миссионер, офицер
т.б.;
- әлеуметтік-қоғамдық ғылымдарға байланысты:
революция, идея,
идеалист, капиталист, капитал, социализм
т.б.
Көріп отырғанымыздай, Қазан төңкерісінен кейінгі ел өміріндегі
экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, техникалық т.б. сан алуан
өзгерістер мен жаңалықтар қоғамның белсенді тұлғалары ретінде суреткерлер
алдына да тілдік тұрғыдан жаңа талаптар қойып, соның нәтижесінде сөздік
құрамға көптеген жаңа аталымдар мен сөздердің қосылғаны байқалады.
Тілді байытуға, түлетуге қатысты бұл жаңалықтар сөз зергерлері болып
табылатын қаламгерлерге ықпал етіп, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин,
М. Әуезов, С. Мұқанов т.б. жазушылар сөз қорын толықтырып, тіліміздің
оралымдылығын арттыра түсуге көп үлес қосты. Танымал тұлғалар өз сөздерінде
алдымен халық тілінде бұрыннан бар сөздер мағынасын кеңейту арқылы өмір
талабына орай тың мағыналы, соны қолданыстарды тауып, әдеби тіл нормасына
айналдырды.
Соның нәтижесінде қаламгерлердің публицистикалық мақалаларындағы
жаңа сөз қолданыстар қазақ тілі лексикасын тілдегі бар байырғы сөздер, сөз
тіркестері арқылы толықтырып, әдеби тілімізді байытуға үлес қосқан:
сын
көзімен қарау, дене азығы, ар азығы, топас ой, сорпаның сөлі, жер-ана, ой көзі,
жұмысшы, еңбекші, шойын жол, несие беру, несие алу, жер бекіткен қағаз
(«купчая» деген мағынада),
борыш, кәсіп қылу, қағаз
(«отношение» деген
мағынада),
жауапкер жағы, арыз жазу, жолхат, куәлік қағаз, қолхат, лау
байлату, төре, құрт ауру, дәрігер
т.б.
Мәселен, қоғам қайраткері С. Сейфуллин тілдің қоғамдық-әлеуметтік
қызметін күшейтіп, байытудың ең басты жолы көрші елдерден сөз алу емес,
керісінше, тіліміздің ішкі мүмкіншіліктерін барынша кең пайдалану екенін
жақсы түсінді. Мақалаларында ол тілдік мүмкіндіктерді мейлінше кең
пайдалану үлгісін де көрсете білді:
тап, ұлт, халық, бостандық, еркіндік,
әділдік, теңдік, бірдейлік, орталық, бақыт, еңбекші, жолдас, ұран, өндіріс,
мүше, күнкөріс тартысы, сауда-саттық, саяси бөлім, баспасөз, кітапхана,
кітап дүкендері
т.б.
Сәкен шығармалары лексикасының бір ерекшелігі – сипаттайтын орыс
сөздерінің орнына көбіне қазақша дәл балама сөздерді қолдануы:
қоспақ темір
жол
– двухколейная железная дорога,
аудан
– район,
аудандау
– районирование,
аударма
– перевод,
тілші
– корреспондент,
тіл
(газетке байланысты) – орган,
кезек
– смена,
мерзімді жұмыс
– периодическая работа,
орталық
– центр,
жоба
– проект,
мінбер
– трибуна т.б. Көріп отырғанымыздай, бұл сөздер – орыс
тіліндегі сөздердің қазақша баламалары.
Бұл жылдардағы көркем әдебиетте калькалау тәсілімен жасалған жаңа
сөздер мен сөз тіркестерінің мынадай топтары қалыптасты:
1. жеке сөздерге балама табу арқылы:
жалақы, баяндама, бөлім, нұсқау,
дәуір, хабарландыру, ағым, қанау, төңкеріс, айтыс
т.б.
118
2. сөз тіркестерін сөз тіркестері арқылы калькалау:
құттықтау сөз,
бастауыш ұйым, қызыл бұрыш (
мүйіс
), бөлімнің бөлімшесі, жарыс сөз, тап
тартысы, әлеуметтік қызметкер
т.б.
3. қазақ және орыс сөздерінің араласып келуі арқылы:
комиссардың
орынбасары, социалистік жарыс, губерния жұмысы, ауыл ячейкасы, әлеумет
жұмысы, капитал дәуірі, совет өкіметі, план
т.б.
Қазақ терминтанымының когнитивтік-прагматикалық аспектісін зерттеген
С. Исақова, қазақ баспасөзінің белсенді қызметіне орай туындап жатқан
терминдік балама немесе жаңа атауларды қалыптастырудың жалпы кезеңдерін
зерттеген ғалымдардың тұжырымдарына сүйеніп, төмендегідей көрсетеді:
1. ұғымның кейбір ерекшеліктерін айқындау;
2. алдын ала сәйкес сөз іздеу;
3. тілдік мағынаның жалпы белгілерін анықтау;
4. мағынаның негізінде ішкі форманы нақтылау;
5. ұғымды оның қолданысында жетілдіру;
6. ішкі форма өзгерістерінен туындаған мағынадағы өзгерістерді ескеру
[280, б. 30].
Осы арада әлі термин ретінде қалыптаспаған жаңа ұғым атауы баспасөз
қолданысы ықпалымен тіл тұтынушылар санасында сипатталып, егеліп-екшеліп,
қабылданып, сарапталып барып қалыптасатынын тәжірибеден көріп отырмыз.
Мысалы:
Сонымен қатар облыстық білім басқармасының ұйғаруымен
құрылысшы мамандарын даярлаудың бір тобы дуальдік оқыту жүйесінің
эксперименттік
Достарыңызбен бөлісу: |