112
Соның барысында халқының оқу-ағарту, өнер-білім деңгейін көтеруге бар
күш-жігерін жұмсаған ұлт тұлғалары алғашқы қазақ баспасөзі бетінде айнала
қоршаған шындық болмысты қазақ танымына сай байланыстыра танытып, оны
қазақ түсінігіне жақындатуды мақсат етті, тілдің бұзылмай, түзелуін, әлеуметтік
қызметін ұлттық таным бірлестігінде қарады. Себебі олар – қазақ ауыз
әдебиетін, мәдени, саяси тарихын, жыр-қиссаларды терең игерген,
шешен
сөйлеп, көркем жаза алатын, оның грамматикалық құрылымдарын маман
деңгейінде меңгеріп, мәнерлі сөйлеп, көркем жаза алатын ұлттық тілдік тұлғалар
еді. Осылайша қазақ зиялылары мен алаш көсемдері қоғам өміріне, саяси-
әлеуметтік
мәселелерге белсенді араласып, өз ойларын қазақ тілінде шебер
жазып жеткізе алатын публицистер ретінде тілдің әлеуметтік мәні, қолданылу
аясы, бұзылуы, тілдік реформа, әлемдегі тіл саясаты
туралы мәселелердің оң
шешім табуына белсенді араласып, баспасөзде тұрақты түрде мақалалар
жариялап тұрды.
Сонымен қатар осы арада баспасөз тілінде қазақшаланған терминдердің
басым көпшілігі және қолданысы белсендісі сол кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік
атаулар ретінде қазақ тіл білімінде арнайы зерттелгенін де атап өткен жөн [273].
Осы еңбектердегі тілдік жаңалықтарға қатысты ерекше көңіл аударатын
маңызды мәселенің бірі – газет бетіндегі жаңа қолданыстар, жаңа сөз жасаудағы
ізденістер мен белсенділік, прагматикалық сипат.
Көпшілікке жеткізуде баспасөздің атқарар қызметін жақсы түсінген
қазақтың сол кездегі оқыған зиялылары, ағартушылары редакцияға хат жазып,
газет-журналдарға мақала жазып, өз пікір-ұсыныстарын айтып, тіл тазалығына,
тіл мәдениетіне көп көңіл аудару керектігіне назар аударған. Соның
нәтижесінде
әрбір жаңа сөз, жаңа қолданыс мерзімді баспасөз беттерінде
қолданылып, талқыланып, көңілге қонымдысы, танымға жақыны сөздік құрамға
кіріп, тілімізді сол кезеңге сай байытып отырған.
Осымен байланысты анықталған жай – жалпы алғанда, мерзімді баспасөз
тілінің лексикалық құрамындағы сөздердің басым көпшілігі – байырғы қазақ
сөзі. Сол кезеңде көптеген сөздер біраз уақыттан кейін қайта жаңарып,
баспасөзде жаңа мазмұнда қолданыс тапқан:
Достарыңызбен бөлісу: