Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет66/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

рисалар (рисалатун) – 
миссия, үндеу – хат; матбуғат (матбу атун) – басылым; мазхаб (мазхәб) – діни 
қауым, секта, жік; ағза (а да у) – мүше; низам (низамун) – тәртіп, қоғамдық 
режим, заң, жөн
т.б.
Осы үрдістің тәуелсіздік кезеңінде жаңа қарқынды өріс тапқаны да белгілі. 
Тәуелсіздік кезеңінде санадағы рухани-әлеуметтік жаңғырумен байланысты 
туындаған жаңа қолданыстарды қалыптастырудың бір көзі – қайта жанданып, 
терминжасам мен жаңа сапада белсенділігі арта түскен
араб тілінен енген сөздер.
Мынадай жаңарған терминдер – соның дәлелі: 
класс – сынып, процент – 
пайыз, аудитория – дәрісхана, лектор – дәріскер, текст – мәтін, архив – 
мұрағат, виза – рұқсатнама, автобиография – өмірбаян, таможня – кеден, 
инвентарь – мүкәммал, информация – ақпарат, алфавит – әліпби, компетенция 
– құзыр, конфискация – тәркілеу, космос – ғарыш, проблема – мәселе, юстиция 
– әділет
т.б. [279].
Осы кезеңдегі жаңа қолданыстардың жасалу жүйесінде араб, парсы 
сөздерінің жаңа деңгейде өріс алуын зерттеуші А. Жиекбаева былайша 
түсіндіреді: «Осы кезеңде қоғамдық сана орыс сөздерінен де құтылуға бет 
бұрып, қоғамда пуристік көңіл-күй (жақсы мағынадағы) орын алды. Өзге 
тілдердің тарихына көз жүгіртсек, осыған ұқсас құбылыстарды көруге болады. 
Оның тағы бір себебі тәуелсіздік алған уақыттан бастап ата-баба дәстүрі мен 
ислам дінінің жандануы болып табылады. Ұмыт бола бастаған ислам 
құндылықтарына оралу арқылы академик Р. Сыздықова сөзімен айтсақ, осы 
діннің «жаны болып табылатын араб сөздерін» қайтаруға бет бұрдық. Тарих 
дегеніміз араға жылдар, дәуір салып қайталанып отыратын оқиғалар тізбегі 
дейтін болсақ, XIX ғасырдың алғашқы жылдарындағы қазақ баспасөзі тілінде 
қолданылып, тұрақтай бастаған сөздер қайтадан тарих сахнасына шығып, 
«екінші рет өмірге келгенін» мерзімді баспасөз беттерінен, дінтану саласы 
бойынша жазылған оқулықтардан көріп, байқауға болады» [279, б. 10]. 
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің енуін арнайы зерттеген
А. Жиекбаева жоғарыда келтірілген тұжырымына мынадай дәйектер келтіреді: 
«Енді «аптека»-ның орнына бұрын қолданыста болып, кейін шығып қалған 
дәріхана
сөзін, «лекция»-ның орнына 
дәріс
, «бастық»-ты 
әкім
, «секретарь» 


116 
деудің орнына 
хатшы
сөзін пайдаланудамыз, сол секілді 
рухани құндылық
– 
руханият

исламият, архив – мұрағат, музей – мұражай, пенсия – зейнет, 
зейнетақы, документ – құжат, некролог – қазанама, лаборатория – зертхана, 
комплекс – кешен, арендатор – жалгер, паспорт – төлқұжат, историзм – 
тарихаят, ресторан – мейрамхана, обсерватория – расытхана 
болып 
қолданыла бастады»
 
[279, Б. 10-11].
Кейбір араб-парсы сөздерінің қазақ тілінің фоно-морфологиялық 
заңдылықтарына сәйкестендіріліп, ұлттық тілдің бай лексикалық қорынан берік 
орын алғаны бүгінгі күнде белгілі болып отыр: 
неке, несие, қаражат, айып, 
қазына, жауапкер, жамиғат, хикмет 
т.б.
А. Байтұрсынұлының публицистикалық мәтіндерді көпшілік қоғамдық-
саяси, әлеуметтік-экономикалық терминдерді тұлғалық, мағыналық, құрамдық 
ерекшеліктерін сақтай отырып, калька тәсілімен аударғаны байқалады: срок 
хранения 
мерзімді өлшеуі
злоупотребление служебными обязанностями
– 
қызмет бабындағы жазықты қылмыс, 
начальная школа
– бастауыш мектеп, 
бинт – орауыш
, черносотенцы
– қаражүздер, 
казенный суд
қазыналық сот
товарищество


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет