алаңшасы ретінде қарастырылған (Айқын, 08.06.2015).
Жылына 1 миллион тонна жүкті өңдейтін контейнерлік алаңша мен әрқайсысы 150 метр болатын үш айлақ теңіз портының көліктік шамасын дамытуға септігін тигізбек (Айқын, 07.07.2015).
Ертеңінде бопсалаушы кеденші пара алу сәтінде қолға түсті (Егемен Қазақстан, 25.09.2007).
Бірақ Қанат Алдабергенұлы бопсалаушылардың құрығына түспей, өздеріне қарсы әрекет жасады! (Ана тілі, 09.07.2015).
Парламент Сенатының жалпы отырыс залы, әр комитеттің отырыс залдары ілеспе аударма жабдығымен жарақтандырылған (Ана тілі, 29.11.2012).
«Ұлттық мирас» ғылыми-зерттеу институты, жаңғырту шеберханалары, зертханалар, оқырман залдары бар кітапханалар, ілеспе аударма құралдарымен жабдықталған мәслихат залы, кафе, дәмхана орналасатын жайлар бар (Алматы ақшамы, 04.07.2014).
Тілімізде қоғамдық-әлеуметтік қызметтің
тәуелсіздік кезеңінде ғылым мен
техниканың сан саласына қатысты танымдық-ақпараттық тіл құралы ретінде
жаңа сөздердің жиі қолданыла бастағаны белгілі. Сондықтан ғалымдар қоғами-
публицистикалық әдебиетте (газет-журналдарда), күнделікті өмірде, ғылыми-
ағарту саласында, спортта, көпшілік жиі қолдана бастаған жаңа қолданыстарды
тіл~қоғам ,
тіл~мәдениет, тіл~ғылым // техника, тіл~бизнес, тіл~экономика, тіл~жаһандану, тіл~дін (имандылық) сабақтастығында қарастырады. Мысалы:
әуесқой, әуесқойлар түсірген фильм, радиоәуесқойлар жарысы, жазбалар, толғаныс, ізденіс, тебіреніс, тапсырыс, суреткер, байқампаздық, туынды, өміршеңдік т.б.
119
Бұлардың барлығы да бұрыннан бар ұғымдар болғанмен, салалық атау
ретінде қазақша баламасының қалыптасуы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне
байланысты. Мысалы, қазақ тілінің әлеуетін тиімді пайдалану нәтижесінде қазақ
тіліндегі спорттық жаңа атаулар мен жаңа қолданыстағы сөз тіркестері жүйесі
қалыптасуда.
Мысалы:
Дау-дамай қазақ аяқдобын тығырыққа тіреді (Қазақстан-Заман,
25.09.2008).
Алайда, Марий автономиялы республикасының астанасынан келген қазы Хохряков эпизодқа ешқандай қатысы жоқ Владимир Никитенконың