Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет70/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

құрамасы
 жоғары деңгейде өнер көрсетедi деген сенiм бар
(Алматы ақшамы, 
26.04.2012).
Реті келіп тұрғанда, бұл спорттық 
додада 
69 жүлде жиынтығы 
сарапқа салынғалы тұрғанын еске сала кетелік
(Егемен Қазақстан, 31.03.2010).
Спортқа қатысты жоғарыда келтірілген ұғымдар әлдеқашан санамызға 
орысша нұсқасында енген. Бірақ бұрын қазақша баламасын табуға деген 
тұтынушылық құлшыныс та, қоғамдық-әлеуметтік қызметке сай қажеттілік те 
болмады. Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан жоғарыда көрсетілген жаңа атаулар 
– қазіргі қоғамның ұлттық мүддесіне сай спорт аясында мемлекеттік тіл қызметін 
жандандыру мақсатында төл тілдің танымдық-ақпараттық құрал ретінде 
қалыптасу нәтижесі. 
Осы сияқты қазіргі уақытта дәстүрлі дінімізге қатысты айтылып жүрген 
кейбір қайшы пікірлер мен бұрмалаушылықтарды,
діни лексика мазмұнын қалың 
бұқараға баспасөз бетінде дұрыс түсіндіру мен таныту қазіргі қоғамдағы ізгілік, 
сабырлылық, имандылық сияқты ұғымдардың жаңа қолданыстық қызметін 
күшейте түседі. Мысалы: 
лаңкестік, жиһад, содырлар, шахид, вакхабизм
т.б. 
[281, Б. 21-29]. 


120 
Қазіргі қазақ баспасөзінде ерекше жетіліп, айқын байқалатын жайт – 
қоғамдық-саяси шындықтарды нақтылау қажеттігіне байланысты соңғы жиырма 
жылда белсенді қолданылған жаңа атаулар: 
егемендік, алаш, әнұран, елтаңба, 
рәміз, Нұрлы жол, Мәңгілік ел, Жасыл ел, ұлтжанды, дағдарыс, тәуелсіздік
тәуелсіздік ұраны, Ата Заң, ұлттық ой-сана, сыбайлас жемқорлық, лаңкестік, 
бопса, әлеует, науқан, құрылтай, алпауыт, бәсекелестік, ұстаным, жаһандану, 
босқындар 
т.б. 
3.2 Танымдық
-
ақпараттық құрал ретіндегі жаңа қолданыстардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет