Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


transfer , saat 12.00’ den sonra  check out



Pdf көрінісі
бет74/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

transfer
, saat 12.00’ den sonra 
check out
 yapabilme imkanı ve 
her 20 gecelik konaklama için seçeceğiniz bir Baglioni Hotels’ de 1 gece ücretsiz 
konaklama yer alıyor
(Vatan, 26.02.2014). 
Megastar
Tarkan yeni albümü Adımı 
Kalbine Yaz’ın ilk klibini Sezen Aksu imzalı ‘Öp’ adlı şarkıya çekti
(Vatan, 
05.09.2010). 
Bunun en somut örneklerinden bir tanesi “Sohbetler”i yayınladığı 
online 
kütüphanesi
(Milliyet, 30.12.2012).
Black Friday
2015 indirimleri Türkiye'de birçok 
mağazada erkenden başladı
(Sabah, 12.11.2014). 
Спорттық жаңа қолданыстарға келер болсақ, түрік ұлтының ең жақсы 
көретін спорт түрі футболдағы жаңа қолданыстарды қарастырдық.
«Түрік тілі қоғамы» 1974 жылы футбол терминдерін қолға алып, «Ayaktopu 
terimleri sözlüğü» (Аяқдоп терминдері сөздігі) [285] жарыққа шығарды.
Аталмыш сөздікте біраз терминдерді түрікшелендіруге талпыныс 
жасалды. Мысалы: 
ayaktopu
(футбол), 
ayaktopu kılığı
(футбол формасы), 
akıncı 
(шабуылшы), 
orta akıncı
(орталық шабуылшы), 
birinci 
(чемпион), 
birlik
(федерация), 
çalışma
(жаттығу), 
çalıştırıcı
(бапкер), 
çeyrek final 
(ширек финал), 


124 
çift vuruş
(айып соққысы), 
karşılaşma
(матч), 
köşe atışı
(бұрыштама соққы), 
savunucu
(қорғаушы) т.б. [285, б. 39]. 
Бірақ жоғарыда ұсынылған футбол терминдері қазіргі таңда түрік 
баспасөзінде көп қолданылмайды. Бұл жайт түріктердің ана тілі әлеуетіне мән 
бермей, қазақ тіліне қарағанда шетелдік баламаларға көбірек қызығушылығын 
байқатады. Мысалы: 
şampiyonluk 
(дода)
, forvet 
(шабуылшы),
antrenör 
(бапкер),
 
turnuva 
(дүбірлі дода),
 taraftar 
(жанкүйер),
 takım 
(команда),
 dünya birinciliği 
(әлем 
біріншілігі),
forma 
(форма),
gol 
(гол),
ödül 
(жүлде),
transfer 
(аударым),
tribün 
(трибуна),
 stat 
(стадион),
 pas 
(пас),
 kanat 
(қаптал, қанат),
bitiş 
(мәре), 
ceza sahası
 
(айып алаңы),
 aut 
(аут),
 kaleci 
(қақпашы),
 korner 
(бұрыштама),
 
Süper Lig 
(супер 
лига),
 
skor 
(есеп),
 maç 
(матч),
 hakem
 
(
төреші),
 atak 
(шабуыл),
 
penalti 
(пенальти),
 
puan 
(ұпай),
play-off

(плей-офф),
rakip 
(қарсылас),
 
kura çekimi 
(жеребе суыру),
 
ofsayt 
(оффсайд),
 çeyrek final 
(ширек финал),
 rövanş 
(реванш) т.б.
 
Жоғарыда келтірілген мысалдардан көрініп тұрғандай, екі тілде де, әсіресе 
түрік тілінде спорттық жаңа қолданыстарды көбінесе шетелдік баламамен атау 
үрдісі кең таралған.
Демек екі елде де бұл саладағы ұлттық сөзжасам жұмыстары әлі жүйелі 
түрде қолға алынбаған. Бұл жағдай екі түркі мемлекеттегі тілші-ғалымдарға 
алдағы уақытта көп міндет жүктейді.
3.3 Ғалам медиабейнесіндегі жаңа қолданыстардың прагматикалық 
және кумулятивтік қызметі 
Алдағы тарауларда тіл тұтынушысының санасына айтарлықтай әсер ететін 
рухани мәдениет пен тілдің коммуникативтік қызметі мен прагматикасына мән 
бермей, тілдегі жаңару үдерісі мен оның мотивациясын (уәжділігін) зерттеу 
мүмкін емес екенін көрсетуге тырыстық. Шын мәнінде, тілдік үдерістерді үнемі 
әрекетке келтіріп отыратын қозғаушы күш, қоғамдағы әлеуметтік, 
экономикалық, саяси, мәдени жағдайлар нәтижесінде күн сайын туындап жатқан 
жаңа ұғым, жаңа зат, құбылыстарды игеру қажеттілігі жүктелетін тілдің 
коммуникативті-прагматикалық қызметі арқылы айқындалады.
 
Себебі 
жаңа 
атаулардың адамдардың қызметі үшін пайдаланылуы оның коммуникативтік 
әлеуетін күшейтетін прагматикалық қызметін көрсетеді.
Жаңа атаудың осы аспектісіндегі қызметінің жаңа қоғамдағы айқын 
көрінетін көзі – медиакеңістік тілі. Тілдің белгілі сәттегі хал-ахуалын бекітіп
тілдің ішкі даму заңына байланысты жаңалануын тіркейтін маңызды құжат – 
баспасөз құралдары. Қазіргі таңда күнделікті баспасөз беттері мен теледидар, 
радиода, яғни тәуелсіз Қазақстан медиакеңістігінде кірме сөздердің бірқатары 
ауысып, жаңа қолданыстар жүйесін енгізу үдерісі жанданып, қалыптасуда. 
Осыған орай, қазақ газеттерінің бетіндегі жаңа қолданыстық сипаттағы 
этнолингвистикалық бірліктердің өзектелуінің прагматикалық аспектісіне 
ерекше назар аудару маңызды. Себебі, қандай да бір мәтіндегі автордың 
мақсаты, оның білімі, дүниетанымы, оқырманның қабылдау ерекшелігі, адресат 
пен адресанттың (мақала авторы мен оқырман) өзара тіл табысу мүмкіндіктері 
прагматикалық көрсеткіштер негізінде көрінеді. Ал прагматиканың міндеті 


125 
тікелей адресатқа ықпал етуге бағытталған тілдік қатынас коммуникациясын 
қолдану заңдылықтарын реттеу екені мәлім.
Заманауи медиамәтінде жаңа атаулар мен ұғымдар коммуникативтік 
стратегия ретінде коммуникациялық мақсатқа жету үшін белсенді қолданылады. 
Бірақ БАҚ тілінде қалыптасқан жаңа сөздер көп жағдайда атауыштық 
(номинативтік) қызмет атқара отырып, мақала авторының субъективтік 
бағалауын білдіреді.
Әдетте, медиамәтінде пайда болған жаңа атаулар әлеуметтік сұраныс пен 
қажеттіліктен туындайды. Көп жағдайда оқырман назарын аудару үшін таныс 
емес жаңа «сәнді» атаулармен көпшілікті елеңдетіп, қызығушылығын арттыруда 
жаңа атауларды іздеу қызметі де көрініс тауып жатады.
Мысалы: 
Марсель ауруханадан аман-есен шыққан соң міндетті түрде 
отбасыммен, ауруханадағы дәрігерлермен бірге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет