Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет95/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
oranından 
13 puan düşüktür
(«Zaman» газеті, 30.12.96).
Katılımcıların yüzde 90'ı Hristiyanlar için dini 
özgürlüğün önemine vurgu yaparken, Müslümanlar için sorulduğunda bu 
oran
 yüzde 
60'lara düştü
(Vatan, 30.12.2015).
Тәуелсіздік кезеңіндегі ана тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай қоғамдық 
қызметінің жан-жақты салаларда жандануына байланысты қалыптасқан жаңа 
қолданыстардың денін мазмұнында ұлттық-мәдени код астарланған әр түрлі 
аналитикалық атаулардың (бірнеше сөзден тұратын терминдер, фразеологиялық 
тіркестер мен оралымдар, тұрақты сөз тіркестері, қос сөздер) универбтенуі 
арқылы жасалған жаңа қолданыстар құрайды.
Қазіргі таңдағы тұрақты тіркестер мағынасы тарихи тұрғыдан алғанда 
еркін сөз тіркесінің тура мағынасында қолданылуынан тарайды. Кейін адам 
танымының кеңеюіне байланысты бұл фразеологиялық тіркестерден жаңа 
ұғымды атау мақсатында номинативті мағына беру құралы ретіндегі туынды 
жаңа атау жасалады.
Бұл құбылысты профессор Р.Ә. Авакова «фраземалардың таңбалық-
символдық семантикасы» деп анықтайды: «Тіл-тілдегі фраземалар – халықтың 
әр кезеңдегі тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде пайда болған, 
бойына ғасырлар құпиясын атадан балаға мұра ретінде сақтаған элементтер» 
[195, б. 138].
Демек, ғалымның пайымдауынша «...фразема жасауға ұйытқы символ 
сөздердің табиғатын ашу барысында әр халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын, 
дүниетанымы мен мәдениетін, этнографиясы мен тарихын және т.б. әлеуметтік, 
экстралингвистикалық 
факторлар 
арқылы 
ономасиология 
аясында 
қарастырылатын саяси, қоғамдық факторларды ескерген жағдайда олардың 
уәждерін ашуға болатыны сөзсіз» [195, б. 140].
Бұл тұжырым осы орайда қалыптасқан жаңа қолданыстар мазмұнындағы 
лингвомәдени кодты ашуға септігін тигізетін аялық білімді дәйектейді.
Газет бетін ең алғаш ашқанда, оқырманның назарын аударатын – өткір, 
нысанаға дәл тиетіндей сәтті, табылған тақырып. Сондықтан тақырып ретінде 
асыл қазына, ұшан-теңіз байлығымыз ретіндегі тұрақты тіркес, мақал-мәтелдерді 
орынды пайдалана білу – мақала мазмұнындағы ұлттық код кілтін ашатын
тиімді 
прагматикалық амал.


146 
Мысалы: 
«Жығылып жатып сүрінгенге күлмейік» 
(Жас Алаш, №57, 1999),
 
«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» 
(Егемен Қазақстан, 12.10.2010); «
Төртеу 
түгел болса, төбедегі қаржы түседі»
(Айқын, 1997), 
«Құда – мың жылдық, 
депутат қанша жылдық?»
(Жас Алаш, 06.07.2004), 
«Ұрлық етсең қорықпай, 
тояды қарның торықпай»
(Жас Алаш, 1998), 
«Баяғы жартас бір жартас»
(Ана 
тілі, №20, 04.02.2010), 
«Қыз өссе елдің көркі»
(Егемен Қазақстан, 15.01.2015), 
«Ұлық болсаң, кішік бол»
(Алматы ақшамы, 03.02.2016),
«Армансыз адам – 
қанатсыз құспен тең»
(Ана тілі, 25.11.2014) т.б. 
Дәл осы үрдіс түрік баспасөзінен де байқалады.
Мысалы:
“Acele işe şeytan karışır” 
(Milliyet, 03.12.2009
), “Yok devenin 
pabucu”
(Milliyet, 20.07.2015), 
"İki karpuzu bir koltuğa sığdırıyorum" 
(Hürriyet, 
03.11.2011), 
“Mal canın yongasıdır kavgası”
(Hürriyet, 03.10.2009), 
“Öfkeyle kalkan 
zararla oturur”
(Vatan, 03.11.2012), 
“Parayı veren düdüğü çalar”
(Vatan, 
30.07.2012), 
“Vakit nakittir”
(Hürriyet, 09.12.2013), 
“Yarası olan gocunur”
(Vatan, 
23.02.2010), “
Zorla güzellik olmaz
” (Milliyet, 20.08.2014), “
Leyleğin ömrü laklakla 
geçer
” (Sabah, 27.02.2014
), “İt iti ısırmaz” 
(Sabah, 12.08.2015), “
Güneş girmeyen 
eve...”
(Milliyet, 11.08.2014), 
“Demokrasi gülünün dikenleri”
(Vatan, 20.06.2009) 
т.б. 
Сайып келгенде, қазақ және түрік баспасөзінде жиі қолданылатын төл 
терминдер мен жаңа қолданыстар мазмұнында астарланған ұлттық-мәдени код
жалпы сөзжасам үдерісін түзетін когнитивтік тетік ретінде танылады.
Себебі: «Уақыт пен кеңістік контексінде қоғамдағы тіл қызметінің тілді 
тұтынушының санасы мен әрекеті аясындағы, атап айтқанда, қазақ тілінің 
мемлекеттік тіл ретіндегі коммуникативтік қызметінің жоғары қоғамдық 
қолданысының ерекше көрінісі – газет прагматикасы. Бұл арада газет тілінің 
аясында 
адресант
(журналист)
– газет мәтіні – адресат (оқушы)
байланысына 
ерекше мән беріліп, осы мақсаттағы прагматикалық пресуппозиция 
психолингвистикамен, социолингвистикамен ұштасады. Газет мәніндегі астарлы 
т.б. мәндермен астасып, жаңа эспрессивті бояуға ие болған сөздер (
жаңа қазақ, 
билік, шенеунік
т.б.), жаңа сададағы имандылық мазмұнға ие болған діни 
лексика, жағымсыз бағалауыш лексика (
жемқорлық, жымқыру
т.б.), әр түрлі сөз 
құбылтулар мен жаңа қолданыстардың прагматикалық мәні жеке сөз шеңберінде 
емес, қазіргі қазақ газет мәтіндерінің тұтас жүйесінде анықталатыны соңғы 
зерттеулер барысында айқын көрінеді. Және газет мәтініндегі контекстік мағына 
негізінде қалыптасқан прагматикалық мағынаның бара-бара негізгі мағынаға да 
айналып кететінін де газет тілін зерттеу нақты көрсетеді. Мысалы, 
шенеунік, 
тұсаукесер 
т.б.» [262, б. 560]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет