148
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу барысында айқындалған негізгі тұжырым: жаңа қолданыстардың
түрік тілінде дамып, қалыптасуына байланысты мәселелердің көпшілігі қазақ
тілінде де өзектелген осы мәселелермен үндеседі. Оның негізгі себебі: XXI
ғасырдағы жаһандану заманына тән инновациялық үдерістер әлемдік тіл
жүйесіне қарқынды өзгерістер әкелді. Ол әсіресе икемді әрі өзгермелі сипатымен
ерекшеленетін тілдік жүйенің лексикалық деңгейінде айқын байқалады. Соның
көрінісі ретінде, қазіргі кезеңде саяси, мәдени және экономикалық салаларда
қарқынды жаңарулардың тілдік өрнектері қазақ және түрік тілдерінің
лексикалық және сөзжасамдық жүйесінен көрініс тауып, БАҚ беттерінде
«неологиялық жарылыс» орын алуда.
Осыған байланысты қазіргі таңда тілде пайда болған жаңа қолданыстарды
тіл~таным~қоғам
контексінде зерттеудің тіл біліміндегі өзектілігін
басшылыққа ала отырып, қазіргі замандағы баспасөз тілінің кешенді болмысына
сай жүргізілген зерттеу барысында төмендегідей қорытынды жасалды:
- тарихи-әлеуметтік
жағдаятқа
сай
тіл~қоғам,
тіл~мәдениет,
тіл~ғылым // техника, тіл~бизнес, тіл~экономика, тіл~жаһандану,
тіл~дін
(имандылық)
т.б. сабақтастықтағы белсенді сөзжасамдық үдерістерді
бейнелейтін жаңа қолданыстар – қазақ және түрік танымы мен төл мәдениетіне
тән қалыптасқан тіл құралдары екендігі дәлелденді;
- санадағы
жаңару
үдерісінің
тілдік
бейнесі
ретіндегі
жаңа
қолданыстардың болмысы неология, неография салаларының ғылыми-
әдістемелік базасына сай сипатталып,
«
неологизм», «жаңа қолданыс», «жаңа
атау», «жаңа сөз», «жаңа ұғым» атаулары негізінде түсіндірілді. Олардың
болмысын тану барысында жаңарған және мағынасы жаңғырған атауға қатысты
«жаңа қолданыс», ал жаңа сөздер туралы ілімге қатысты «неологизм»,
«неолексема», «неофразема», «неосемема» терминдері арқылы мазмұны
ашылды;
- қазақ және түрік лексикасындағы жаңа қолданыстар тек қоғам
танымындағы, санадағы жаңару ұғымының ғана атауы емес, жалпы лексиканы
байытатын даму үдерісінің де тілдік таңбасы екендігін оларды
тіл~мәдениет
сабақтастығында лингвокогнитивтік талдау арқылы ғана анықтауға болатыны
айқындалды. Бұл мәселе тәуелсіздік кезеңінде құрастырылған он бес томдық
«Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» және Түркияда жарық көрген түрлі
терминологиялық сөздіктерге енген жаңа қолданыстардың, жаңғырған
атаулардың концептуалдық талдануы арқылы дәйектелді;
- тіл арқылы танылатын тіл иесінің
ұлттық болмысы мен дүниетанымына
тән күнделікті қолданыс тәжірибесі мен заманға сай қызметі т.б. тілден тыс
факторларды, атаулардың ономасиологиялық сипаты мен этномәдени уәжділігін
тіл арқылы тану тиімділігі нақты көрсетілді;
- жаһандану кезеңіндегі жаңа қолданыстардың антропоөзектік жүйесі
баспасөз тіліндегі тіл иесі танымына негізделген қазақ және түрік әлемінің тілдік
бейнесін концептуалдық, мәнмәтіндік талдаулар арқылы түсіндірілді;
149
- лексика – тіл тұтынушы қоғамның жалпы күйін ғана емес, қоғам
мүшелерінің ой-санасын да зерттеуге негіз болатын тілдік қазына. Зерттеу
жұмысында шындық дүниедегі өзгеріс көрінісі ретінде тілдің лексикалық
құрамының жаңа сөздермен толығып отыруы, қоғамның жаңа ұғымдар мен
реалийлерге атау беруге ұмтылуы қоғамдық-әлеуметтік мүддеге сай заңды
құбылыс
екені
тіл~таным~қоғам
сабақтастығында
қарастырылды. Неологизмдермен
салыстырғанда
жаңа
қолданыстардың
танымдық-ақпараттық құрал ретіндегі қызметі қоғамдық-әлеуметтік санадағы
үдерістің тілдік көріністерінің негізгі қолданыс аясы – баспасөзде айқын
көрінетіні ғалам медиабейнесіндегі жаңа қолданыстардың прагматикалық және
кумулятивтік мәнін нақты мәнмәтіндік талдау арқылы дәлелденді;
- зерттеу нәтижесінде қазақ және түрік баспасөзіндегі жаңа қолданыстар
мазмұнында тілдің өз мүмкіншіліктерін сарқа пайдалану қағидасына сай
астарланған лингвомәдени кодты ашу когнитивтік тәсіл деп тұжырымдалды.
Зерттеу
жұмысында
түрік
тіліндегі
жаңа
қолданыстардың
лингвокогнитивтік даму жүйесінің мынадай ерекшеліктері айқындалды:
- Түркияда Ататүрік кезеңінен бастау алып, 1940-1950 жылдары ерекше
қарқынмен жүргізілген «Тілді тазарту» науқандарының бара-бара өзектілігі
әлсіреп, дәл қазір тіпті бәсеңдеп қалғаны байқалады;
-
кезінде Ататүрік басшылығымен сәтті өткізілген тіл реформасынан кейін
түрік тілі біршама тазаланып, бөгде тілдік элементтерден (көбінесе араб, парсы)
едәуір арылса, қазіргі таңда әлемдегі барлық тілдер сияқты түрік тілі де Батыс
тілдерінің экспансиясына ұшырап отыр. «Түрік тілі қоғамының» жанкешті
жұмыстарына қарамастан, жаһандану үдерісі нәтижесінде қазіргі түрік тілінде
аталмыш қоғам ұсынған баламалардың орнына көбінесе шетелдік сөздерді
пайдалану үрдісі байқалуда;
-
түрік санасында француз, итальян, ағылшын, грек сөздерінің әуезділігі
мен құлаққа жағымдылығына басты назар аударылуымен байланысты
түрік
тілінде жаңа сөздерді қабылдау барысында эстетикалық принципке ерекше мән
берілетіні көрсетілді;
-
«Түрік тілі қоғамы» сайты ұсынып, түрік баспасөзінде үнемі жарияланып
тұрған көптеген жаңа атаулардың күнделікті қолданыстан шығып қалуы түрік
баспасөзінде сол сөздердің бұрынғы шеттілдік баламаларын қолдану үрдісінің
күшеюімен байланысты екені анықталды;
-
кезіндегі Ататүрік дәстүрі ұмытылып, тілдік реформа кезінде түрік
тілінен шығарылған кейбір араб-парсы сөздерінің тілге қайта кіру фактілері жиі
кездесуі Түркияның қазіргі үкімет басына келген исламшылдар ұстанып отырған
саясаты және «араб-парсы сөздерін тілге қайта енгізу арқылы бұрынғы османдық
бай әдеби мұраларға біршама жақындаймыз, әрі араб-парсы варианттар түрік
тілінің синонимдік қатарын байыта түседі, тілге одан ешқандай зиян келмейді»
деген пікірлерінің ықпалымен түсіндірілді;
-
Түркияда мыңдаған халықаралық терминдердің пайда болуына әкелген
мынадай экстралингвистикалық факторлар көрсетілді: 1) 2000 жылдары
Түркияның Еуроодақ мүшелігіне үміткер болуына байланысты Еуропа мен
150
Түркия арасында дипломатиялық, экономикалық, саяси, мәдени, ақпараттық
қарым-қатынастардың ерекше қарқынмен жандануы, Еуроодақ тілдері мен түрік
тілі арасында мыңдаған заңнамалық актілер мен құжаттардың аударылуы түрік
терминологиясы дамуының ұлттық бағдарын тежеді; 2) Түркия мен
Қазақстанның
демографиялық
жағдайындағы
айырмашылық.
Қазір
Қазақстандағы қазақтар саны – 13 млн., түріктер – 83 млн. Адам саны 90 млн.-ға
жуық, мыңдаған веб-сайты, мыңнан астам ресми және бейресми телеарнасы,
жүздеген радио арнасы бар Түркия халқының күнделікті тілдік қолданысын
бұрынғыдай үкімет тарапынан қатаң бақылап, қадағалау қиыншылық туғызуда;
3) ұзақ ғасырлар бойы империя болып, ешқашан біреудің қоластында бодан
болып көрмеген түріктердің ұлттық сана-сезімі – түріктердің когнитивтік
санасының ерекшелігі. Оның басты себебі – елдегі негізгі ұлт – түріктер санының
басымдығы (82%) және бүкіл халықтың жаппай түрік тілінде сөйлеуі; 4) қазіргі
Түркияда бұл мәселені қолға алып, ұйымдастырып, біріздендіретін Ататүрік
секілді біртуар тұлға жоқтығынан туындаған «Түрік тілі қоғамы» ұсынып
отырған жаңа сөздерге тіл тұтынушы қоғамның енжарлығы; 5) қазіргі жаһандану
дәуірінде шетелдік сөздердің түрік не қазақ тіліне ықпалын азайтудың бірден-бір
жолы – ғылым мен техниканың төл өнімдері ретіндегі техникалық жиһаз не
құралдарға түркі атауларын беру арқылы бүкіл әлемге «түркі әлемін» таныту;
Қорыта айтқанда, Қазақстан және Түркия Республикаларының
бәсекелестікке қабілетті ел ретінде қай салада болмасын қарқынды дамуы
интеграциялық қарым-қатынасты күшейтті. Соған орай тіл тұтынушысы
санасында ғылым мен білім қорының жаһандану үрдісі қалыптасуда. Бұл үрдіс
инновациялық жүйенің тиімді қолданылуына негізделген қазақ-түрік тіл
білімінің ғылыми-теориялық негіздемесін дамытуды қажет етеді. Сондықтан
қазақ және түрік тілдерінің жаңа өмірге икемделген заманауи лексикасы мен
жаңа атауларының мән-мазмұнын ашу аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |