Түйін
Бҧл мақалада шығыстың ҧлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ӛзара тҥсіну
теориясының негізін талқылайды және антикалық, тҥрік, ислам – әр тҥрлі мәдени
әлемдердің арасында «сҧхбат кӛпірін» қҧрудағы баға жетпес тәжрибесін кӛрсетеді. Қазіргі
философиялық дискурсқа әл-Фараби мҧрасы енгізілуде, яғни Шығыстың да, Батыстың да
ойшылдары ӛзара тҥсіну концептін қызу талқылау ҥстінде.
Түйін сӛздер: Әл-Фараби, ӛзара тҥсіну, сҧхбат, мәдениетаралық сҧхбат, жаһандану.
Summary
The article analyzes essence and foundations of the theory of mutual understanding of the
great eastern philosopher Abu Nasr al-Farabi, and his invaluable experience in building up
"dialog bridges" between the different cultures of the world - ancient, Turkic, Islamic. Heritage
al-Farabi is introduced into the modern philosophical discourse, where the concept of mutual
understanding is actively discussed and the eastern and western thinkers.
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
11
Keywords. Al-Farabi, mutual understanding, dialogue, philosophy of mutual
understanding, intercultural dialogue, globalization.
АДАМИ КАПИТАЛ – ӚРКЕНИЕТ НЕГІЗІ
Ә
.
Ж. САПАРБАЕВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақстан Республикасы Ҧлттық ғылым
академиясының Қҧрметті академигі,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
Мақалада өркениет және инновациялық экономиканың дамуының негізгі кепілі
болып табылатын адами капитал жайында айтылады.
Түйін сөздер: капитал, инновация, білім, ғылым, технология, экономика.
Тәуелсіздіктің алғашқы кҥндерінен бастап, адами капиталды дамыту, оның ішінде
халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету - Мемлекет басшысы саясатының басым
бағытына айналды. Елбасы «ақылды экономика» қҧру ҥшін ең алдымен адами
капиталды дамыту қажет екенін бірнеше рет атап ӛтті. Осы мақсатта тҥбегейлі шешімдер
қабылдап, әлемдегі озық бастамаларды игеруге барынша қолдау кӛрсетіп келеді.
Адами ресурстарды дамыту – табысты мемлекет қҧрудың тиімді тетіктері қатарында
танылып отырған мәселелердің бірі. Елбасымыздың ӛркендеу жолындағы мемлекеттердің
«ақылды экономикаға» арқа сҥйегенін, адам капиталына инвестиция салудың
Қазақстанды дамыту векторларының бірі екендігін атап кӛрсетуі бҧл мәселенің
маңыздылығын арттыра тҥсті. Адами капиталды дамыту халық денсаулығына, ҧрпақтың
ӛсуіне тікелей ықпал етумен бірге, білімді тарату, экономиканың инновациялық әлеуетін
арттыру арқылы ӛндіріс кӛлемінің артуына, сол арқылы ҧлттық табыстың молаюына әсер
етеді.
Әлемнің ең озық дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіп отырған Қазақстан
ҥшін адами капиталды дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізудің маңызы аса зор [1] .
Ғалымдардың тҧжырымдауы бойынша адам капиталының тӛрт саласы: білім беру,
денсаулық сақтау, жҧмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың лайықты болуы – ӛмірге
қанағаттанудың жоғары деңгейіне жетудің міндетті шарты. Кез келген жетістіктің негізі
сияқты, адам капиталы сапасының жоғары деңгейін де жақсы білім мен мықты денсаулық
қамтамасыз етеді. Ал бҧл екеуінің жоғары ӛнімділігі осы салаларды дамытуға салынған
инвестициялар мен жҧмсалған кҥш-жігерді ақтайтын, әрі заман талабына бейімделген
еңбек нарығына тікелей байланысты.
Қоғамның ілгерілеуі – білімге тәуелді. Бҧл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Білім
– адамзат баласының қол жеткізген ҧлы игіліктерінің бірі. «Білімді болуға – оқу, бай
болуға – кәсіп, кҥшті болуға – бірлік керек» екенін ӛткен ғасыр басында Ахмет Бай-
тҧрсынҧлы кӛрегенділікпен айтып кеткен. Жас ҧрпаққа саналы білім беріп, саламатты
ӛмір салтын ҥйрету қазіргі қоғамның басты мәселесі. Тәуелсіз еліміздің тҧғыры биік,
іргесі берік болуына білім саласының сапасы тыңғылықты ықпал етеді. Осы бағытта
Елбасының бастамасымен білім саласында қажырлы еңбектер жалғасуда. Еліміздің білім
және ғылым саласын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары
талқыланып, білім беру жҥйесінің барлық деңгейлерінің негізгі бағыттары Ҥкіметтен
қолдау тапты.
Білім беру жҥйесін реформалау нәтижесінде Қазақстанда білім алған әрбір
азаматтың әлемнің кез келген елінде білікті маман ретінде бағаланатындай деңгейге
жетуін мақсат ету ӛте орынды талап. Ӛйткені, жоғары білім беру жҥйесі тек еліміздің ғана
емес, әлемдік қауымдастық елдерінің еңбек рыногына лайықты мамандар дайындауы тиіс.
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
12
Бҧл ҥшін білім беру саласында сапалы қызмет кӛрсетуге бағытталған оқу ҥдерісін
ҧйымдастырудағы ӛз ҧстанымдарымызды қайта қарауымыз қажет. Ол міндеттерді тек
жаңа талаптарға жылдам икемделе алатын, ішкі мәселелерін ӛздігінен шеше алатын
жоғары оқу орындары ғана орындай алады. Сондықтан, оларға оқу ҥдірісін ҧйымдастыру
мәселелерін дербес шешу қҧқықтары берілуі керек. Сонда олардың тҥлектері еңбек
рыногында сҧранысқа ие болады. Ал, Білім және ғылым министрлігі дайындалған
маманның еңбек рыногы бағасын беретін сапасын қадағалауы тиіс. Ондай бақылауды
орнату ҥшін жҥргізілетін аккредитациялау, аттестациялау немесе әлемдік стандарттар
деңгейінде сертификаттау сияқты пәрменді шаралар ӛз рӛлін жақсы атқарады деп
ойлаймыз.
Яғни, алдыңғы қатарлы әлемдік беталысқа сәйкес болу мақсатында білім беру
жҥйесінің ішкі тҥрлендіріліуін қажет етеді. Бҧл білім беру жҥйесінің сыртқы ортаға
бейімделуі жағдайында және оның қазіргі заманның келешекке жасайтын жаңашыл
қадамдарына ықыласты ҧмтылыс кезінде ғана мҥмкін. Осыған сәйкес білім берудің мәні
ғана емес, сонымен қатар оқыту нысандары да тҥпкілікті тҥрде ӛзгереді, бҧған ең
алдымен қашықтықтан оқытуды және де интерактивті оқыту әдістерін (іскерлік ойын,
проблемалық жағдай, кейс-технологиялар) жатқызуға болады. Оқыту ҥдерісінде
проблемалық-бағдарланған және жобалық-ҧйымдастырылған тәсілдерді қолдану керек.
Елбасы белгілеп берген «Нҧрлы жол» жаңа саяси стратегиялық даму бағыты –
қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа
топтастыратын тарихи қҧжат болып табылады [2].
ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында елімізде білім беруді дамытуға арналған
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» атты қҧжат Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілді. Бҧл қҧжат бойынша, ХХІ
ғасырдың екінші онжылдығындағы еліміздегі білім берудің мақсаты экономиканың
орнықты дамуы ҥшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами
капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп айқындалған.
Салыстыру ҥшін «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» білім берудің мақсатын да келтіре
кетейік. Ол «адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тҧлға мен қоғамның
қажеттіліктерін қанағаттандыру ҥшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі
стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде кӛп деңгейлі білім берудің
ҧлттық жҥйесін жаңғырту» деп тҧжырымдалған. Осы мақсаттарды салыстырайықшы.
2005-2010 жылдарға арналған бағдарламадағы мақсат білім беруді әлеуметтік мәселе
ретінде кӛтерсе, ал 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламадағы мақсат білім беруді
экономикалық мәселе ретінде қарастырғаны кӛзге айқын кӛрініп тҧр. Тіпті білім берудің
қазіргі мақсатындағы «экономика», «адам капиталы», «бәсеке» деген сӛздердің ӛзі бҧған
дейін экономикада және оның жекелеген салаларында қолданылатын терминдер емес пе?!
Ал олардың енді білім саласының бағыт-бағдарын айқындайтын тҧжырымнан нық орын
алуы мемлекеттің білім беруді экономиканың мәселесі ретінде қарастырып тҧрғанын
білдірмей ме?! Демек, енді бізде де дамыған елдердегідей адамның біліміне салынған
қаржы ертең еселеніп, табыс әкелетін экономикаға салынған қаржы ретінде қарастырылып
отырғаны қуантады.
Мемлекеттік бағдарламада бҧдан басқа, білім мекемелерін қаржыландыру, бейіндік
оқыту, білім беру ҧйымдарын басқару, оқу процесін автоматтандыру, мектепке дейінгі
ҧйымдар, 12 жылдық оқыту моделіне кӛшу, инклюзивті білім беру және тағы басқа
мәселелер бойынша әрбіреуі осындай бір-бір әңгімеге арқау болатын мәселелерді
жетілдіру жолдары қарастырылған.
Бҥгінгі кҥні мемлекеттің экономикалық жетістігі ең алдымен адами фактормен,
азаматтардың интеллектуалды әлеуетімен анықталатыны әлемде мойындалды. Жоғары
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
13
дамыған экономикасыз алыс та жақын, жарқын болашақ мҥмкін емес. Ғылыми зерттеу
мен терең білімсіз экономиканың дамуы мҥмкін емес.
Елбасы «Назарбаев Университеті» студенттеріне оқыған дәрісінде «Сарапшылардың
есептеуі бойынша, мықты дамыған елдердің ҧлттық байлықтарының жалпы кӛлемінің
шамамен 15 пайызы - материалдық қҧндылықтарға, 15-20 пайызы - табиғат қорларына, ал
65 пайызы - адам капиталына келеді», деп атап ӛтті. Сонымен, адам капиталы адамның
білім алу мен тәжірибелік қызмет барысында алған және оған кәсіптік қызметін
ойдағыдай орындауға жағдай туғызатын білім, іскерлік, дағды тҥрлерінде капитал ретінде
анықталады. Алайда, бҧл ҧғымды біз едеуір кеңейте аламыз, әсіресе, егер біздер адам
капиталы туралы елдің жаңартулық дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
контекстінде айтсақ. Адам капиталы - тҧрақты дамудың қҧрылымдық қҧрамның бірлігі.
Адам капиталын дамыта келе біз тек тҧрақты даму жолмен ғана емес, сонымен қатар
бәсекеге қабілетті қоғам қҧра аламыз» - деп айтып ӛткен болатын.
Сонымен, адам және еңбек әлеуеттерін іске асыруда қажетті жағдайлар мен
мҥмкіндіктер және басқалармен қатар екі басты фактор қамтамасыз етеді. Олардың
біріншісі - белсенді және жемісті қызмет жасауға мҥмкіндік беретін денсаулық. Екінші
фактор - қол жетімді, сапалы және ҥздіксіз білім, себебі дәл осы жалпы және кәсіптік білім
және жаңа технологиялар инновациялық даму, ӛндірістердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мен замануи экономиканың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Бҥгінгі таңда қалыптасқан еңбек нарығында білімді, шығармашылық тҥрде креативті
ойлай алатын, интеллектуалдық әлеуеті жоғары, алған білімін кез келген салада қолдана
алуға қабілетті мамандар дайындау жоғары оқу орындарының басты мақсаты болмақ.
Білім саласындағы олқылықтарды жою мақсатында Елбасы Ҥкіметке бҧл салаға қосымша
70 млрд. теңге кӛлемінде қаржы бӛлуді тапсырды. Мектепке дейінгі білім беру саласына
да ҥш жылдың ішінде қосымша 20 млрд. теңге қаржы бӛлінетін болды. Еліміздегі 10
жоғары оқу орны индустрияландыру бағдарламасы аясында ғылым мен экономика
салаларының байланысын қамтамасыз ететін және мамандар даярлайтын жоғары оқу
орындарына айналмақ. Елбасы «Нҧрлы Жол» Жолдауында бҧл мәселеге де кӛрегендікпен
қарап, 10 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға 2017
жылға дейін 10 млрд. теңге қаржы бӛлуді Ҥкіметке жҥктеді. Мҧндай қамқорлық, білім-
ғылым саласына деген Президентіміздің ерекше назары жоғары оқу орындары
ҧжымдарының қызметіне жаңа серпіліс береді және жаңа белестерді алуға ҧмтылдырады.
Болашақ ҧрпақтың сапалы білім алуы ҥшін заманауи әдістер мен технологияларды
ендіру, білім беру жҥйесін тҧтастай инновацияландыру, жастардың білімге
қолжетімділігін кеңейту сияқты мәселелерге жыл сайынғы Жолдауда арнайы кӛңіл
бӛлінуі жастар мәселесінің мемлекеттік деңгейде қарастырылатынын кӛрсете отырып,
еліміздің білім беру жҥйесіне де зор міндеттер жҥктейді.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиеден бастап, жоғары білім беру жҥйесінің
барлық деңгейлерінде оқыту мен тәрбиелеу ҥдерісінің адам капиталын дамытуға
бағытталуы елдігіміздің белгісі десек артық емес.
Жоғары оқу орындарының ҧлттық зерттеу университетіне трансформациялану
жӛніндегі стратегиялық бағытына оң баға беріп, әртҥрлі салалық білім мен ғылымның
интеграциялануына қатысты бірқатар нақты тапсырмалардың берілуі қҧптарлық жағдай.
Яғни, келешектің кілті кемел білім мен сол білімді кемелдендіретін ҧлы кҥш ғылым
екендігіне ӛте ҥлкен маңыз берілуде. Қазіргі заманда келелі даму кепілі – кемел білім мен
ғылымда екені ақиқат. Экономиканың кез келген саласына ғылымды сыналап емес,
тереңдеп енгізетін дәуір келді. Мемлекет басшысы ғылымды ӛркендету ҥшін венчурлік
қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау,
сондай-ақ, ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру жӛніндегі заңды жетілдіру
керектігін шегелеп, оның орындалу мерзімін де Ҥкіметке белгілеп берді.
Елбасы жолдауларының басты ҧстанымдарының бірі ғылымды қажетсінетін
экономиканы жҥзеге асыру бағытында ӛскелең елдің айбынды болашағын қамтамасыз ету
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
14
ҥшін ең әуелі білім сапасын арттыру қажеттігі. Ол ҥшін еліміздің білім саясатында
ғылыми-техникалық әлеуетін жҧмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту
жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін ӛндіріске енгіздірту
инновациялық дамудың негізгі кӛзі. Қазақстанның болашақтағы даму бағытын
айқындайтын маңызды факторлардың бірі білім саясатының дҧрыс әрі нәтижелі жҥргізілуі
болып отыр.
Білім беру мен ғылым салаларын әлемдік стандарттарға жауап беретін деңгейге
жеткізуде мемлекеттің бҥгінге дейін ғылым саласына бӛлінетін қаржы 0,4 пайыз
кӛлемінде ғана болса, енді оны 3 пайызға дейін кӛтеру қажеттігі айқындалды. Бҧл ӛте
қҧптарлық жағдай. «Мәңгілік Ел» атануымыз ҥшін ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылуымыз керек. Ол ҥшін ел экономикасын ӛркендету, бәсекеге қабілетті болу,
индустриялық-инновациялық
дамыту
бағдарламасынан
ғылымға
негізделген
экономикалық стратегияға бірте-бірте ауысуымыз қажет. Сол себепті, бәсекеге қабілетті
маман дайындау еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының мақсаты мен
міндетіне айналуы тиіс. Осыған орай, жоғары оқу орындары білім берумен шектеліп
қалмай, олар қолданбалы және ғылыми зерттеу бӛлімдерін қҧрып, осы сала әлеуетін
арттыруды қолға алу қажет.
Ғылыми қызметті қаржыландырудың базалық, бағдарламалы-мақсаттық және
гранттық – ҥш жҥйеден тҧратын бағыты белгіленіп, орындалу ҥстінде. Кӛріп
отырғанымыздай, мемлекет ғылымды дамытуға қажетті барлық шараларды жасады. Бірақ
мҧның барлығы білікті кадрлар болмаса, бекер болары анық. Қазір алдыңғы қатарлы ғы-
лым салаларында жҧмыс істейтін талантты ғалымдар ауадай қажет – бҧл бір. Екіншіден,
заман ҥрдісін пайымдап, жаңа теориялық-әдіснамалық деңгейде ғылыми жҧмыстар жҥр-
гізетін мамандардың саны мен сапасын кӛтеру бҥгінгі кҥн талабы. Ӛкінішке орай, соңғы
жылдары ғылымдағы сабақтастық мҥлдем ҥзілмесе де, ӛте тапшы екенін мойындауымыз
керек. Ҥшіншіден, заманның ауыр кезінде кҥн кӛріс қамымен кӛптеген талантты жас
мамандар ғылымнан кеткені рас еді. Ал, олардың орнына келген жас ғылыми
қызметкерлердің жалақысы кҥн кӛрісіне жетпейтін болғандықтан таланттылар азая берді.
Заман тҥзелгенде олар ғылым кӛшінен қалып қойып, қайта орала алмады. Тӛртіншіден,
тәуелсіздік заманында ғылыми жҧмыстар жазып, диссертация қорғаған жастар болды.
Олардың басым бӛлігі жоғары оқу орындарында ҧстаздық етті. Сол қызметтің астында
қалып олар іргелі ғылыммен айналыса алмады. Жасыратыны жоқ, бҥгінгі кҥні де сол
оқытушылардың мҥмкіндіктері шектеулі. Оның әртҥрлі себептері бар. Сонымен қатар,
диссертациялық ғылыми кеңестердің жабылуына байланысты дайын болған бірталай
ғылыми жҧмыстар қорғалмай қалды. Содан кейін біраз жастар ғылыми атаққа қосылатын
қосымша қаражаттан да қағылып қалды. Әрине, соңғы жылдары PhD-докторларын
дайындау бойынша ізгілікті жҧмыстар жҥргізілуде. Бесіншіден, Елбасының ғылымды
дамытудың басты бір жолы сол ғылымды жасайтын адамдардың ӛмір сҥру деңгейін
кӛтеру жӛніндегі ҧсыныстары ӛте қҧптарлық.
Соңғы жылдары қазақстандық ғылымды қаржыландыру тӛрт есеге жуық ҧлғайып,
ҥстіміздегі жылы 18,5 миллиард теңгені қҧрады. Ғылымды дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы жҥзеге асырылуда. Осының арқасында Қазақстан жаһандық бәсекелестік
рейтингінің «Инновациялық даму» индексі бойынша 13-орыннан кӛрінді. Бірақ,
қазақстандық ғылым әзірше экономикаға кіріге алмай жатыр. Мәселен, кӛптеген ғылыми
зерттеулердің нәтижесін бизнестік қҧрылымдар қажетсінбейді. 15 мың ғалымнан тек бір-
екеуі ғана халықаралық патенттер ала алады. Сондықтан, басқарудың моделін ғана емес,
сондай-ақ, ғалымдардың ӛз қызметіне деген кӛзқарасын ӛзгерткен маңызды.
Ғылымның бҥгінгі басты міндеттерінің бірі, соңғы ғылыми-инновациялық
технологияларды, заманауи теориялар мен методологияны игерген ғалымдардың жаңа
буынын тез уақытта қалыптастыру болып табылады. Ол ҥшін ғылымның барлық қажетті
салалары бойынша PhD докторантураға квотаны бірнеше есе кӛбейту негізінде және
докторантурада оқитындардың саны мен сапасын алыс-жақын шетелдік ғылыми-зерттеу
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
15
институттарымен байланыстарын нығайту саласында, жас ғалымдарды әлемнің алдыңғы
қатарлы ғылыми орталықтарына білім арттыруға жіберу тәрізді шараларды басшылыққа
алу абзал.
Елбасы ӛз сӛзінде елге ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерциялаудың
тиімді жҥйесінің аса қажет екендігін атап ӛткен болатын. Бҧл жҥйе дамуының маңызды
қҧрамы ғылым мен бизнес арасындағы мықты байланыс болып табылады. Ғылым мен
бизнес арасындағы байланыстың дамуына қолғабыс ету мақсатында Білім және ғылым
министрлігі Дҥниежҥзілік банктің қатысуымен Технологияларды коммерциялау жобасын
жҥзеге асыруда және оның шеңберінде «Технологияларды коммерциялау орталығы»
қызмет етуде. Аталған жҥйені дамытудың маңызды қҧрамдас бӛлігі ғылым мен бизнестің
арасындағы байланыс болып табылады. 2011-2014 жылдары осы жоба шеңберінде 65
ҒЗТКЖ жобасы және 16 инновациялық грант жобалары 6млрд.теңгенден астам жоба іске
асырылуда.
2015 жылғы 12 ақпанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша Білім және ғылым
министрлігінің болып ӛткен кеңейтілген алқа отырысында ҚР Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіпов «2015 жылға арналған білім және ғылым саласының жағдайы» туралы
баяндамасында ӛткен жылы білім беру жҥйесінде біраз ілгерушіліктер болғанын атап ӛтті.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен 2014-2016 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспары уақтылы орындалуын алға тартты.
Атап айтқанда, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен
қамту жоспарланған межеден 80-%-ға артығымен орындалды. Мектептерде білім беру
мазмҧны жаңартылды. Бастауыш және орта мектептерге арналған Жалпыға міндетті білім
берудің мемлекеттік стандартының жобалары жасалынды. 16 мың мҧғалім кәсіби
біліктілігін арттырудың деңгейлік курстарынан ӛтті. 123 мектеп пайдалануға беріліп, ҥш
ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің саны азайды. Биыл тағы 109 мектепті
ашу жоспарланып отыр.
ТжКББ саласында тәжірибе шеңберінде 280 колледж 3225 кәсіпорынмен бірлесіп,
дуальді білім беру элементтерімен оқытылуда. 2015 жылы «Нҧрлы жол» бағдарламасы
шеңберінде 10 базалық колледж бен 10 ЖОО ИИДМБ-2 ҥшін арнайы маман даярлауды
бастайды. Бҧл жоғарғы оқу орындарында жаңа технологиялық ҥрдістерді есепке ала
отырып, шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары
жҥзеге асырылатын болады.
Іріктелініп алынған 10 жоғарғы оқу орындарында жаңа технологиялық ҥрдістерді
есепке ала отырып, шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп әзірленген жаңа білім беру
бағдарламалары жҥзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ 2014 жылдан бастап Астана, Алматы қалаларында екі әлемдік деңгейдегі
колледж қҧрылыстары жҥргізілуде. Ӛңірлік қажеттілікке байланысты аталған колледждер
экономиканың басым секторларына, оның ішінде инжиниринг, сәулет және қҧрылыс,
ақпараттық және коммуникациялық технология, сәндік және жобалау, ауылшаруашылық
кешендері, метал және машина жасау салалары бойынша кадрлар даярлайтын болады.
Экономиканы индустриялық-инновациялық қарқынды дамытудың бір тетігі ретінде
бірнеше жҧмысшы мамандығын алуға арналған модульдық білім беру бағдарламасымен
оқытатын дуалды білім беру қолға алынды. Оқу ҥдерісінің тәжірибеге арналған бӛлігі
ҧлғайып, сабақтарды тікелей жҧмыс орнында ӛткізуге мҥмкіндік молаятындықтан, дуалды
білім колледждер тҥлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың жҧмысқа
орналасу мҥмкіндіктерін кеңейтеді.
Ҥкімет ел экономикасын дамыту ҥшін неғҧрлым кӛп сҧранысқа ие болып отырған 20
мамандықты айқындаса, оның 11-і кәсіптік білім саласына тиісті. «Кәсіпқор» холдингі
стратегиялық әріптестерді айқындап, жҧмыс берушілермен, салалық қауымдастықтармен
байланыс орнатуда.
Ӛзекті мәселелердің бірі – ӛзін-ӛзі жҧмыспен қамтушылар, олардың әлеуметтік
жағдайы. Қазіргі кезде бҧл санаттағы адамдардың басым бӛлігінің тек орта білімі бар
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
16
және ол техникалық және кәсіптік білімді талап ететін мамандықтарға бейімделмеген.
Осы ретте мемлекет ӛзінің конституциялық кепілдіктері шеңберінде жҧмысқа орналасу
ҥшін практикалық мәні бар бір білім берілуін қамтамасыз еткені дҧрыс болар еді. Бҧл
жастардың техникалық және кәсіптік білімге деген қолжетімділігін арттырып, алғашқы
кәсіптік мамандықты алу мҥмкіндігін береді, ең бастысы, жастар арасындағы
жҧмыссыздықты азайтады.
Басқарудың алқалық жҥйесін енгізу арқылы жоғары оқу орындарының тиімділігін
арттыру жоспарланып отыр. Жҥргізіліп жатқан жҧмыстар жоғары оқу орындарының
бәсекеге қабілеттілігі мен білім сапасын арттыруға әсер ететін болады. Биыл жоғары оқу
орындарында қҧрылған Байқаушылар кеңестері алқалық басқару негіздерін енгізуге
бағытталған. Инновациялық салада ӛзіндік орын алу ғылыми кадрларды, экономикаға
қажетті жоғары деңгейлі мамандарды, ғалымдар мен зерттеушілерді дайындауға тікелей
байланысты болғандықтан, зерттеу университеттерін одан әрі дамыту қажет.
Бҧл бағыттағы сәтті ҧлттық жоба ретінде Назарбаев Университетін атауға болады.
Оның қызметінің басым бағыттарының бірі – білім беру, ғылым және инновацияларды іс
жҥзінде кіріктіруге арналған зияткерлік-инновациялық кластер қҧру және оны дамыту.
Бҧл ғалымдар мен бизнеске қажетті жағдай жасай отырып, ғылыми ізденістер
нәтижелерінің нарыққа шығарылуына жәрдемдесуге тиіс. Бҥгінде 10 жоғары оқу орны
Назарбаев Университетінің тәжірибесін ӛздеріне енгізу бағытында жҧмыс істеуде. Оларға
ғылым мен инновацияларды дамыту, зерттеулерді нарыққа шығарып, талантты жастарды
тарту ҥшін мемлекет тарапынан қолдау кӛрсетіліп отыр.
Білім берудің мазмҧны нарық сҧранысы ескере отырып, жаңартылуда. Оқу
орындары кадрларды дайындауды жҧмыс берушілердің, шетелдік әріптестердің қатысуы-
мен жҥргізіп, отандық және шетелдік ӛнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен бірлескен
бағдарламалар әзірленуде. Индустрияландыруға кадрлар дайындау жҥйесі жетілдірілуде.
Отандық ғалымдардың рейтингтік халықаралық басылымдардағы материалдары
ӛткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артқан, 4 жыл ішінде ҥш есеге ӛсіп, жарияланған
материалдар саны 2700-ге жеткен.
Білім және ғылым министрлігінің 14 индустриялық бағдарламалар мен жобалары
бойынша ӛндірісті жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында карта
әзірленген. Бҧл: сирек металдар, геологиялық зерттеу, автокӛлік және автокӛлік
қҧрылысы, азық-тҥлік ӛнеркәсібінің технологиясы, қҧрылыс материалдарының ӛндірісі,
темір жол техникасының ӛндірісі, мҧнай-газ химиясы, электр қҧралдары және т.б. болып
келеді.
Қазіргі кезде ғылымға бӛлінетін қаржы кӛлемі айтарлықтай ҧлғайды: ол 2010 жылы
33 467 млн.тг. теңгеден (0,15%), 2013 жылы 61 673 млн.тг. (0,18%) дейін ӛсті. Жас
ғалымдардың ғылымға келуі кӛбейді. 35 жасқа дейінгі ғалымдар ҥлесі 38%–ға дейін, 45
жасқа дейінгі ғалымдар ҥлесі 56%– ға дейін ӛсті. Жалпы 2014 жылы жоғары оқу
орындарында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жасайтын қызметкерлер ҥлесі едәуір
арта тҥсті.
Қазақстанның жоғары білім беру жҥйесі жеке тҧлғаға бағдарланған, мамандар
дайындаудың сапасы жағынан неғҧрлым озық технологияға – әлемнің алдыңғы қатарлы
барлық жоғары оқу орындарында кеңінен таралған несиелік оқыту жҥйесіне ауысуды
қажетсінеді. Оны енгізу нәтижесінде әрбір студент нарық қажеттеріне байланысты және
ӛз қабілетіне сәйкес ӛзінің оқу бағытын саналы тҥрде таңдау мҥмкіндігіне ие болады. Бҧл
технология келешекте студенттер мен оқытушылардың академиялық ҧтқырлығын
арттырады.
Қазақстандағы әрбір жоғары оқу орны ҥшін жай ғана меже болып қалмай, кәдуілгі
талап болуы керек. Қазіргі заманғы жаңартпашылық білім оны ӛз бетімен алу мҥмкіндігін
беруге бағдарланған. Студенттердің оқуға деген ықыласты кӛзқарасын, қҧштарлығын
қалыптастыру керек, әрине, бҧл негіз қалаушы дәстҥрлі білім алуды жоққа шығармайды,
керісінше білім жолын қуушының қабілеттілігін, соның нәтижесінде оны тиімді
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
17
пайдалануды қалыптастырады әрі дамытады. Жоғарғы білім беру мақсаттарының
санатына білікті маман ғана емес, саналы, ойлы, ҧлтын, халқын сҥйетін патриот ер-азамат
дайындау енеді. Жастардың бойына ертеңгі кҥнге деген сенімділікті нығайту,
материалдық кедейлікпен қатар, рухани азғындаған кедейліктің де қауіпті екендігін
білдіру қажет.
Білім беру саласында кәсіптік және инженерлік-техникалық ғылымдарды дамытуға
басымдық берілуі ел дамуының жаңа кезеңнің міндетті шарты екені анық. Онсыз
Қазақстанды индустрияландырудың жаңа тәсілдемесін білікті мамандармен қамтамасыз
ету мҥмкін емес. Білім беру саласын реформалау кезінде «бакалавр – магистр - РhD
докторы» сияқты мәртебелерді дәл айқындап алу қажет. Осы заманғы білім беру мен
кәсіптік қайта даярлау, инновациялық экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа
технологияларды, идеялар мен кӛзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы
дамыту мәселелеріне айрықша кӛңіл бӛлу қажет. Бҧл, әлемдік технологиялық даму
деңгейіне сәйкес ӛзіміміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ
базасын ҧдайы жаңартып отыру ҥшін ілгері талаптар қойып, тиісті инфрақҧрылым
қалыптастыру, инновациялық білім беру консорциумдарын қҧруға тікелей қолдау кӛрсету,
ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының бірлескен жҧмысына,
бірігуіне қол жеткізу, жаңа технологиялар беруші компанияларға осы технологиялармен
жҧмыс істеуге тиіс қазақстандық қҧрамды міндетті тҥрде оқыту, кәсіпкерлердің жеке
меншік сектордың ғылыми-технологиялық қамтылуы мен бәсекеге қабілеттілігіне мҥдделі
болуына қажетті алғышарттар туғызу.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауларында
инновациялық білім беру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Бҥгінгі таңда жоғары оқу
орындарының қызметі инновациялық білім беруге, яғни ӛзінің теориялық тәжірибесін
практикалық нәтижелерге бағыттауы қажет. Осыған орай оқу ордаларының жанынан
инновациялық, ақпараттық технологиялар бӛлімдері мен тәжірибелік – зерттеу
орталықтарының ашылуы бҧл студенттердің қолданбалы білімге деген ынтасын
арттырады. Осындай инновацияға негізделген білім ордалары арқасында мемлекетті
қарқынды экономикалық дамудың жаңа белесіне кӛтеруге мҥмкіндік туады. Сонымен
қатар экономика салаларының мәселелерін талдау барысында озық ғылыми-
инновациялық тәсілдердің жҥйелі тҧрғыда қолданылуы тиіс. Осы орайда Елбасы
еліміздегі барлық жоғары оқу орындарындағы математикалық бағыттағы қолданбалы
кафедраларда дәріс беру деңгейлерінде тың инновациялық технология ҥрдістерін кеңінен
енгізу қажеттігін қадап айтты. Яғни, әлемдік практика кӛрсеткендей, кезкелген маман
иесінің, математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті
қамтамасыз ететіндігі айтылды.
Ғылыми-инновацияның ӛркендеуіне кең ӛріс ашылмайынша, толыққанды дамуға
қол жеткізу мҥмкін емес. Сондықтан да, инновациялық – технологиялық даму
стратегиясының басты мақсаты ӛнеркәсіпті тҧтастай тҧрғыдан да, сондай-ақ жекелеген
ӛндірістер тҧрғысынан да қайта қҧрылымдау болып табылады. Бҧл ӛнеркәсіп ӛндірісінің
қҧрылымында оңды ӛзгерістерге қол жеткізуге, бҥгінгі заманға сәйкес корпоративті
қҧрылымдарды дҥниеге әкелуге және ҧзақ мерзімдік ыңғайда сервисті – технологиялық
экономикаға кӛшу ҥшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сӛз. Отандық ӛнеркәсіп ӛнімінің
әлемдік рыноктарда бәсекелесуге қабілеттігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі
ретінде алға тартылып отыр. Бҧл мәселелер Бҥкіл Дҥниежҥзілік сауда ҧйымына енетін
уақыты жақындаған сайын айқындала тҥсуде.
Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық ҥрдістері
мыналар:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; қасиеттері
алдын
ала
белгіленетін жаңа материалдарды алу; биотехнологиялар; энергия ҥнемдеу, энергияның
баламалы кӛздерін жасау; ғылымды кӛп қажет ететін ӛнімдердің әлемдік рыноктағы ӛте
жоғары қарқынмен таралуы; ӛндірістің бҧрынғыдан да интеллектуалдануы, ҥздіксіз
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
18
инновациялық ҥрдіске кӛшу. Негізгі мақсат – біртіндеп білімге негізделген жаңа тҧрақты
қоғамға кӛшуді аяқтау [3-5].
Президент дәрісінде кӛрсетілгендей, білім ақпараттық қоғамда, жаһандану
заманында қҧнның негізгі кӛзіне айналуда. Таяудағы ҥш жылда Қазақстан білім беруге
арналған мемлекеттік шығындарды ҧлғайтады. Олар ішкі жалпы ӛнімнің 4,1 пайызынан
кем болмауы тиіс. Мысалы, еліміз 2010 жылы білім беруге 344 млрд. теңге жҧмсайды, ал
2014 жылы бҧл кӛрсеткіш – 540 млрд. теңгеге жетті.
Жалпы, бҧл ӛте ҥлкен мәселе. Президентіміз атап айтқандай, аталған мәселеде дҥние
жҥзіндегі аса дамыған елдерден ҥлгі алғанымыз жӛн. Ҥздік, элиталық университеттер
қҧруымыз керек. Оларды ірі оқу-ғылым-ӛндіріс орталықтарына айналдыру қажет.
«Технологиялық парктер» қҧру, оларды дамыту мәселелері де алда тҧр.
Жоғары оқу орындарын олардың маңыздылығына байланысты қаржыландыру, бҧл
ҥшін жоғары оқу орындарының рейтингін есептеп шығарылып отырылуы қажет.
Жаһандық бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарына ерекше кӛңіл бӛлінгені дҧрыс.
Жолдауда «Біз білім берудің сапалы қызметін кӛрсетуде әлемдегі онлайн тәсілінде
оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын қҧруымыз қажет» деп атап ӛтілген
болатын. Аталмыш жоба мемлекет басшысы нҧсқаған әлемдегі озық мультимедиялық
технологияларды қолданып оқытудың алғашқы қарлығашы ғана. Яғни кӛп кешікпей
оқушыларымыз оқулықпен ғана шектелмей, дамыған елдердегі секілді алыс қалалардағы
атақты ғалымдардың, академиктердің де арнайы лекцияларын ӛз кабинеттерінде отырып-
ақ тыңдай беретін болады. Әрине, мультимедиялық тақталар мҧғалімнен бҧрынғыдан да
ҥлкен біліктілікті талап етері сӛзсіз. Мҧның бірнеше артықшылығы бар: біріншіден,
шәкірттің қызығушылығын арттырса, екіншіден, ҧстаздың уақытын ҥнемдеуіне зор
мҥмкіндік береді. Ҧстазға қара тақтаны бормен сызғылап тҧрудың қажеті жоқ, бір тҥймені
бассаңыз жеткілікті. Тіпті бҧл тақтаның кӛмегімен кҥрделі тәжірибелік есептерді де оп-
оңай әрі қызғылықты етіп орындауға болады. Бҧл оқушылардың әлемнің кез келген елімен
ҧялмай бәсекеге тҥсе алатын сапалы білім алуына мҥмкіндік береді әрі ҧстаздар мен
педагог мамандар да ӛзара еркін тәжірибе алмаса алады.
Сондай-ақ, әлемдік стандарттарға сай сапалы білімнің баршаға ортақ базасын
жаңартуға және оған қажетті инфрақҧрылым қалыптастыруға бағытталған инновациялық
білім бағдарламаларын қаржыландырып отыру қажет.
Сонымен бірге, жоғары мектептердегі білім беру саясаты экономиканың
инновациялық тҥріне жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлап шығаруға
бағытталған болуы керек. Бҧл ҥшін білім беру ісі мен ғылымның барлық саласына ең
жоғарғы әлемдік стандарттар деңгейін енгізу қажет.
Елімізде жоғарғы технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға
бағытталған біріңғай мемлекеттік Стратегия жҥргізілу ҥстінде. Әлемдік шаруашылық
байланыстарына белсене интеграцияланған барлық осы заманғы бақуатты мемлекеттер
«парасатты экономикаға» сҥйенген болатын. Ал ондай экономиканы жасақтау ҥшін, ең
алдымен, ӛз қаруымыздағы адами капиталымызды дамытқанымыз жӛн. Олай болса ҧзақ
мерзімді мақсатқа жету жолындағы басымдық осы заманғы білім, ғылым мен
инновацияны дамытуды жедел қолға алуға берілуі қажет.
Қоғамның дәйекті дамуы адам мен ғылыми-техникалық прогрестің ілгеріленуіне
тікелей байланысты. Қазіргі таңда қолымыз жеткен жетістіктерге қоғамдағы экономиканы
ҧтымды реформалаудың, саяси мәселелерді дер кезінде салиқалы шеше білудің және
ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін кеңінен пайдаланудың нәтижесінде жеттік
десе де болады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел экономикасының нашарлауының
нәтижесінде тҥрлі объективтік және суъективтік себептерімен халықтың әл-ауқатының
деңгейінің тӛмен тҥсіп кеткенінің куәсі болдық.
Саяси-экономикалық мәні бар реформаларды ҥлкен білімділікпен бір жҥйеге
бағыттағаннан кейін, тығырықтан шығудың басты салмағы білім мен салиқалы тәжірибеге
негізделген озық технологияға байланысты. Жаңартылған ӛскелең ӛндіріс аппараты,
Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1, 2015 ж.
19
жаңа алдыңғы технологияға негізделген ӛндірістің жоғары ғылыми-техникалық деңгейі,
экономиканың шикізат ӛндіруі емес, жоғары деңгейлі ақыл-ой технологиялық жҥйеге
қҧрылуы, яғни әлемдік рыноктың толқымалы конъюктурасына байланған бәсекелестікті
жоғарғы ӛнімдерді ӛндіруі – осы саланың кӛрінісі болып табылады.
Елбасы айтқандай, бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі – адам
капиталы. Адамның жан-жақты дамуына гармониялы жағдай жасау нәтижесінде оның
табиғат берген қабілеттіліктерін іс-жҥзіне асырып, қоғамға қызмет етуге жол ашу
мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазіргі біздің заманымызда ғылыми жаңалық пен
оны ӛндіріске еңгізудің арасы 1-2 жылдан аспауы керек. Шет елдердегідей бізде де ой
еңбегінің қҧны ӛте жоғары бағалануы ләзім. Былайша айтқанда, интеллектуалдық меншік
мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қорғалып, оның иесі қоғамда әлеуметтік игілікке
кеңінен ие болуы қажет. Сонда ғана адам капиталы толығынан қоғамға қызмет етпек,
сонда ғана мақсатқа жетудің қҧралы емес, нағыз мақсаттың ӛзі екендігіне кӛзі жетіп,
бойындағы бар таланты мен қабілеттілігін қоғамға иіп беруге тырысады. Ӛйткені
нарықтық қатынас жағдайында адамның сіңірген еңбегінің сапасы оның қоғамдағы
алатын орнын анықтайды.
Сондықтан жастар қоғамның қозғаушы кҥші ретінде еліміздегі тҧрақтылық пен
татулықты, халықтар арасындағы ынтымақтастықты сақтай білуге, ата–баба дәстҥрін
жалғастырып, ӛткен тарихты қҧрметтеп, бҥгінгі болашаққа ҥлкен сенім артуы тиіс.
Ӛйткені кӛпҧлтты Қазақстанда жастар арасындағы ӛзара татулық, бір–біріне деген достық
пен сыйластық жоғары оқу орындарында білім алушыларды ауызбірлікке тәрбиелеп,
Мәңгілік ел идеясын жҥзеге асыруға жол ашады.
Біз алдыңғы қатарлы инновациялық экономикасы дамыған елдердің іс-
тәжірибесінен білетініміздей, олардың жалпы ішкі ӛнімінің 70-85 пайызы адам капиталы
қаруланған инновациялық технологияның ҥлесіне тиеді. Білімге қолдау кӛрсету қағидасы
соңғы Жолдаудың ӛзегіне айналды десек те болады.
Сайып келгенде, ҧзақ мерзімді стратегиялық мәні бар ӛркениет, яғни әлеуметтік-
экономикалық мәселелердің оңтайлы шешілуі адами капиталға келіп тірелетіндігі хақ.
Дамыған отыз елдің қатарына ену әлемдік ҥрдіске сай алдыңғы қатарлы білім, ғылым мен
технологияға салмақ салудың нәтижесінде жететіндігіміз айдан анық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».
–Астана: 2013.
2.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауы
«Нҧрлы жол – болашаққа бастар жол». –Астана: 2014.
3.
Сапарбаев Ә.Ж. Басты мақсат – ғылымға негізделген экономикаға қол жеткізу //
«Егемен Қазақстан» газеті. –№29 (28253) 12 ақпан, сәрсенбі 2014 жыл. –Б.4.
4.
Сапарбаев Ә.Ж. Нҧрлы жол - қазақстан экономикасын болашаққа бастар жол //
«Экономика» газеті. –№3 (385) 22-28 қаңтар 2015 жыл.
5.
Сапарбаев Ә.Ж. Иновациялық экономика (монография). –Алматы: «Триумф
«Т», 2011. – 400 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются человеческий капитал – как главный фактор
развития цивилизации и инновационной экономики.
Summary
This article focuses on human capital - as a major factor in the development of civilization
and innovation economy.
Достарыңызбен бөлісу: |