Қазақ романы өз бастауынан бері роман тарихы қалай, роман жазудағы мақсұд не деген сауалдарға жауап іздеумен, сондай-ақ, әр заман тұрғысынан баға берумен келе жатқаны аян. Қай кез болмасын өз тұсынан қарап, бір тарапта бағалау басымдығына ие болу мүмкіндігі өзге тараптарға қарағанда бөлек және шындыққа жанасымды келетіні. Олай болмағы сана шектеулілігі, адамның қабылдау еркіндігінің мүмкіндік шеңберінің ішін қамти отырып, көз аясына сыйған дүниені қабыл етуі, оның тысына ой көзін салуынан.
Қазақ арасында алғаш роман жайынан мағлұмат берген жазбалар ХХ ғасыр басына тиесілі екендігі айтылады. «Қазақ» газетінің 1914 жылғы № 67 санында Әлихан Бөкейханов
Бұл қазақ романы тарихындағы бір ғана мысал. Бұдан өзге қазақ романы жайлы жазылған әрбір мақалада, әрбір еңбекте қай кез болмасын сол кездің идеялық мұраттары алғы орында көрініп отырады. Мұны әдебиет теориясынан жазылған еңбектер де атап көрсетеді. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышында» роман суреттеп отырған заман жайы туралы айтқанда«роман алған замандағы тұрмыс сарынын көрсеткенде, сондағы адамдардың – үлкені, кішісі бар, жақсы, жаманы бар, байы, кедейі, төресі, қарасы бар, жасы, кәрісі бар – не істейді, не іздейді, не тілейді, неге сүйініп, неге күйінеді, неден именеді, неден күйзеледі, нені жақтырады, неден жиренеді, неге құмар, неге сұлық, қысқасы, иә бүтін бір жұрттың, яки жұрттың бүтін бір табының сыр-сипатын сөзбен суреттеп, алдыңнан өткізеді» (Baytursynov, 1991: 448) дейді. Осындағы А. Байтұрсынов атаған адамдардың «іздегені, тілегені, именіп, күйзелгені, жақтырып, жиренгені, сүйініп, күйінгені» уақыт тұрғысынан алып қарағанда, сол заманның мұрадынан, мақсұдынан туындап жататыны түсінікті болса керек. Демек, қай шығарманы оқымайық, кездесеріміз суреттеліп отырған заманның идеалдары екендігі рас болмақ.
Әдебиеттанушы ғалым Қ. Жұмалиевтің 1942 жылы шыққан «Әдебиет теориясы» оқулығында «тақырып деген ұғымның сыртқы мағнасы да, ішкі мағнасы бар. Біз шығарманың тақырыбы дегенде, шығармадағы суреттел ген құбылысты ұғамыз» (Zhumaliyev, 1942: 37) дегені, сондай-ақ, «жазушы әртүрлі әлеуметтік ортаны, тарихи ортаны көрсеткенде, оларды белгілі бір жағынан алып көрсетеді. Сондықтан біз шығарманың тақырыбы ту ралы әңгіме қозғағанда оны жай ғана алы нып, суреттей салған өмір құбылысының жыйынтығы деп қарамаймыз, жазушының сол өмір құбылыстарындағы жыйынтықтардың қайсысын бірінші орынға қоятынын білуіміз керек» (Zhumaliyev, 1942: 38) деуі, бізді тағы да шығарма идеясына алып келеді. Яғни, ғалымның «шығарманың тақырыбын шығарманың идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының шығарманы не турада жазуын тақырыбы десек, шығармадағы суреттелген өмір құбылыстарына оның өз көзқарасы, қалай бағалаушылығы шығарманың идеясы болмақ» (Zhumaliyev, 2013: 34) дегенінің негізінде «ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделінеді» (Zhumaliyev, 2013: 34) деген пікірінің жатқаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |