Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Түбір морфемалардың шартты түрде этимологиясының көмескіленуі



бет16/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Түбір морфемалардың шартты түрде этимологиясының көмескіленуі

Бұған қазақ тілінде өлі болып саналатын, қалған туыстас тілдерде немесе түркі жазба ескерткіштерінде дербес түбір ретінде қолданылатын түбір морфемалар жатады.


*адас=

Э.В.Севортян осы түбірді оның түркімен, әзірбайжан (диал.), қарашай-балқан диалектісіндегі фонетикалық ұқсас азаш= «жолдан адасу», «адасу» тұлғасымен салыстырады және оны az180 «жолдан адасу», «адасу» түбірінен шығарады, ауыспалы мағынасы «мүдіру», «қателесу» /ЭСТЯ. 1 Т. С.88./ деп көрсетеді.


Көнетүркі тілінде az түбірінен жасалған көптеген туынды түбірі кездеседі. Бұл оның бұрынғы белсенділігі мен дербестігін көрсетеді. Қараңыз: azaԛ «адасқан», «жолдан адасу», azïl= «адасу», «адасып кету» (жол туралы), azit= «жолдан тайдыру», «аздыру», azmïš= «адасқан» /ДТС, С.72-74/.
Қазақ тілінде *аз түбір сөзі тек ауыспалы мағынасында ғана қолданылады, ал тікелей мағынасы тек адас= туынды түбірінде қоланылатын *ad фонетикалық вариантымен беріледі, сондықтан қазақ тілі үшін ол архетип болып саналады. Көнетүркі тілінде ad көптеген туынды түбірлерде кездеседі. Мысалы, adïr= «бөлу», «бір-бірінен ажырату», «адастыру», adrïl= «қоштасу», «адасу», «бөліну», «ажырату» және т.б. /ДТС. С.11-13/.
Жоғарыда келтірілген етістіктерге қазақ тіліндегі айыр=, айрыл= етістіктерінің фонетикалық паралель болатынын түсіну қиын емес (қараңыз: аδïr=, aδïš=, аδrïl=, аδrïš=), /ДТС. С.15-16 /.
az~ad~aδ~ай түбірлерінің және олардан жасалған етістіктердің семантикалық жақындығы даусыз. Э.В.Севортян осы топқа көне ескерткіштерде кездесетін және қазіргі тілдерде «адасу», «күнәһарлық» мағынасында сақталынған jaz тұлғасын /ЭСТЯ.1Т.C.95 / және *жаз түбірінен жасалған: жаза: (жаза басу), жазғыр=, жазық, жазықты және т.б. қосады.
*аз нұсқасымен салыстырғанда жаз= етістігі көбінесе ауыспалы мағынасында қолданылады, ал қазақ тіліндегі тура мағынасы тек көз жазу тіркесінде ғана сақталған. Қара татарлардың диалектісіндегі дьас= етістігінде «мұлт кету», «қателесу» мағынасы бар181.
Сөйтіп, адас= туынды етістігінің байырғы түбірін шамамен былайша елестетуге болады: /й/ жаз~ад~ай.


* ары


*ар өлі түбірі қазақ тілінде ар-ы=, арық, ар-ыл= туынды түбірлерінде ғана кездеседі. Чуваш тілінде түбірлік ар «аз»182 сөзі кездеседі, р~з тарихи дыбыс сәйкестігін ескере отыра, соңғы сөзді қазақ тіліндегі аз тұлғасының варианты ретінде қарастыруға болады (Салыстырыңыз: арып кеткен// азып кеткен).
* аңқы=

Моңғол тілінде аң лексемасының «саңылау», «қуыс», «жарықшақ» мағынасы бар. Одан аң+а= «ашық болу» етістігі жасалған. Сондай-ақ, якутша аң «саңылау», «кіре беріс», «өткел»; ал аң+а= «ашық», қырғызша – аң «шұңқыр», «жыра»183 /ЮКРС. С.58/. Қазақ тілінде осы мағынадағы аң лексемасы тек диалектіде ғана кездеседі /ҚТТС. 1 Т. 271б./.


Негізгі («ашылу») мағынамен қатар, соған сабақтас 1) «таралу», «шығу» (иіс туралы)) және 2) «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» келтірілген мағыналары аңқы – «екпінмен, бар пәрменмен жүру, қозғалу» (ҚТС. 40б.).
Қараңыз:
Кім жетсін тау баурынан соққан желге,
Дәл сондай аңқыды аттар жазық жерде
Тау төсін дүрсілдетіп, дүбірлетіп,
Таласты осы төрт ат Ерейменге.

Осы мағынаны сондай-ақ қазақ эпостарынан да кездестіруге болады:


Кешегі кеткен қосынға
Жетемін деп Қобыланның
Жоқ еді тіпті есінде
Бұлаңдаған Бурылмен
Артық туған Қобыланды
Аңқып жетті бесінде184

аң түбірінің жалпы мағынасы – «ашылу», «таралу» (қандай-да бір «саңылау», «қуыс» және т.б., яғни «ашық жер»).


Демек, қазақ тілінде бұл түбірдің жалаң күйінде кездеспейтінін, тек сөзжасамдық қатардағы ортақ семантикалық арқауын байқап, ортақ *аң түбірін жорамалдай аламыз: аңғал, аңғал-саңғал, аңқа: аңқысы кебу, аңқай=, аңқы=, аңырай= , аңырақай «желі көп, құмайт, ашық жер» т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет