Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қосақбасы – мал ұрлап қолға түскен ұрының ірі



бет156/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Қосақбасы – мал ұрлап қолға түскен ұрының ірі қарамен не бағалы затпен өтейтін айыбы.
Қысас жазасы нақақтан кісі өлтірушіге, мертіктірушіге кек қайтару жазасы.
Жан беру – егер елдің беделді азаматы ауыр қылмысқа тартылған не өлім жазасына кесілген адамның ақтығына кепілдік жасауға ниеттенсе, би, қожа, молда алдында, көпшіліктің ортасында қолына Құран ұстап, жауапқа тартылмақ кісінің «ақтығына сенемін және сол үшін жанымды беремін», – деп ант етуі.


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ
СЫРТ КИІМДЕР


Ер адамның сырт киімдері
Көмқап – жақсы сырт киім.
Аба – киім сыртынан киетін жамылғыш.
Қамзол – жеңсіз жеңіл киім.
Бешпет тік жағалы, ұзындығы тізерлікке жететін, астарлап тігілген жеңіл киім.
Шалбар (аяққап) – қой терісінен не матадан тігілген, балағы аяқ басына жететін, бұтқа киетін киім. Тігілу үлгілері мен материалдарына байланысты түрі көп. Мысалы: түймелі шалбар, тері шалбар, жарғақ шалбар, елтірі шалбар, қырықпа шалбар, қап шалбар, сырма шалбар, сал шалбар.
Сым – 1. Екі балағына белдіктен төмен, ені екі елідеіі жіңішке сым тартылып теріден тігілген ертедегі шалбардың бір түрі. 2. Матадан тігілген шалбар.
Сақсыр – тар балақты, жүмсақ материалдан тігілген шалбар.
Кеудеше – жас түйенің иірілген жүнінен не түбіттен тоқылған жағасыз, жеңсіз тоқыма киім.
Қаттау – қалың кездемеден тігілген кеудеше.
Кебенек – күзем жүнінен сұрыпталып, жаңа басылған киізден бітеу тігіліен, боранда, жауын-шашында киетін сырт киім.
Күме – арасына түйе, қой жүнін салын, шүберекпен астарлап, тыстап, сырып тігілген жылы киім.
Жадағай – астарсыз не жұқалап қой жүнін салып астарланған жеңіл сырт киім. Далбағай, далбай, жолбай деп те аталады.
Желбей – жауыннан қорғану үшін жамылатын жамылғы киім.
Шапан – астарына жүн не мақта салып сырып тігілген не астарсыз сырт киім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет