Сыбызғы – үрлеп ойнайтын ескі аспап.
Сырнай – қазақтың үрлемелі музыкалық аспаптарына байланысты қолданылатын жалпы атау.
Қамыс сырнай – қамыстан жасалған, үрлеп ойналатын музыкалық аспап.
Саз сырнай– саз балшықтан күйдіріліп, бетіне өрнек ойылып жыланкөзбен көмкерілген, алты тесікті үрлеп ойналатын музыкалық аспап.
Мүйіз сырнай – атауы айтып тұрғандай мүйізден жасалады.
Ауыз сырнай– үрмелі, уілдекті аспап.
Дауылпаз – ағаштан жасалған, шанағының ойық еті терімен қапталған ұрып ойнайтын музыкалық аспап.
Егек – шанағы қатты, тұтас ағаштан жасалып, іші шұңғыл ойылып, шегі тарамыстан, қой, ешкі ішегінен ысылып, ысқышы тобылғыдан жасалған көне ыспалы аспап.
Бұрғышақ – бұғының, маралдың мүйізі ішін үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығаратын тілше салынып, жасалған көне үрмелі саз аспабы.
Сазген – VII-VIII ғасырлар аралығында ағаштан жасалып, шанағы терімен қапталған, үш не төрт ішекті өте көне саз аспабы.
Қоңырау – тот баспайтын сапалы металдан, сыртына жұқалап алтын, күміс жалатып жасалған, жеңіл таяқшамен соғып ойнайтын саз аспабы.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Ойшылдық ойындар Жұмбақ айтысы Төрт жиырма Ұшты-ұшты Шот тасын тап Үш аманат Неше емшек, неше өркеш? Ауызша есеп Қай қолымда? Ойлағаныңды табамын Санамақ Саусақ санау Сөз табу Шілік Шалма Қуырмаш Орда Абылайдың алты ағашы Есімде Балтам тап Ақ сандық, көк сандық Кім түртті? Сақ құлақ Сен тұр, сен шық Қанкөбелек "Біз де" Дәл басу Етек-етек Жаңылма Байқап қал