Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Шәлі – шашақты сәндік орамал. Бөкебай



бет162/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Шәлі шашақты сәндік орамал.
Бөкебай – түбіттен қалың тоқылған қыстық орамал.
Бөрік – қымбат бағалы матамен тысталған, әртүрлі бағалы аң терісімен термеленген, әр үлгіде тігілген қыздардың жаздық және қыстық бас киімі.
Қалы – қымбат бағалы түкті шәлі.
Оқалы бөрік – құндызбен жиектеліп, қызыл не көк масатымен тысталып, төрт сайына тігісін бастырып оқа ұстаған, сайларының аралары алтын, күміс жіптермен кестеленген, шекесіне үкі қадаған қыздардың бас киімі.
Шарқат – әйелдердің басқа тартатын үлкен жібек орамалы.
Сарапшаң жұмсақ торғын, жібекпен жылқының қылынан, шуданың қылшығынан тоқылған, қыздар мен келіншектердің бетін шаң-тозаңнан қорғайтын бет перде шаң тимес деп те аталады.
Ақбүркеншек – алғаш түскен келінге сәукеле сыртынан жабатын жамылғыш.
Қарқара төбесі биік шошақтау келген, қауырсын қадаған жас әйелдердің, қыздардың сәнді бас киімі.
Сылама – өте әдемі, сәнді бас киім.
Сығым – жұқа жібек орамал.


АЯҚ КИІМДЕР
Ер адамның аяқ киімдері
Шәркей – көннен тігілген жеңіл аяқ киім.
Шоқай – көн теріден бүріп тігілген жұмысқа киетін жеңіл аяқ киім.
Шабата – жөкеден, талдан тоқылған жаздық жеңіл аяқ киім.
Боршын – қоғадан тоқылған жазғы аяқ киім.
Башмақ – үй ішіне киетін өкшесіз жеңіл аяқ киім.
Шүбек – үй ішіне киіп жүретін жеңіл аяқ киім.
Шұлық – аяқ киімнің ішінен киетін қонышы қысқа жүн тоқыма.
Шұлғау – етік кигенде аяқты орайтын мата.
Аяқ қайрақ аяқ киімнің сыртынан киетін, шикі терідеи орап не бүріп тіккен аяқ киім.
Бәкі (бөкі) – түйе терісінен жасалған жұмысқа киетін кебіс.
Кебіс, кеуіш – мәсінің сыртынан киетін былғарыдан тігілген, ұлтаны қалың өкшелі аяқ киім.
Мәсі – етік тәрізді, жұмсақ былғарыдан, ешкі терісінен тігілген өкшесіз, ұлтаны жүқа, кебіспен киетін қонышты аяқ киім.
Етік – былғары, көн сияқты материалдардан тігілген, қонышы ұзын, ұлтаны қалың, өкшелі аяқ киім. Түрлері: бастама етік, әмірхан етік, саптама етік, бітеу етік, мықшима етік, кәймәлі етік, көксауыр етік, көн етік, ұлтарған етік, түзу табан етік, қисық табан етік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет