Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Біртартар – үшкіл, кішігірім бас орамал. Түрме



бет161/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Біртартар – үшкіл, кішігірім бас орамал.
Түрме – түре тартатын жеңіл орамал.
Шаршы – кішкене шаршы бас орамал.
Байлама – басқа салатын шағын орамал.
Шылауыш – кимешек үстінен байланатын үлкен ақ шаршы.
Кимешек – ақ матадан тігілген, омырау мен арқаны жауып тұратын, беті ойылып жасалған әртүрлі үлгідегі бас киім.
Жаулық – ақ матадан, ақ жібектен тігілген бас киім. Үлгісі көп.
Бергек – жаңа түскен келіншектің әшекейлі бас киімі, той өткен соң киетін сәукеленің жеңіл түрі.
Сораба – тақия тәріздес, артында салпыншағы бар, төңірегі шашақты қыздар киетін бас киім.
Делегей – ертеде қыздардың қыста киетін бас киімі. (Капюшон тәрізді).
Жырға – асыл тас, моншақ тізіп тікксн, көп салпыншақты сәнді бас киім.
Тақия – қызыл, жасыл, көгілдір түсті шұға, мауыт, мақпалдан ұлттық өрнек салып тіккен қыздардың үкілі жаздық бас киімі. Айшықты, зерлі түрлері болады.
Қасаба – үшкір төбесіне бір шоқ үкі қадап, маңдай тұсын алтын, күміс, асыл тастармен безендірген, оң жақ самайлығына моншақты 5-6 қатар төгілдіре қадап, ұзын салпыншақты етіп тіккен қыздар тақиясының бір түрі.
Зере – ұзын, іші қуыс, сәукелемен бірге киетін бас киім.
Сәукеле – қыздардың ұзатыларда, келін болып түсерде киетін көп әшекейлі, қымбат бағалы, сәнді бас киімі. Жұқа ақ киізден сырылып тігіліп, сырты қызыл шұғамен тысталады. Қымбат бағалы аң терісімен әдіптеліп, алтын, күміс, моншақ әшекейлер тағылады. Жоғары жағы жіңішкеріп, төбесіне үкі қадалады. Тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы бау тігіліп, бетті көлегейлейтін желекті болады.
Желек – келіншектердің сәукеледен кейін басына жамылатын орамал.
Күлә – ханшалардың қалпақ сияқты бас киімі.
Күндік – кимешектің үстінен сәлде сияқты, бірақ жалпақ етіп орайтын ақ мата немесе егде әйелдердің ақ жаулығы.
Салы – жібектен, бағалы жіптен шашақсыз тоқылған бөкебай.
Бөртпе – жібектен шашақтап тоқылған орамал, жаулық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет