Байтабан– қойдың жабағысынан жасалған ұлпа жағы ішіне, қақ жағы сыртына қаратылып тігілген аяқ киім.
Жұмсақ табан етік – аң аулауға киетін етік.
Бір тақа етік – атқа мінгенде ыңғайлы, арнайы тігілген етік.
Бестақа– өкшесі аласа етік.
Көн етік – көннен тігілген етік.
Шоңқайма – қонышы тізеден аспайтын, тұмсығы үшкір, өкшесі тайқы былғары етік.
Саптама – ішінен байпақ киетін, кең қонышы жуан қара санға жететін былғары етік.
Жым етік– өкшесі аласа қисық табан етік.
Шоқай етік – ұлтарма етіктің бір түрі.
Бөкіс – басы былғарымен қапталған киіз етік.
Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киім.
Байпақ– етіктің ішінен киетін, жүннен басылған не киізден істелген қонышты аяқ киім.
Киіз байпақ – киізден жасалған қысқы аяқ киім.
Киіз етік – таза қой жүнінен, киізден етік үлгісінде басылған қысқы жылы аяқ киім.
Байтаба –жылы шұлғау.
Бітеу етік – бір мал терісінен басы мен қонышынбітеу тіккен етік.
Жайтабан етік – ұлтармалы, қайымалы етік.
Партаубай етік – балықшылар киетін ұзын қонышты етік.
Ұлтарма етік– ескі қонышқа жаңа бас салған етік.
Шәңгі – аң аулағанда киетін етік.
Шетік – жұқа былғарыдан тігілген мәсі, байпақ.
Шарық – шикі теріден тігілген жазғы аяқ киім.
Әйелдің аяқ киімдері– түрлі үлгідегі мәсі, кебіс, етік. Ер адамның аяқ киімдеріне қарағанда биік өкшелі, сүйір тұмсықты, ою мен өрнек салынған, ірісі, басы, қонышы жібек жіппен тігіліп зерленген, көксауырланған, әдемі келеді. Әйелдер киетін өте сапалы былғарыдан сірісіне көксауыр қондырған биік өкшелі кәкима аталатын етік ерекше сәнді.
ҚЫЗДАР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЗЕРГЕРЛІК СӘНДІ БҰЙЫМДАРЫ Білезік – сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі, бағалы бүйым. Жасалған материалдары мен түр-түсіне қарай алтын білезік, күміс білезік, қүйма білезік, сом білезік, бүрма білезік, жүмыр білезік, топсалы білезік аталатын түрлері бар.