Кіреуке тон – әсемдеп сәнді тігілген бағалы тон.
Ілімтон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.
Қылқа, доха – жүні сыртына қаратылып тігілген тон.
Шентон– лауазымдық киім, мундир.
Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартатын әдемі тон.
Күпі – 1. арасына жүн салып, тысталып тігілген қыстық сырт киім;
2. матамен тысталған тері тон.
Күрте– былғарыдан не арасына мақта салып, матадан тігілген жылы сырт киім.
Сырма – арасына жүн не мақта салып немесе жай сырып тігілген сырт киім.
Мәллә – бақсы, диуаналардың ұзын сырт киімі.
Жеңде– бақсылар мен серілердің түрлі түсті кездемені құрап, әшекейлеп тіккен сырт киімі.
Шалма – түйе жүнінен не түбіттен тоқылған, мойынға салатын орамал.
Шобыт – ескі-құсқы киімдер.
Жаукиім– ауыл-үй арасында, жолға шыққанда киетін жеңіл киім.
Лыпа – әбден тозығы жеткен көнетоз киім.
Бөкен жарғақ – жұмсақ иленген бөкен терісінен тігілген астарлы сырт киім.
БЕЛБЕУЛЕР Үйек – белбеу.
Белдік – жалпы атауы.
Кәмәр белдік Кісе белдік Дембет белбеу – күмістелген, күміс жапқан белдік.
Күлдәрі белбеу Тоқ белбеу Шоқ белбеу Деңмент – қамар белбеу.
Күдері белбеу – жұмсақ иленген бұлан не бұғы терісінен жасалған белдік.
Кісе белбеу– 1.адамның әлеуметтік дәрежесін танытатын сәндік белдік;
2. қару-жарақ ілетін белдіктің ең көне түрі.
Кемер белбеу – бетіне алтын мен күмістен өрнекті жапсырма бекітілген, ішік, тон, шапан сыртынан буынатын жалпақ, сәнді былғары белбеу.
Көнте– көн теріден жасалған қалың, жалпақ белдік.
Түрме белбеу – екі-үш құлаш жібек белбеу.
Дарайы белбеу – жібек белбеу.
Қылышбау – күміс белбеу.