Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет165/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Сіркелі сырға
Сиқыршы сырға
Сирақты сырға
Сояу сырға
Үкі аяқ сырға
Үш аяқ сырға
Үш буынды сырға
Үш шолпылы сырға
Шілтерлі сырға
Шытыра сырға
Шұбыртпа сырға
Шарбақ сырға
Үзбелі сырға
Ұзын сырға
Сер (таза алтын) сырға
Төбе сырға.


Сәукеленің сырғасы (сабақ, сабақты сырға) – салпыншағы мол, ұзын, ауыр, тек салтанатты кезде жіп байлап шашқа, сәукелеге бекітетін сырға.
Алқа – мойынға, омырауға тағатын, асыл тастармен әшекейленген сәнді бұйым.
Өңір – омырауға тағуға ыңғайланып, жоғарғы жағы ойық, етек жағы дөңгелек пішілген, ені 20 см, ұзындығы 23-25 см, жібектен, қамқадан тігілген, алтын, күміспен сабақталған сәнді әшекей.
Өңіржиек – үзбелеп салпыншақтар тағып, асыл тастардан көз орнатқан, көйлек сыртынан омыраута тағатын әшекейлі, қымбат бағалы сәндік бұйым.
Шолпы – қақталған күмісті үшбұрыштап, ортасына асыл тастардан көз орнатқан, шынжырлап күміс тиындар, қоза, қоңырау, тұмарша таққан сәндік бүйым. Бұрымды бекітеді және ұзарғандай әсер береді. Шолпының атаулары: көзді шолпы, сылдырмақ шолпы, қоңыраулы шолпы, қозалы шолпы, маржанды шолпы, қос үзбелі шолпы, шынжырлы шолпы.
Моншақ – бір немесе әр түсті әдемі асыл тастарды тесіп, жібек жіпке тізіп мойынға тағатын, сәукелеге, тақияға, өзге де бас киімдерге қадайтын не салбырата іліп сәндейтін әшекей бұйым.
Қапсырма – бағалы металдан, көбінесе күмістен әшекейленіп жасалған, өрнектелген, асыл тастардан көз салынған, астыңғы бетінде камзолдың, кәзекейдің, бешпеттің өңірін қапсыратын ілгешегі бар сәнді бойым. Қаптырма, тістестірме деп те аталады.
Шашбау – күмістен қақталып соғылған, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс теңгелер, маржан, меруерт тастар қадалған шұбыртпа зер шашақты, ызылған баулы сәндік бұйым. Шашбау атаулары: теңге шашбау, сөлкебай шашбау, тіллә шашбау, үзбелі шашбау, шашақты шашбау, күміс шашбау.
Шашқап – бұрымның жуандығына қарай пішіліп, ортасына өрнек жүргізіліп кестеленген, екі басы алтын, күміс зерлі қымбат металдаң жасалған сәнді бұйым. Шашты, бұрымды шаң баспау үшін, үй және түз шаруасымен айналысқанда тазалық сақтау мақсатында киеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет