Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Шайдам – жұқа киіз. Киізден жасалған бұйымдар, киімдер, нәрселер



бет181/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248
Шайдам – жұқа киіз.


Киізден жасалған бұйымдар, киімдер, нәрселер
Текемет – қойдың күзем жүнінен (қара түсті) басылған, бетіне түрлі түсті, бейнелі ою-өрнек салынған киіз үй жиһазы.
Сырмақ – ою бастырып немесе жиектен өрнектеліп сырылған төсеніш.
Киіз кілем – киізден өрнектеп жасаған кілем.
Наруан – түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған кілем.
Барақ кілем – ұзын түкті жүн кілем.
Қалы кілем – жүннен тоқылған қалың, түкті, гүлді, бағалы кілем.
Зербарақ – шашағы зерлі түкті кілем.
Масаты кілем – сапалы жүннен, жібектен тоқылған сәнді кілем.
Түс кілем – өрнектеп тоқылып, тұсқа ұстайтын кілем.
Нар кілем – үлкен кілем.
Киіз көпшік – киіз жастықша.
Киіз қап – киізден тігілген сиымдылығы әртүрлі қап, қапшық. Киіз дорба да болады.
Киіз есік – киіз үйдің көтермелі-түсірілмелі жабық есігі.
Бөстек – иленген теріден жүнін үстіне қаратып жасалған жұмсақ төсеніш.
Алаша – әртүрлі жіптен өрмек арқылы өрнек салып жолақтап тоқылатын өрнекті тақыр кілем.
Тулақ – босаға алдына төселетін иленген мал терісі.
Күпсек – қалың өсін жүнді теріден жасалған төсеніш.
Дебіске – мата бастырып оюлаған жеңіл сырмақ.
Әрекет – жүннен тоқылған алаша.
Бойра – қамыстан тоқылған төсеніш.
Далақ – көлемді, өте үлкен алаша.
Киіз қалпақ – ақ киізден тігілген айыр қалпақ.
Киіз етік – таза қой жүнінен, былғары және елтірі өндірістерінде өнделген терілерден түсетін қалдық жүннен, киіз және жүн өндірістерінің қалдықтарынан құрастырылып тігілген етік.
Киіз кебіс – жылылық үшін етік пен бәтеңке сыртынан киюге арналып тігілген галош тәрізді биіктігі тобыққа жетер, өкшелігі ойық киіз аяқ киім.
Киіз ұлтарақ – етік пен бәтеңкі ұлтанынан сыз өтпеу үшін іш-жағынан табан астына салатын табан үлгісіндегі киіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет