Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Үзік бау – үзік шеттері мен етегін киіз үй сүйегіне бекітетін бау. 4. Киіз үйдің іші-тысына тұтатын шилер



бет180/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   248
Үзік бау – үзік шеттері мен етегін киіз үй сүйегіне бекітетін бау.


4. Киіз үйдің іші-тысына тұтатын шилер.
Кереге, қанат ши – керегелердің сыртынан, туырлықтардың ішкі бетінен үйді айнала оралатын тоқыма ши бөліктері. Негізгі қызметі үйді сыртқы табиғи құбылыстардың жағымсыз әрекеттерінен, сондай-ақ зиянды ұсақ жәндіктердің кереге көздері арқылы ішке енуінен қорғау.
Өреше (өреши) – есіктен кіргенде киіз үйдің оң жағын ыдыс-аяқ, адалбақан сақтау үшін шимен бөлген бұрышы.
ТҰРМЫСТЫҚ БҰЙЫМДАР ЖАСАЙТЫН МАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Киіз – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысына, шаруашылыққа қажетті зат, мүлік, бұйым.
Жүн – жануарлар терісінің сыртын жауып тұратын түк, өндірістің, әсіресе тоқыма өндірісінің шикізаты.


ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНДАҒЫ КИІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІ
Киіз жасау – халықтың дәстүрлі үлкен қол өнері. Негізгі процестері: киіз басу, тебу, білектеу, пісіру.


Киіз басу:
Қарпу басқан киізді пісіру, кіріктіріп қағу, ұру, аяқпен тебу.
Киіз тебу – ыстық су себіліп, шиге оралған жас киізді көнелеу үлкен киізбен сыртынан тағы бір орап, сүйретіп тепкілеу.
Киіз пісіру – ыстық су жиі бүркіліп, пісірілген киізді бабына келтіру үшін білектеу.


Тұрмыста қолданылатын киіз атаулары
Өре киіз – ұзындығы үш құлаштай, ені екі құлаштай пісіріліп басылған төсеніш.
От киіз – от басына, ошақ қасына төселетін кесек киіз.
Түс (түс) киіз – төсектің тұсындағы қабырғаға іліп ұстайтын сәнді, кестелі киіз.
Керіске – сәнді киім (қаллақ), бұйым (сырмақ) тігуге арналып жұқа басылған мүнәйім киіз.
Құрым киіз – түтіннің ысы сіңіп қара қошқыл тартқан киіз.
Талдырма – қозы жүнінен жұп-жұқа бастырылған киіз.
Тұлдырық – бір жапырақ құрым киіз.
Сопы киіз – мәйітті жерлегенде орайтын киіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет