Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Бөкпен – майға бөктірілген талқан. СҮТ ТАҒАМДАРЫ



бет192/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Бөкпен – майға бөктірілген талқан.


СҮТ ТАҒАМДАРЫ
Ақ – малдың сүті, сүттен өндірілетін айран, шұбат, қымыз, т.б. тағамдардың жалпьі атауы.
Сүт – төлдеген малдан сауылып өндірілген ақ түсті, майлы сұйық тағам.
Сүмесін – сүт, ақ.
Көк сүт – қаймағы алынған, нәрі аз сүт.
Майдың сүті – қаймақтан сарымай айырғанда іркіліп шығатын қышқыл сүт.
Уыз – жас төлдеген малдың алғашқы 3-4 күндік қою уыз сүтінен пісірілетін дәмді тағам.
Қаймақ – 1. сүт бетіне жиналған майлы қабат; 2. мәшинеге тартылып, сүттен айырылған майлы бөлік.
Балқаймақ шикі қаймақтан, кілегейден тортасын айырмай ұн, қант, бал қосып пісірілген майлы, дәмді тағам.
Кілегей – сүт бетінде тұратын майлы қабат, шикі қаймақ.
Торта – сарымайды еріткенде бөлінген түнба, қалдық.
Айырған май – қайнатып тортасын бөліп шығарған сарымай.
Сарымай – сүтті күбіге құйып пісу арқылы немесе қаймақ кілегейді шайқау арқылы алынатын құнарлы майлы тағам.
Шыртылдақ – қорытылған сарымай.
Айран – ашытқы қүйып үйытқан сүт.
Божы ашыған айран, қымыз.
Быршыма – қатты ашып кеткен айран.
Кіртік – жаңадан ұйыған айран.
Ақта – қарынға құйылған сүттің күн қызуымен ұйып айранға айналуы.
Ұйытқы – сүтті ұйытып, айран жасайтын қою сұйық нәр.
Ашытқы – нан, қымыз ашытқанда салынатын қосынды.
Іркіт – құрт қайнату үшін үлкен ыдысқа құйып, жиналған сүтті пісіп майын алғаннан соң қалған ақ сусын.
Құрт – қатықтың, сүзбенің суын сарықтырып, сығып кептірілген домалақ қатты сүт тағамы.
Баспа құрт – жұмыр, тұз сіңген құрт.
Жас құрт – шала кепкен жұмсақ құрт.
Сықпа құрт – сүзбеден сығып жасалған сопақша құрт.
Ыстық құрт – қайнаған құртқа май қосып, сапырып ішетін кенеулі, емдік ас.
Малта – құрттың езіліп кішірейген түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет