Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Самса – жұқалап жайған қамырдың ішіне пияз аралас тартылған ет салып, майға пісірілген нан. Бұқпа



бет191/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Самса – жұқалап жайған қамырдың ішіне пияз аралас тартылған ет салып, майға пісірілген нан.
Бұқпа – ашытқы.
Іңкәл – етке салынып піскен қамыр нан.
Қамыр – 1. суға, сүтке иленген ұн, шикі жайма. 2. етке салынатын жайма іңкәл-нан.
Жүгері нан - жүгері ұнынан пісірілген нан.
Көмеш – төрт бұрышты нан.


ДӘНДІ ДАҚЫЛ ТАҒАМДАРЫ
Палау – ішіне ет, сәбіз, мейіз салып, күріштен басқан дәмді тағам.
Тұрнияз – сүтке ақталған тары, езілген құрт, май, үн қоспа қайнатып бұқтырған тағам.
Сыркүріш – сүтке пісіріліп, үстіне сарымай құйған күріш.
Тұшпара – жайылған қамыр арасына тартылған ет, ірімшік салып бүріп суға пісірілген тағам.
Сөк (тары) – қауызы айырылын ақталған тары.
Келісөк – тары сөгіне сүт, қаймақ қосып, келіге түйіп женттелген дәмді тағам.
Жент – тары, бидай жармасына, үгітілген ірімшікке қант, май қосып дайындалған тәтті тағам.
Ақ бикеш – кебегінен ақталған тары.
Ак талқан – ақталған тарының таза талқаны.
Талқан қуырылған бидайдың, тарының келіге түйгендегі немесе диірменге тартқандағы майда ұнтағы.
Бөртпе – арпадан, тарыдан бөктіріліп дайындалған тағам.
Қуырмаш – қуырылған бидай.
Ботқа (төп) – күріштің, тарының жармасынан бөктіріліп пісірілген қою тағам.
Быламық – ұннан не жармадан пісірілген қатықсыз қоймалжың тағам.
Жарма – бидай, арпа, сұлы, күріш, тары дәндерінің ұсақталған түрі.
Қарма - 1. қол диірменге тартылған, қуырылған жүгері талқан. 2. қамыр жұқаланып жайылған, қызып тұрған қазанға не табаққа қарылып пісірілген нан.
Қоспа – үгілген ірімшік не жармаға май, қант қосылған тағам.
Ақмұрт майды көп салып, тарыны (сөкті) шылаған тағам.
Ақтүймеш (түймеш) – келіге түйген қауын қағы мен сөк талқанының қоспасы.
Майсөк – ақталған тарыны, сөкті қойдың құйрық майына қуырып дайындалатын тағам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет