Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Бұжығы – турап, қарынға салып асқан жұмсақ ет. Бұжы



бет196/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Бұжығы турап, қарынға салып асқан жұмсақ ет.
Бұжы – бүйеннің ішіне ет, май тығып жасалған үлкен шұжық.
Бітеу – турап, бүйенге тығып, пісірілген ет.
Өсіп – жүректі, бүйректі, өкпені, бауырды үсақтап турап, күріш араластырып ішекке тығын жасалған тағам.
Қақпыш – боршаланып, тұздалған майлы ет, кепкен сүр.
Сүр – тұздалып қақталған ет.
Қарын бөртпе – кесектеп туралған етті айналдырылған қарынға тығып, тұз, бұрыш, жуа қосып, әбден араластырып, буылған қарынның аузын жоғары қаратып, ет пісірім уақыт қайнатып пісірілген дәмді тағам.
Борша – тілімдеп кесілген кепкен ет.
Құйрық-бауыр – қойдың піскен бауырын жұқа турап, үстіне жұқа тілінген құйрық май қондырып құдаларға тартатын сыйлы тағам.
Қуырдақ – ұсақтап турап майға қуырған тұзды ет.
Бәліш қуырдақ – ұсақ туралған етті қуырып, қамырдың арасына орап пешке пісірген қуырдақ.
Сүр қуырдақ – сүр етті ұсақтап турап суға қайнатып, піскенде сорпасын төгіп, қайтадан май салып қуырған тағам.
Май қайнатқан қуырдақ – арық етке немесе кепкен қара етке май қатып, қаймақ булап қуырған тағам.
Түйемеш – келіге түйіп жаныштап, майға қарып, суға қайнатып пісірілген кесек ет.
Қақталған ет – тіліп, тұздап, көлеңкеге жайып, ыстап кептірілген ет.
Кәуап (кебеп) – істікке түйреп, отқа қақтап пісірілген кесек ет.
Шұрай – қазының ең семіз майлы жері.
Шұрқап (май шұрқап) – семіз ет, құйрық, өкпе, бүйрек қосып қайнатып, үстіне талқан не ұн салып дайындаған қуырдақтың бір түрі.
Шыжық – құйрық майды, түйенің өркешін шыжғырғанда ерімей пыш болып қалған түйін май.
Томыртқа – бір түйір мұз қосқан майлы сорпа.
Нарын (турама) – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап араластырып, үстіне сорпа құйған ыстық тағам.
Сорпа – қазандағы суға піскен еттің нәрі, сұйық майлы тамақ.
Құрым сорпа – құйқа, бас-сирақ қосылып асылған еттің сорпасы, сөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет