Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Жапатай – бас киімнің бір түрі. Құлақшын



бет160/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Жапатай – бас киімнің бір түрі.
Құлақшын – аң терісінен, елтіріден тігілген, құлақты жауып тұрар бөлігі бар жылы бас киім.
Малақай – құлақшынның бір түрі.
Қалпақ – ақ қозының күзем жүнінен түбіт араластырып басқан, жұқа киізден тігілген жаздық бас киім. Ақ қалпақ, айыр қалпақ түрлері бар.
Тымақ – аң терісінен жасалған, суықта киетін, мойынды, құлақты жауып тұратын бөлігі бар жылы, қалың бас киім. Тымақтың түрлері: барыс тымақ, қарсақ тымақ, қайырма тымақ, төрт, алты және сегіз сай тымақ, далбай тымақ, жаба салма тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, елтірі тымақ, жекей тымақ, керей тымақ, күйеу тымақ, пұшпақ тымақ, сеңсең тымақ, түлкі тымақ, үйсін тымақ т.б.
Сыпырмай – аласа жиекті бөрік.
Тығырық бөрік – дөңгелек бөрік.
Тайтақы бөрік – жеңіл, ықшам бөрік, ертеде батырлар киген.
Оқшима – үсті сүйірлеу, етек жағы айбалтаның жүзіндей қайқиған, әшекейлене кестеленген қалпақ.
Делегей – қыста қардан, жауын-шашыннан қорғану үшін құлақшынның, тымақтың сыртынан киетін жамылғыш бас киім.
Жалбағай (далбағай) – екі жаны мен артқы етегі тұтас, иық пен желкені жауып тұратын тымақ тәріздендіріп қалың матадан, жұқа ақ киізден тігілген бас киім.
Шошайма – төбесі шошайған шоқима бөрік.
Шалма – ендей кездемеден жасалған, басқа орайтын бас киім.
Дастар – қымбат матадан орап жасалған арнайы бас киім.
Сәлде – мұсылман дінбасыларының басқа орайтын салмасы. Үш кез ақ матадан қабаттай орап жасайды, бір ұшын намаз оқыған кезде желке тұсты жауып тұру мақсатында бос қалдырады.
Мұрақ – қайырмасының арт жағы иіліп, қошқар мүйізделген, салтанатта, тойда киетін хан мен уәзірдің сәнді бас киімі.
Тәж – хан мен патшалардың алтындатқан лауазымды бас киімі.
Қоқыр – хан мен сұлтанның киетін зерлі, оқалы бас киімі.


ӘЙЕЛДІҢ БАС КИІМДЕРІ
Орамал – әртүрлі матадан, әр алуан үлгіде жасалған басқа тартар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет