Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет168/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   248
Бұйда пышақ – жүзі жалпақ, жетелі, ұзын ағаш сапты, сары мойын пышақ деп те аталады.
Біз – өрнек салуға, тесуге арналған ұшы үшкір құрал, геометриялық фигуралар сызуға қолданылады. Ұшы өткірленген болат, сабы бұралып өрнек түсіреді. Үскі біз, шеге біз, жорға біз түрлері бар.
Бізбілдік – ұшы қашау тәрізді қайралған болат біз.
Қырғы (қырғыш) – зергерлердің күміс, жез, қола бетін жылтыратуға, тегістеуге қолданатын өткір жүзді, пышақ пішінді метал аспабы.
Қадаубас – ұшында оюы бар, кейде ұшы өрнексіз, дөңес темір аспап. Екінші ұшынан балғамен ұрып күміс бетіне өрнек түсіреді, күмбез бейнесін жасайтын, темір тесетін құрал.
Сымтартқыш – алтыннан, күмістен зер жасауға, өте жіңішке сым дайындауға арналған аспап.
Атсалғыш – алтын, күміс бұйымдарға кісінің есімін жазуға, түрлі сызық сызуға қолданылатын жүзі көлбеу өткір құрал.
Безеубас, безеуіш – күміс бұйымдардың бетіне ою-өрнек жүргізетін, ұшында түрлі өрнек нұсқасы бедерленген қашау сияқты темір құрал.
Нақыш салғыш – түрлі бедер, өрнек түсіруге арналған ұшы жұлдызша, жарты Ай, дөңгелек, тағы басқа үлгіде қайралған, ұзындығы бір сүйемдей болат шыбықшалар.
Қашау – ағашты, темірді жонатын, өңдейтін ою-өрнек салатын құрал, шапқы.
Қысқаш – металды соғып шынықтыру, қақтау кезінде қысып ұстауға арналған темір аспап. Атауыз, балықауыз, кемпірауыз, қасқырауыз, тіскі, тістеуік, шаттауық, жіптік, отқысқыш т.б. түрлері бар.
Нүкте салғыш – алтынмен апталған, күміспен күптелген бұйымдардың бетіне шұңғыл ұя, нүкте түсіретін жіңішке, әрі батыратын ұшы жұмыр, дөңес металдан жасалған құрал.
Түртпе – ұшы қиғаш қайырылған шапқы тәрізді, балғамен соғып металға түзу, қисық, қиғаш сызықтар түсіруге қолданылатын құрал.
Үрімпар – зергерлік көріктің шоққа жел үрлейтін аузы.
Шекіме – күптелген темірдің бетіне шекіп бедер салатын екі жүзді шапқы тәрізді ағаш сапты, болаттан жасалған өткір құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет