Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет164/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Сақина – алтын, күміс, түсті моталдардап соғылған, кейде асыл тастардан көз салынған, шығыршық пішінді, сәндік үшін саусаққа салатын зергерлік бұйым.
Балдақ – алтыннан не күмістен соғылған, асыл тасты көзі жоқ, әшекейсіз шығыршық сақина.
Жүзік – қымбат металдан құйылып, сыртқы бетіне сіркелеу, лажылау, бағдарлау төсілдерімен өте сәнді өрнектер отырғызылған және әсем күмбезделген, асыл тастардан бірнеше көз салынған, саусаққа киюге арналған зергерлік бұйым. Өткерме деп те аталады.
Жүзіктің бір алақанға бірнеше бауырлық орнатып, екі, үш, төрт саусаққа (бас бармақтан өзге) қатар кигізілетін түрлері бар.
Құдағи жүзік – бір саусақтан бастап, екі, үш, төрт саусақ қатар сұғылатын, үсті тұтас, дөңгелек пішінді, алтын, күміс, асыл тас көзді өте бағалы, қомақты, құдағиға сыйға тартылатын жүзік.
Қос (үш, төрт) бауырлы жүзік – екі (үш, төрт) саусаққа қатар киілетін жүзік. Жасалу тәсілдері мен материалдарына қарай алтын жүзік, күміс жүзік, мөрлі жүзік, көзді жүзік, күмбезді жүзік, шытырлы жүзік аталады.
Сырға – әртүрлі қымбат металдардан, асыл тастардан көз қондырып соғылған, құлаққа тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Сырғаның көне атауы – құлақ моншақ.


Сырға атаулары
Ай сырға
Алтын сырға
Айшық сырға
Ақық сырға
Алқа сырға
Қыспа сырға
Ағыл сырға
Маржан сырға
Сонақ сырға
Сабақты сырға
Айбалта сырға
Тұлпар сырға
Жез сырға
Жапырақ сырға
Жұмыр сырға
Жымырық сырға
Зер сырға
Зере сырға
Иінді сырға
Иықты сырға
Күміс сырға
Күмбез сырға
Көз сырға
Күпек сырға
Қолқа сырға
Қоңырау сырға
Собық сырға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет