Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Шоқ – бас киімге тағылатын асыл тас, алтынды әшекей. Түрлері: алтын шоқ, бұрама шоқ, үкілі шоқ, шоқты. Қолазы



бет167/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   248
Шоқ – бас киімге тағылатын асыл тас, алтынды әшекей. Түрлері: алтын шоқ, бұрама шоқ, үкілі шоқ, шоқты.
Қолазы – үкі қауырсынын ораған, сал-серілер бөрікке қадайтын әшекей.
Шырмауық – метал ілгекті бас киім әшекейі.
Тана – қыздардың тақиясына, бөркіне, киім омырауына, жағасына тағылатын асыл тастан жонылған не таза күмістен соғылған түйме тәрізді дөңгелек сәнді бұйым.
Есектас – бөрікке тағуға арналын өнделген, жонылып, қырланған көктас-әшекей.
Шытық – күмістен күптелген шар тәрізді сәукеле әшекейі.
Жемелек – өрілген бұрымның ұшына бекітетін әшекей.
Төбелдірік – сәукеле төбесіндегі тәж сияқты әшекей.
Маңдайша – сәукеленің маңдайына тағылатын асыл тасты күміс әшекей.


ЗЕРГЕРЛІК ҚҰРАЛ АТАУЛАРЫ
Дүкен – құрал-сайманды зергерлердің жұмыс орны.
Күйентелі таразы – қымбат бағалы металды, химиялық заттарды өлшейтін зергердің таразысы.
Қалып – ұшында бедерлі өрнегі бар болат шыбық.
Саусақ қалып – сақина, жүзіктің бауырын түзетуге арналған бір жағы сүйір болаттан созылған құрал.
Көрік – металды қорыту, қоспасынан айыру процесінде отқа жел беріп тұру үшін ешкінің, түйенің мойын терісінен жасалатын құрал.
Зауыт – алтын, күміс, тағы басқа түсті металды қорытатын, еріген металды құятын немесе оны қорыту үшін сақтайтын ыдыс, сауыт.
Сандал – төс бекітілген тұғыр ағаш.
Төс – сандалға орнатылып, үстіне метал қойып соғуға арналған шойын, болат құрал. Шың төс, домалақ төс, құстұмсық төс, зергер төс түрлері бар.
Қауашақ – қорытылған метатды құятын, сақтап суытатын саз балшықтан немесе жұқа қаңылтырдан жасалған науа тәрізді ыдыс.
Оқбақыр – алтын, күміс, қорғасын, қола қорытатын, темірден не саз балшықтан жасаған, суағары бар тұтқалы ыдыс, ожау.
Талқы – иленген теріні, қайысты жұмсартуға қолданылатын ағаш құрал.
Балға – соғып ұру арқылы металды өңдейтін, белгілі бір пішінге келтіретін, түзететін құрал. Ағаш балға, жез балға, қадау балға, қол балға, мүйіз балға, соққы, тоқпақ, шапқы балға, шой балға, шұбар балға, шық балға түрлері бар. Қайшы – сымға тартылған алтын, күміс талшықтарын, қақталған мыс, қаңылтыр, тері қиятын құрал.
Пышақ – ағашты, сүйекті, металды кесуге, жонуға, сызуға арналған құрал. Балдақ пышақ, бодан, кездік, кесер, қожанту, ләгор пышақ, лөкет пышақ, сақанекті пышақ, темір-тек, шаппа, бәкі атаулыларынын ішінде зергерлілікке қатыстылары – қайқы пышақ, қашау пышақ, ою пышақ, сызу пышақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет