Байланысты: антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)
1.8. Этнотаңбалық тіл деректерінің көздері Ежелгі дәуірлерде пайда болған эпос – халықтың рухани да заттық мәдениетінің мол көзді арнасы. Оның бойында халықтың өткен өмір жолын бейнелейтін таптырмайтын бай тілдік деректері сақталған. Халықтың қоғамдық өмірімен тығыз байланыста пайда болған эпикалық жырларда ғасырлардың шындығы кейде жанрлық сипатына сәйкес тым асырылып, әртүрлі көркемдік тәсілдермен құбылып бейнеленеді. Себебі, халықтың өмірінің жиынтығы, ұзақ уақыт бойында қалыптасқан оның дүниетанымы, әдет-ғұрпы, арманы, мүддесі, рухани өмірі бейнеленеді.
Ол тек рухани ғана емес, сонымен сабақтаса қалыптасып дамитын заттық (материалдық) та мәдениетін бейнеленеді. Себебі, қай халлықтың болса да, оның ертеден келе жатқан өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт дәстүрімен қатар күнделікті тұрмысқа тікелей қатысы бар дүниелері болады. Эпоста олар сан қырынан көрінеді. Ш.Уәлихановтың, Ә.Марғұланның, С.Қасимановтың, Е.Жұбановтың, Н.Уәлиевтің, А.Жылқыбаеваның. А.Мұқатаеваның, А.Сейілханның, Р.Шойбековтің, т.б. еңбектерінде көне мәдениеттің эпостағы көріністерінен көптеген мәліметтер келтіреді.
Бұл арада қазақ халқының мәдениеті артта қалған, ия тұйықталған емес, ол о бастан-ақ өзіндік ерекшелігін дамыта отырып, сыртқы мәдени дүниеден ең алдымен туыс түркі халықтарының мәдениетінен оқшау емес екенін атап өту орынды.
Ал, ұлттық ерекшелік, «халықтық рух» (В.фон Гумбольдт) ұлттың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, дүниетанымы мен эстетикалық талғамдары тек қана рухани мәдениет арқылы ғана емес, сонымен бірге ол күнделікті тұрмыс бұйымдарында, үй жиһазары мен мүліктерінде, киімі мен әшекейінде де бейнелеіп, олардың тілдік атаулары арқылы көрінеді, танылады. Ол атаулардың бәрін жалпы атаумен «Материалдық мәдениетке қатысты лексика» (ММЛ) деп сипаттауға болады.
Бұл орайда өз бойында бай тарихты және тұрмыстық, рухани лексиканы сақталған тіл қазынасы іспетті эпостық жырлардың мәні ерекше. Тілдің осындай ұлттық байлығының негізінде туып дамыған фольклордың негізгі тақырыбы ұлттың тарихы, әлеуметтік және рухани өмірі, тұрмысы және еңбегі т.б. тығыз байланысты. Осыған қатысты фольклор – тілдік деректерді молынан көрсететін үлкен бір арна.
Қазақтардың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» т.б. лиро-эпостық жырларында қалай айшықталғанын этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық негіздегі талдаулар дәлелдейді. Бұл жағдай фольклорда мысалы қазақ халқының материалдық мәдениеті кеңінен бейнеленгенін көрсетеді: материалдық өндіріс деңгейі, тұрғын үй, киім т.б. шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған қазақтардың халықтық қолөнерінің сипаты, түрлері, бұйымдары және т.б. Осы тұрғыдан фольклор рухани мәдениетпен қатар біздің материалдық мәдениет туралы білімімізді байытады. Себебі, қазақ фольклорынан жинақталған лексика тарихи құндылығымен бағаланатын қазақ халқының рухани және материалдық байлығын бейнелейтін заттарды атап көрсетеді.
Бұл мәселелерге ерекше көңіл бөліп зерттеген осы еңбектер фольклорда рухани және материалдық мәдениетке қатысты халықтың өмірі мен тұрмысын жан-жақты қамтыған табиғатына сай негізделген белгілі бір дәрежедегі лексикалық жүйе бар екенін көрсетеді [38]. қазіргі рухани-әлеуметтік, қоғамдық даму барысынан туындайтын қажеттілік ағынына сай туып жатқан, аударылып жатқан ұлттық ұғымдар мен атауларға негіз болатын төл мәденпетімізде қалыптасқан сөзжасамдық үлгілердің көбі диалектілік лексикада сақталған. Осымен байланысты онда қалыптасқан белгілі бір сөзжасамдық жүйені анықтап, тілдік модель түзуге болады: жайдақ арба, жайдақ шам,жайдақ ер, жайдақ шана; жаужұмыр, жаужапырақ, жауқияқ; желауру, желкөз; ағаш үй, балқаш үй, болыс үй, жолым үй, дабыл үй; адай көйлек, адай тыма, адай шалбар, адай домбыра т.б. Этностың тұрмыс қажеттілігіне орай жасалатын заттық-рухани ортасы қаншалықты дамыған, жетілген болса, ондағы әрбір бұйым мен өнімге берілетін атаулар кіретін тіл жүйесі де соншалықты ауқымды болмақ. Бұл көп жағдайда әдеби тілдің шеңберінен тыс та қолданыс таба беретін заттық мәдениетке тікелей қатысы бар. Ал ұлттық дүниетаныммен ұштасатын рухани мәдениеттің лингвогеографиялық негіздерін анықтау – бұдан да күрделі мәселе. Себебі мұнда тілдің нақты қоғамдық қолданысы ғана емес, белгілі бір этнотілдік ұжымның тұрмыстық т.б. әрекетімен байланысты дүниенің барлығын тіл арқылы жеткізудің тәсілдері мен құралдары мәдениаралық коммуникация шеңберінде қарастырылады. Осымен байланысты қазақ тіліндегі мәдени-әлеуметтік жүйенің тұтас сипаты лингвогеографиялық аспектіде анықталатын ақпараттық-қызметтік дәйектер арқылы айқындалады.
Соның барысында жалпы алғанда, рухани мәдениеттен гөрі заттық мәдениеттің бойында ерекше белгілер айқынырақ көрінетіні байқалады. Себебі мекендейтін жердің географиялық-климаттық және соған сай кәсіби, территориялық жағдайларына бейімделген тұрмыстық қажеттілік өзіне тән мәдениетті қалыптастырады. Соның нәтижесінде сол мәдениетті өз игілігі ретінде тұтынушы халықтың ол туралы ақпараты, мысалы, диалектикалық лексикада көрініс табады.
Осымен байланысты қазақ тіліндегі мәдени-әлеуметтік жүйенің жеpгiлiктi еpекшелiктеpдегі сипатына қатысты мынадай екi жағдайды атап өткен жөн:
1. Кейбip әдет-ғұpып, мәдени тұpмыстық жағдайлаpдың өзгеpуiмен байланысты тек жеpгiлiктi еpекшелiктеp түpiнде ғана сақталып қалған зат атаулаpы;
2. Қазақтың жеpi қандай кең байтақ болса, мұндағы кәсiп пен шаpушылықтың түpi де соншалықты мол. Сондықтан сол кәсiппен айналысып жүpгендеpге түсiнiктi болғанымен, ондай кәсiп, шаpуашылығы жоқ басқа жеpлеpде түсiнiксiз кәсіби атаулар.
Ал, қазақ тіл білімінде қалыптасушы антропоөзектік парадигма жүйесінде этномәдени-тілдік деректі сақтаушы өз ретінде диалектiлiк лексика мен кәсiби лексика құpамында, соңғы кездегі тарихи-әлеуметтік жағдаятқа сәйкес шетелдердегі қазақ диаспора тіліндегі әpтүpлi қоғамдық-әлеуметтiк, таpихи-мәдени себептеpмен ұмыт болған не көнеpген сөздеp мен атаулаpдың сақталуын ареалдық лингвистика, лингвогеография аpқылы зеpттеу қалыптасуда. Осы оpайдағы диалектiлiк этногpафизмдеp халықтың pухани, мәдени байлығының куәгеpi iспеттi лингвомәдени дерек ретінде анықталады.
Нақты айтқанда, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынған тұста жоғарыда аталған сөздіктердің негізінде және соңғы 10-15 жылдарда жүргізілген диалектологиялық зерттеулер, жарияланған мақалалардағы материалдардың басын қосып, толықтырудың нәтижесінде 2005 жылы «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» жарық көрді. Сөздіктің негізгі материалы ретінде Қазақстан территориясынан тысқары, шет елдерде өзге тілдік ортада шоғырланып орналасқан (Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясындағы, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран елдеріндегі) қазақ диаспорасының тілдік ерекшеліктері пайдаланылды.
Аталған еңбектердің негізінде шетелдегі қазақтардың тілі қазақ тілінің белгілі бір сөйленістер тобына жататын вариант ретінде сипатталып, тілдік ерекшеліктері жинастырылып, оларға талдау жасау арқылы қолданылу жиілігі, өзге сөйленістерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру лингвогеография тұрғысынан зерттелді.
Осы жұмыстардың сапалы орындалуына ерекше үлес қосқан – осы саланың көрнекті маманы дилектолог-ғалым С.Омарбеков. Осы бағыттағы зерттеулердің ғылыми-әдістемелік негізін құрайтын ғалымның еңбектерінің қазақ тіл білімінде өзіндік орны ерекше («Қазақ тілінің Маңғыстау сөйленісі», «География фонетических различий казахской речи» т.б. Сонымен қатар аталған зерттеулердің нәтижесі өзге тілдік ортада өмір сүрген қазақ тілінің жай-күйін, сол елдегі үстем тілдің әсерімен қалыптасқан тілдегі өзгерістерді зерттеу мүмкіндігі туып, ол диалектология саласында Отанынан жырақта өзге мемлекеттерде қоныстанған белгілі бір ұлттың шоғырының орналасу тарихын, жай-күйін зерттейтін әлеуметтанумен сабақтас диаспоратану тармағының қалыптасуына да себеп болды.
Осы тектес зерттеулердің лингвогеографиялық аспектісінің нәтижесінде кәсіби сөздерді зерттеу, сөйленіс (говор) құрамындағы кірме элементтерді анықтау, қазақ сөйленістерінің басқа тілдермен қарым-қатынасын, сөйленіс түрлерін (ауыспалы, аралас болуы)ажырату, аймақтық лексикография теориясын жасау сөйленістер тілін тіл мен ұлт тұтастығы қағидасына сай анықталатын антропоөзектік парадигманы толықтырады.
Сонымен, әр aлyaн тiлдepдeгi диaлeктoлoгиялық құбылыcтapдың көптeп жинaлyы мұндaй құбылыc aтayлының тapaғaн шeгiн aнықтayды қажет етіп, тiл бiлiмiнiң диалектология тapмaғының дepбec caлacы peтiндe XIX ғacыpдың coңғы шиpeгiндe лингвoгeoгpaфия әдісі қaлыптacқаны белгілі. Зepттeyдiң бұл әдiciнiң мәнi – нaқтылы тiлдiк құбылыcтapды гeoгpaфиялық кapтaның бeтiнe түcipiп, coл apқылы oның тapaғaн жepлepiн aнықтay. Tiл құбылыcтapының тapaғaн aймaғы мен шeгiн aйқындay тiлдiк жүйeнiң пaйдa болу, даму зaндылықтapын тaнып-бiлyгe, oлapдың нaқтылы гeoгpaфиялық кeңicтiккe opнaлacy ceбeптepi мен cыpын түciнyгe, түптeп кeлгeндe, тiлдiң тapиxын түciнyгe мүмкiндiк бepeдi.
Осымен байланысты бip топ қaзaқ диaлeктoлoгтеpі 70-жылдapдың бас кeзiндe aтaлғaн өңipлepдeн жинaлғaн тiлдiк құбылыcтapдың apacынaн бacты-бacты дeгeндepiн ipiктeп aлып, карта бeтiнe түcipiп, 250-дeн acтaм лингвиcтикaлық карта жacaп, қазақ тіл білімінде лингвогеография әдісінің нақты дәйегін жасады (Ш.Capыбaeв, C.Oмapбeкұлы, O.Haқыcбeкoв, Т.Айдаров, т.б.).
Мысалы, С.Омарбековтің лингво-географиялық әдісі негізінде анықтаған батыс сөйленісінің дәйектерін қараңыз: түйе кесе; тай кесе; жаулы бақыр, бақыраш, бақыр, пәрнек, шәйгөн, дүмше, тасқұман; төбешай, булық, томаға, тұндырғыш; елеуіш; тістеуік; тайөгіз; оттық; қысқаш, іскенже; тоғанақ, ырғақ; егерше, темір, ер, шүйдерке; қоталақ арба, дігірлі арба. Демек, диалектілік лексиканы тіл тарихы мен ұлт мәдениетін жан-жақты бейнелейтін кәсіби және аймақтық лексикамен тығыз байланыста зерттеп, тіл табиғатымен тектес сөзжасамдық үлгі ретінде терминжасам мен жаңа қолданыстар үдерісінде диалектілік лексиканы пайдалану тілдің мұрагерлік (кумулятивтік) қыметінен туындайды.
Осы сияқты ескінің қалдығы ретінде көптеген этномәдени ақпаратты бойына сақтаған мәдени лексиканы қазақ тілінің фразеологиялық қорынан көптеп табуға болады. Мысалы: көнектей болу, қалжа жеу, қанжығасына байлау, көрімдік беру, тұсауын кесу т.б.
Сол сияқты этнотанымдық ассоцацаияға сәйкес көркем ойлау жүйесі айрандай ұйып отыр, көбіс ауыз, кебексе қарын т.б.
Демек, фразеологиялық тіркестер құрамындағы этномәдени ақпараттардың ашылуы, тілдің танымдық қызметін айғақтайды.
в) көркем мәтін тілінде:
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антрополингвистикалық парадигма шеңберіндегі «дүниені тілдік бейнелеудің» айшықты жүйесін тиімді зерттеудің кеңістігі – көркем мәтін. «Көркемдік әлемін» құратын бұл кеңістіктің ішіне ежелгі эпостық жырлар, ақын-жыраулар мен би-шешендер тіліндегі т.б. тарихи-рухани көздердегі сөз кестелерінен бастап, қазіргі заман қаламгерлерінің шұрайлы да сырға толы тіл әлемі енеді. Ол көздерден тілдік деректерді тек жинақтап қоймай, оларды этномәдени сабақтастықта зерттеуің маңызы терең.
Осымен байланысты уақыт пен кеңістік контексіне сай әртүрлі әлеуметтік-тарихи кезеңдердегі белгілі бір этностық, иә ұлттық сипатта ұйысқан ұжым өкілдерінің айналадағы дүние туралы алуан түрлі сырын мифтік бағам-пайымын, наным-сенімін көрсететін тіл деректері, кейбір көне этномәдени сөзқолданыстары бүгінгі заманға халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет мәтіндері арқылы келіп жеткені белгілі. Сондықтан зерттеу антропоөзекті парадигма өрісіндегі жұмыстарында көне мәтіндік тілдік деректер бір ұлттық ұжымда өмір сүріп, қызмет істеген адамдардың (тіл тұтынушыларының) ұзақ этномәдени даму жолын танудың бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде мынадай бағыттарда айқындалады: