21. Синекдоха, түрлері, жасалу жолдары, мысалдармен дәлелдеңіз. Сөз мағынасын ауыстырып қолданудың бір тәсілі- синекдоха (гр cynekdoche - бірге жобалап түсіну). Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып ауысып қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға бір табан жақын тұрады. Мұндағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылады. Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерде астарлы мән, тартымды образ жатады.
Синекдоха тәсілі сөздердің мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне үлкен ықпал етеді. Мысалы: Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.
Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың атау қызметі де арта түседі.
22. Сөздің көп мағыналылығы, омониммен ұқсастығы мен айырмашылығы бойынша хронологиялық карта жасаңыз. Мысалдармен дәйектеңіз.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы:
Көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан,мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады
Омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да,кейде бір сөз тобына,әр басқа сөз табына да қатысты болып,дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін етістік.
Айт : 1) айт болды – діни мейрам ; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..
Көп мағыналы сөз қай стильде болса да қолданылады. Бірақ оның ең көп жұмсалатын жері — көркем шығарма.
Антонимдер бір сөйлемнің, өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорльіқ өмірден ерлік өлім артық. Ер бакыттың қонганын білмейді, ұшқанын біледі.
Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да (айдай, ай десе аузы…, Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жет-кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қолданылып тұр.
Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы койылып шен-дестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
Антонимдер ыңғайлас кезектесіп қатар жұмсалады Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден. Палуанға он, терісі бірдей.