Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына хронологиялық шолу жасаңыз


Қазақтың байырғы төл сөздері, толығу жолдары бойынша хронологиялық карта жасаңыз



бет21/21
Дата22.02.2023
өлшемі53,5 Kb.
#69926
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
30. Қазақтың байырғы төл сөздері, толығу жолдары бойынша хронологиялық карта жасаңыз.
Байырғы сөз (төл сөз) — белгілі бір тілдің өзіне тән, лексикалық құрамының неғұрлым ескі қабатына жататын етене төл сөздер.
Қазақтың байырғы сөз — қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпы халықтық сипатта қалыптасқан, онын өзіне тән сөздері. Онынң негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатыр (ата, ана, күн, түн, бір, екі, түйе, қой, жылқы тағы басқа). Байырғы сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады. Байырғы сөз, бір жағынан, бұрынғы ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән, меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады. Осындай қазақтың байырғы сөздері негізінен, қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп шығып, 15—16 ғасыр мен 19 ғасыр арасында өз алдына халық болып біріккен кезінде пайда болған. Байырғы лексиканың кұрамындағы жалпы түркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты (малшы, түндік, жаппа, тұтқыш, тағы басқа). Байырғы сөзге кейін пайда болған неологизмдер, терминдер, жергілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздер жатпайды. Бірақ диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір аймақ үшін байырғылық сипат болуы мүмкін. Кірме сөздердің де ерте замандарда кіріп әбден халықтық сипат алып, байырғыланып кеткен кейбіреулері байырғы сөз қатарында саналады. Мысалы, араб-парсыдан ауыскан құдай, ақыл, қорек, әрекет, дастарқан, шаруа; орыс тілінен ауыскан кереует, самауыр,рет, бәтеңке. Көнерген сөздер мағынасына қарай 2 – бөлінеді: - Тарихи сөздер (қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар жатады. Ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс Қару –жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе,сауыт, айбалта, найза, адырна Кеңес дәуір тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, отарба т.б) - Архаизмдер (халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт – сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. 1. Мата атаулары: Мысалы, торқа, дүрия, патсайы 2. Әдет-ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта 3. Үй тұрмысы, киім-кешек, ыдыс-аяқ атаулары : лашық, күпі, саптыаяқ, саба, сәукеле, кебеже, т.б Кейбір сөздердің қайтадан жаңғыратын кездері де болады Кеңес дәуіріндегі қолданудан шығып қалған сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран. Бұрынғы жыл атаулары: барыс, жылқы, қоянт.б Ай атаулары: наурыз, сәуір, маусым, қыркүйект.б Тәуелсіздік алғаннан бері сөздеріміз қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет