Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата24.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#10281
1   2   3   4   5

Қазақстанның 

өнеркәсібі 

мен 

ауылшаруашылығы 

 

1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз 



Қазақстан 

 

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Халқының саны 15 



миллионнан  асады.  Археологтардың  айтуы  бойынша 

Қазақстан  жерін  алғашқы    адамдар    бұдан  300мың  жыл 

бұрын  мекендеген.  Қазіргі  Қазақстанда  130  ұлттың 

өкілдері тұрады.  

 

Қазақстанның    жер  көлемі  2,7  миллион  шаршы 



шақырымнан  асады.    Республика  жерінің  үлкендігі 

соншалық  –  оның  оңтүстігі  мен  солтүстігі,  батысы  мен 

шығысындағы 

табиғаты 

бір-біріне 

ұқсамайды.  

Оңтүстігінде  жемістер  гүлдеп,  жер  бетін  астық  жапқанда, 

солтүстігінде  әлі қар жатады.  

 

Қазақстан  жері  пайдалы  кендерге    өте  бай,  жер 



шарында  кезедесетін  кен  байлықтарының  бәрі  бар.  Олар: 

темір  рудасы,  түсті  және  асыл  металдар  (мыс,  қорғасын, 

қалайы,  күміс,  алтын  және  басқалары),  көмір,  мұнай, 

фосфориттер.    Осыларды  игеру  барысында  жаңа  қалалар 

пайда  болды.  Олар:  Арқалық,  Балқаш,  Жезқазған, 

Қарағанды,  Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау т.б.  

 

Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 



1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 

тұңғыш президенті болып сайланды.  

сөздік 

егеменді – суверенный   



 

жер шары – земной шар 

өкіл – представитель  

 

 



асыл – драгоценный 

созылып жатыр-простирается 

пайдалы  кен  –  полезные 

ископаемые  

 

2-тапсырма



Сұрақтар 

бойынша 

«Қазақстанның 

өнеркәсібі  мен  ауылшаруашылығы»  тақырыбына  әңгіме 

құраңыз 

 

19 


1)

 

Қазақстанның  экономикасы  жайында 



не айтасыз? 

2)

 



Өнеркәсіппен    ауылшаруашылықтың 

дамуы неге байланысты?  

3)

 

Жалпы  шаруашылықтың  дамуына 



қандай көңіл бөлінуде? 

4)

 



Шаруашылықты  дамытуға  білімді 

мамандар қажет пе? 

5)

 

Аыулшаруашылығына 



қандай 

мамандар қажет? 

6)

 

Қазіргі  заманда  оларға    жақсы  жұмыс 



жасауға жағдай туғызуға бола ма? 

7)

 



Оған кім жауапты? 

8)

 



Өз үлесіңде қосар ма едің?  

9)

 



Ауылшаруашылығын  дамыту  үшін 

міндетті түрде ауылда тұру керек пе? 

 

3-тапсырма.  Аңызды  оқып,  мазмұнын  айтыңыз.  Сұраққа 



жауап беріңіз.  

...Өмірден  өз  орнын  таба  алмай  ренжіп  жүрген  жас 

жігіт  кездейсоқ  қарт  кісіге  жолығып,  сәлем  береді.  Қарт 

кісі Қызыр баба еді. 

-

 

Қызыр баба, сізден сұрайтын тілегім бар, - деді жас 



жігіт. 

-

 



Айта ғой, - деді қарт. 

-

 



Таусылмас  қазынаға  қолым  жетіп  қуансам  деген 

арманым бар, - деді ол. 

-

 

Тілегің  қабыл  болады.  Бірақ  біліп  қой,  қазына  сені 



іздеп  келмейді.  Оны  өзің  іздеп  табуың  керек. 

Асықпай тыңдап ал. Қазына жетеу. 

Бірінші қазына білімде, екінші қазына - өнерде, үшінші 

қазына  –  тілде,  төртінші  қазына  –  диірменде,  бесінші 

қазына  саудада,  алтыншы  қазына  –  шаруашылық, 

диқаншылықта, жетінші қазына – ит болады. 



 

20 


 

Табиғи  дарының  мен  қабілетіңе  қарай,  өзіңе 

лайығын таңдап ал. Жігіт өз қабілетіне қарай шараушылық, 

диқаншылықты  таңдапты.  Жігіт  еңбектің  арқасында  бай 

болыпты, қазыналы болыпты.  

Сіз  қандай  қазынаны  таңдар  едіңіз?  Айтыңыз, 

жазыңыз.  

 

 



 

 

 



(«Жас алаш», 2002, ақпан) 

 

4-тапсырма.Өлеңді  мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз 



 

Ілияс  Жансүгіров  (1894-1938)  -  аса  көрнекті  қазақ 

ақыны.  Көптеген  өлең,  поэма  жазған.    Оның  «Дала», 

«Күй», 


«Күйші», 

«Құлагер» 

поэмаларының 

қазақ 


әдебиетінің тарихында орны өзгеше. 

 

Дала 



Жүрегім, сырым сенікі, 

Келісті далам, кең далам. 

Тудым, өстім, есейдім, 

Ен далам – анам, мен – балаң. 

(Ілияс Жансүгіров) 

ен далам – бескрайняя степь 

өзгеше – особенный 

есейдім – возмужал 

жырым – моя песня 

өстім – вырос  

 

5-тапсырма.  «Менің  қалауым  –  ауылшаруашылығы» 



тақырыбына сұхбат құрыңыз.  

 

7-сабақ.  Қазақстанның  табиғи  байлықтары.  Ұлттық 



байлық дегеніміз не?  

 

1. Тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.. 



 

Қазақстанның  жер  көлемі  2 756 000  шаршы 

километр.  Оның  40  пайызы  -  өзен,  көл,  теңіз.  Жерінің  50 


 

21 


пайызын  шөл  және  шөлайт  аймақтар  алып  жатыр.  Ал  10 

пайызы таулы жер.  

 

Осы ұлан - байтақ республика жерінің ауа-райы, жер 



бедері, геологиялық құрылысы, өсімдік құрамы, топырағы, 

жануарлары алуан түрлі болып келеді. 

Республика  жерінде  Д.И.Менделеевтің  периодтық 

жүйесіндегі элементердің бәрі де бар.  

 

Қазақстанның  батысы  Астрахань  далалары  мен 



Каспий  теңізінен  басталады.    Ал  шығысқа  қарай  Алтай 

тауларына,  Қытай  шекарасына  дейін  3 000  шақырым.  

Солтүстік Батыс Сібір ойпатынан басталады. 

 

Солтүстігі  Тянь-Шань  тауларынан  Орта  Азия 



республикаларына  дейін    1 900  шақырымға  созылып 

жатыр. 


Республиканың 

барлық 


шекарасы 

15 000 


шақырымнан астам. Оның 12 000 шақырымы құрлық, 3 300 

шақырымы Каспий мен Арал теңіздері арқылы өтеді.  

 

көлем – объем 



бедер – рельеф 

топырақ – почвы 

алуан – множество 

шөл –пустыня 

ұлан-байтақ – обширная 

құрлық – суша 

ойпат – низменность  

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз 



1)

 

Қазақстанның жер көлемі неше шаршы метр? 



2)

 

Қазақстанның жері қандай? 



3)

 

Республика жерінде не бар? 



4)

 

Қазақстанның батысы қайдан басталады? 



5)

 

Шығысы қай елмен шектеседі? 



6)

 

Солтүстігі неден басталады? 



7)

 

Республиканың 



барлық 

шекарасы 

неше 

шақырым? 



8)

 

Оның 



неше 

шақырымы 

құрлық, 

неше 


шақырымы теңіздер арқылы өтеді? 

 

22 


9)

 

Ол қандай теңіздер? 



 

3-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз 

Қазақстан картасы  

Ақтөбе - өлке, ақ тарысы – мол ырыс. 

Атырау – мол Қазақстан мұнайы. 

Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы. 

Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы. 

Көкшетау - көп көгілдір көл аймағы. 

Қарағанды – қара алтынның қоймасы. 

Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы. 

Қызылорда – күрішті Сыр ағасы. 

Орал – көне Ақ Жайықтың жағасы. 

Өскемен - өр шығыста Алтай аясы. 

Павлодар – Кара Ертістің саясы. 

Петропавл – солтүстігім орманды. 

Семей – аңыз, Шыңғыстаудай қорғаны. 

Талдықорған – жер жанаты, көк бағы. 

Ақмола – Арқада астық алқабы. 

Шымкент – ыстық солтүстігім мақталы.  

 

 



 

 

(Е.Өтетілеуов) 



 

қазыналы, шұрайлы – богат и плодороден 

 

бұзылмаған қаймағы – нетронутые богатства 



көгілдір көк аймағы –край голубых озер 

қызыл бидай қамбасы – богат красной пшеницей 

күрішті Сыр ағасы – рисовый край Сырдарьи 

солтүстігім орманды – лесистый север 

астық алқабы – хлебный край  

 

4-тапсырма



Көшіріп 

жазып, 

бастауыш 

пен 

баяндауыштың астын сызыңыз.  

Бірінші  Алматы  вокзалынан  Абай  даңғылына дейін 

созылатын  үлкен  көше  бар.  Бұл  көше  қаланы  қақ  жарып 

өтеді. Ол – Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің көрнекті 

қайраткері.  Дауылпаз  ақын  әр  ұрпақтың  есінде  қала 

бермек.  



 

23 


Есте  сақтайық!  Бастауыш  пен  баяндауыш  –  сөйлемнің 

тұрлаулы мүшелері  

 

5-тапсырма.  «Елімнің  байлығын  сақтау  үшін  қаржы  қажет 



пе?» тақырыбы бойынша сұхбат құрыңыз. 

 

8-сабақ. Уақытты бағалай біл  



 

1-тапсырма.  Сөздер  мен    сөзтіркестерін  орыс  тіліне 



аударыңыз 

 

Уақыт, ақшалай құн, ақшалай уақыт, мың теңге, бір 



тиын,    кісілік,    уақытты  босқа  өлтірмеу,  даналық,  ортақ, 

ақсүйектік,  тәулік,  жиырма  төрт  сағат,  уақытты  бағалай 

білу,  тектілер  қатары,  өзін-өзі  қадағалау,  еріншектік, 

іскерлер әлемі, мәртебелі уақыт.  

 

2-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз 



 

 

Уақыт  –  адам  өмірінің  ақшалай  құны.  Адамның  



ақшалай  уақыты  адамның  өзіне  байланысты.  Біреудің  бір 

сағаты  мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.  

Даналық  жасқа  байланысты  емес.  Уақыт  –ақсүйектікті 

мойындамайды.  Ханға  да,  қараға  да    берілетін  мерзім  – 

тәулігіне  жиырма төрт сағат.  

 

Адам  уақытты  сезінгенде  ғана  өзін-өзі  қадағалап 



отырады. Өзіне –өзі бағыт белгілейді.  Дүниедегі ең жаман 

дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз  адам етіп тәрбиелеп 

шығады.  

 

Бүгінде  іскерлер  әлемін    басқаратын  –  ұлы 



мәртебелі уақыт.  

 

3-тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, жаттап алыңыз.  



 

Уақытты тоқтатар  шама бар ма? 



 

24 


Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. 

Мына жаным ашиды мына өмірді 

Өтпейтіндей көретін адамдарға. 

 

Өтеді ғой ... 



Өтеді ғой барлығы да. 

Күн арқалап кетеді таңды мына. 

Менің жаным ашиды барлығына 

Таң нұрына, адамның тағдырына  

 

4-тапсырма. 



«Бос 

уақытымды 

қалай 

өткіземін?» 



тақырыбына  шығарма жазыңыз.  

 

5-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.  



1.

 

Уақыт – алтыннан қымбат, уақыт – ұлы емші. 



2.

 

Бір  жылын  ойлаған  адам  күріш  егеді,  он  жылын 



ойлаған  адам  ағаш  егеді,  жүз  жылын  ойлаған  адам 

ұрпақ өсіреді.  

 

9  -  сабақ.  Ең  қымбат  та,  ең  арзан.  Уақытты  меңгеру 



үшін не қажет? 

 

1-тапсырма. Ойтүрткі. Мына сұрақтарды талқылаңыз. 



1)

 

Уақытты басқару дегеніміз не? 



2)

 

Уақытты меңгеру үшін не қажет? 



3)

 

Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз? 



 

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 

 

Уақытты басқару -  өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде 



келіп,  мезгілінде  кетеді.  Бірақ  ешнәрсе  үлгере    алмайды. 

Екінші  біреу  үнемі  кешігіп  жүреді,  әйтсе  де,  жұмысын  өз 

уақытында тамаша орындап тастайды. 


 

25 


 

Кеңес  Одағы  кезінді  адамдарда  уақытты  меңгеруге 

деген  еш  қажеттілік  болмады.  Барлығының  жұмысы  бар, 

жұмыс  уақыты  белгілі,  тиісті  демалысын  алады.  Міндетін 

орындаса  болды.  Қазір  олай  емес,  әркім  өзі  үшін  жұмыс 

істейді.  Сондықтан  кейбіреулер  тәуліктің  тең  жартысын 

жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын 

меңгере ала ма? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма? 

Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба? 

 

 



 

 

 



 

 

 



(Қазақ тілі. З.С.Күзекова.)   

үлгере алмайды – не успевает 

Кеңес Одағы – Советский Союз 

әркім өзі үшін жұмыс істейді – каждый работает для себя 

қымбат минуттарыңыз – дорогие минуты 

 

3-тапсырма.  Мына  сөйлемдерге  назар  аударып,  есте 



сақтаңыз. 

 



Уақытты  саналы  сезініп,  өмір  сүріңіз.  Маңызды 

жұмыстар үшін уақыт табыңыз. 

 

Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі. 



 

Ойлану  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  күш-жігер 



бастауы. 

 



Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл –  білім негізі. 

 



Армандау  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  –  жұлдыздарға 

барар жол. 

 

Махаббат  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  –  өмірдің 



шынайы қуанышы. 

 



Көңіл  көтеру  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  -  жанның  

әуені. 


 

4-тапсырма. Толтырыңыз. Шын (ш) немесе жалған (ж). 

 

 

Ш 



Ж 

1. Даналық жасқа байланысты 

 

 


 

26 


2. Елдің бәріне ортақ бір-ақ  күнтізбе 

бар 


 

 

3. Тек оны әркім әр түрлі 



пайдаланады 

 

 



4. Уақыт – аксүйектікті 

мойындамайды 

 

 

5. Ханға да, қараға да берілетін мерзім 



– тәулігіне 25 сағат 

 

 



6. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-

өзі қадағалап отырады. 

 

 

7. Дүниедегі ең жаман дерт – 



еріншектікті жеңеді. 

 

 



 

даналық – мудрость 

күнтізбе – календарь 

тәулік – сутки 

 

3-тапсырма. Мына өлеңді жаттап алыңыз



Уақытты тоқтатар шама бар ма? 

Бәрі өтеді дәуірлер замандарда. 

Менің жаман ашиды мына өмірді, 

Өтпейтіндей көретін адамдарға. 

 

Өтеді ғой... 



Өтеді барлығы да. 

Күн арқалап кетеді таңды мына. 

Менің жаным ашиды барлығына, 

Таң нұрына, адамның тағдырына. 

 

 

 



 

( М.Мақатаев.)  

 

10-сабақ. Үнемшілдік – экономика жаны 



 

1.Тапсырма.  Мәтіндерді  оқып,  сұрақтарға  жауап 



жазыңыз. 

Ұқыптылық пен үнемшілдік – экономика заңы 

 

27 


 

  

Сенің  жеке  тірлігің,  шаруашылығың  бір  кереметке 



негізделеді.  Ол  –  ұқыптылық  пен  үнемшілдік.  Ал 

ұқыптылық,  үнемшілдік  дегеніміз  –  экономика  жаны.  Бұл 

керемет  тағы  да  басқа  ойға  туыс  келеді.  Ол  гүлдену. 

Гүлдену дегеніміз – экономикалық табыс пен бақыт.  

 

Сенің  жеке  шаруашылығың    тек  қана  сенің  ақша 



жұмсау  қабілеттілігіңмен  шектелмейді.  Бұл  мүмкіндік  - 

өзіңнің уақытың мен қуатыңды жұмсай білу деген сөз.  

 

 

Үнемшілдік дегеніміз – сараңдық емес  



 

 

Үнемшіл  болу  дегеніміз  –  сараң  болу  деген  емес. 



Сараң  адамдар  табысын  ешқашанда  біреумен  бөліспейді. 

Олар  тіпті  өздерінің  үлестерін  төлеуден  де  жалтарады. 

Өзгелерді ешқашанда мақтамайды. 

 

Сараңдық дегеніміз жақсы қасиет  емес. Сараң болу 



дегеніміз  өзінде  бар  нәрсені  қызғыштай  қорып,  оны 

шашпауға  тырысу,  болашаққа  кең  өріс  ашудың  орнына, 

қолында  бар  нәрсені  достарыңнан  биік  қойып,  тәуекелге 

бел буа алмау. 

Үнемшілдік ұғымына тәуекелшілдік те байланысты. 

Үнемшіл  болу  дегеніміз  –  қуанышсыз  сұрқай  өмір  кешу 

емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп 

пайда  әкелетін  іспен  айналысу  үшін  өз  еркіңді  бағындыра 

білу  де  –  тәуекелшілдік.  Сенің  көптеген  таныстарың 

теледидардан  бірнеше  сағаттар  бойы  бас  алмай  отырар, 

бәлкім.  Олан  сенің  теледидар  алдына  жуымайтыныңды 

көріп, сені түсіне қоюы неғайбыл. 

 

Тәуекелшілдік  

 

Сөйтіп  сенің  ұзақ  уақыт  бойы  теледидарға 



қарамауың – тәуекелшілдік болып табылады. 

 

28 


Үнемшілдік дегеніміздің өзі де сенің өз уақытыңды дұрыс 

ұйымдастыра біліп, ойға алғаныңның барлығы болмаса да, 

көпшілігін  тындырыптастауға  үлгеру  үшін  өз  күшіңді 

шақтап жұмсай білуіңді білдіреді.  

 

(Америка  жазушысы  К.Хелстің  «Жасөспірімдерге  арналған 



экономика кітабынан») 

үнемшілдік – бережливость 

жеке шаруашылығың – личная хозяйство  

гүлдену – процветание 

табыс – успех 

ақша жұмсау – тратить деньги 

ақша жинау – копить деньги 

ақшадан да қажет не – больше чем деньги 

жеке  шаруашылығыңның  иесі  –  владелец  своего  собственного 

хозяйства 

басты мүддең – главный интерес 

өз өміріңді өзің айқындайсың – твоя жизнь определяется тобой 

сараң – скупой 

тәуекелге бел буа алмау – пренебрегать разумным риском 

уақытыңды  дұрыс  ұйымдастыра  білу  –  умение  организовать  свое  

время 


 

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап  жазыңыз. 

1)

 

Сен  ақшаңды ала салып түгел жұмсайсың ба? 



2)

 

Егер  сен  ақша  үнемдесең  оны  ойланбастан 



үнемдейсің бе? 

3)

 



Егер  сен  ақша  жинайтын  болсаң,  оны  неге 

жұмсауға ертерек ойланасың ба? 

4)

 

Сен ата-анаңмен ақша туралы ақылдасып көрдің 



бе? 

5)

 



Олар ақшаны жақсы жұмсай ма? 

6)

 



Олар сенімен бұл мәселе туралы әңгімелесе ме? 

 

3-тапсырма. 



Берілген 

мақал-мәтелдерді 

 

талдап 

тұсіндіріңіз, орыс тіліндегі баламасын табыңыз. 

 



 

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, 



 

29 


Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.  

 



 

Сауып ішсең мың күндік, 

Сойып жесең бір күндік. 

 



 

Ескі киімді баптағаның 

Жаңа киімді сақтағаның. 

 



 

Ескі ким жаңа киімнің қорғаушысы. 

 



 



Ақша кетуге тырысады, 

Есеп ұстауға тырысады.  

 

4-тапсырма.  Мына    мәтінге    назар  аударыңыз.Мәнерлеп 



оқып, орыс тіліне аударыңыз.  

 

- Жапон кереметін әркім әрқалай түсіндіреді.  Оның 



негізі ішкі үнемдеушілік пен экспорттық жолмен өндірісіті 

өркендетуде жатыр десек қателеспейміз бе? 

Мұның 


бәрі 

дұрыс. 


Үнемдеушілік 

өз 


ерекшеліктеріміздің бірі деп есептеледі.  Бұл басқа елдерде 

сирек  кезедсетін  жапон  халқына  тән  ерекшелік.  Осы 

тұрғыда біз дамыған Батыс елдеріне ұқсамаймыз. Үнеммен 

өмір сүріп,  сонымен байи алған халық екенімізді ешқашан 

естен  шығара  алмаймыз.  Өндірісте  де  үнемі  соны  ескеріп, 

соған сай заттар шығарамыз. Мысалы, бізде шығарылатын 

мәшинелер аз бензинмен жүреді. Қай салада  да үнемдеуді 

ойлауға  мәжбүрміз.  Өйткені  шикізат  шет  жақтан  келеді. 

Оны  аз  қолдана  отырып,  көп  үнем  алуға  тырысамыз.  

Жапондықтар  көп  жұмыс  істеп,  соғанорай  көп  қаржы 

тапқанымен, 

ақшаны 


аз 

жұмсауға 

тырысады. 

Жалақыларының  белгілі  бір  бөлігін  банкке  сақтауға 

әдеттенген.    Осының  арқасында  баюға    болатынын  бәрі 

жақсы біледі.  

 

«Заман – Қазақстан» 25.04.1997ж. 



 

 

30 


 

5-тапсырма.  

1.

 

үнемі, 



үнемдеу, 

үнемдеушілік 

сөздерінің  

мағынасын талдаңыздар, сөйлем құраңыздар. 

2.

 



Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз? 

 

11 - сабақ.  Салық. Әділетті салық. 



 

1-тапсырма.  Мәтіндерді    оқыңыз.  Өз  көзқарасыңызды 



білдіріңіз.  

Салық  


Мемлекеттің  бюджеттік  салаларының  басты  көзі 

салық  болып  саналады.  Бюджеттік  салаларға  армия,  білім 

беру, денсаулық сақтау мекемелері, ғылым, мәдениет, өнер 

т.б. жататыны белгілі.  

 

Салық  дегеніміз  –  салық  төлеуші  жеке  және  заңды 



тұлғалардан  мемлекет  өндіріп  алатын  міндетті  төлемдер. 

Олардың  мөлшері  мен  төлеу  мерзімі  заңмен  белгіленеді. 

Салық  негізгі  екі  функцияны  атқарады.  Олар:  біріншіден, 

салық салу мақсатына қарай мемлекеттік кәсіпорындармен 

және  азаматтармен  өзара  қарым-қатынастарын  реттейтін 

экономикалық  тұтқа,  екіншіден,  бюджеттің  кіріс  бөлігін 

қалыптастыру мен толықтырудың  негізгі көзі. 

 

Салықтар  төте  және  жанама  салықтар  болып 



бөлінеді. 

 

Салық  төлемінің  табысынан  немесе  мүлкінен 



тікелей төленетін салықты төте салық дейміз. Төте салыққа 

табыс салығы, жер салығы, көлік  құралдарына салынатын 

салық жатады. 

 

Жанама  салыққа  сатылатын  тауарлар,  орындалған 



жұмыстарға,  көрсетілген  қызметтер  үшін  төленетін  және 

бағаға  немесе  тарифке  үстеме  түрінде  белгіленетін,  салық 

төлеушінің 

табысымен 

немесе 

мүлкімен 



тікелей 

байланысты емес салық жатады.  



 

31 


Американ  экономисі  Лафферге  сүйінсек,  өндірістің 

де дамуы мемлекеттік салыққа байланысты. Экономиканы 

мемлекеттік  реттеудің  ең  белсенді  құралының  бірі  – 

салыққа  көпшілік  көзқарасы  қандай?  А.Смит  айтқандай 

салықтың «әділетті салық екенін түсінеміз бе? 

Бүгінгі  нарықтық  экономикада  салықтың  мақсатты 

болуы керектігін түсінеміз бе? 

Салықты  қарапайым  тілмен  айтатын  болсақ  оны 

мемлекеттік  бюджет  деуге  болады.  Ал  мемлекет  кім  –  ол 

өзіміз, ол біздер. 

Мемлекеттік  бюджетті  толтыру  үлкен  мәселе.  

Екінші  үлкен  мәселе  -  өндірісті  қалай  көтереміз. 

Қазақстанда  өндірісті  көтермесек,  салық  та  түспейді, 

тәуелсіз  мемлекет  болмайды.  Тәуелсіз  мемлекетте  әр 

уақытта  өз  өндірісі  күшті  болғаны  жөн.  Осы  үшін  үкімет 

бөлу функциясын пайдалануға қажет. Ол үшін жақсы өнім 

беретін,  сұранысқа  ие,  өнім  беретін  өндірісте  салықты 

төмендетуге болады. Екіншіден, кім сол салықты жинайды 

– тек қана таза адам болуы керек.  

Мемлекеттік  қызметкер  басқа  мемлекетте  үлкен 

жалақы  алады,  үлкен  жеңілдіктерге  ие  болады.  Ал  егер 

қателессе, оның ұрпағы да қызметке алынбайды. Кателесу, 

заңсыздыққа  бару  -  өз  мемлекетіне  қарсы  қылмыс  жасау 

болып  табылады.  Басқа  еуропалық  мемлекеттерде    салық 

бойынша  қылмыскерлерге    де  қатаң  жаза  береді.  Неге 

десеңіз  жай  адам  мүмкін  жеке  адамға  зиянын  тигізсе, 

салық  саласындағы  қылмыскерлер  мемлекет  үшін,  халық 

үшін  үлкен  қылмыс  жасайды,  яғни  көп  адамға  –  халыққа 

зиянын тигізеді.  

Салық  саясатының  мақсаты  болу  керек  дейміз.  Ол 

мақсаттар  қандай:  біріншіден,  өз  мемлекетін  көтеріп, 

тәуелсіз  мемлекет  болу  үшін,  екіншіден,  бәріміз  үшін. 

әрбіріміз  үшін  салық  төлеу  –  төлемегеннен    тиімді  болу 


 

32 


керек.  Салық  төлеу  –  бір  жағынан  ұлттық,  азаматтық 

міндет болып саналады, патриотизм болуы керек.  

салық – налог 

әділетті салық – справедливый налог 

нарықтық экономика- рыночная экономика 

мемлекеттік бюджет – государственный бюджет 

заңсыздық – беззаконие 

салық саясаты – налоговая политика 

 

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап  беріңіз. 



Банк мемлекеттік салықтың мына түрлерін төлей ме? 

1)

 



Табыс салығы 

2)

 



Қосымша құнға салынатын салық 

3)

 



Құнды 

қағаздармен 

жүргізілетін 

операцияларға салынатын салық  

4)

 

Жер салығы 



5)

 

Мүлік салығы 



6)

 

Көлік құралдарына салынатын салық 



7)

 

Жол салығы 



 

3-тапсырма.  Мына  сөз  тіркестерімен  сөйлем  құраңыз,  өз 



пікіріңізді айтыңыз. 

корпорациялық  табыс  салығы,  жеке  табыс  салығы, 

қосылған  құн  салығы,  әлеуметтік  салық,  көлік  құралдары 

салығы,  мүлік  салығы,  жер  салығы,  мемлекеттік  салық, 

салық мөлшері, салық мәдениеті.  

 

4-тапсырма.  Мына  сөздер  мен  сөз  тіркесінің  қазақша 



баламасын жазып нөмірлеңіз: 

1)

 



двойное налогообложение - табыс салығы 

2)

 



налог  на  автотранспортные  средства  –  құнды 

қағазға салынатын салық 

3)

 

налог  на  ценные  бумаги  –  көлік  құралдары 



салығы 

4)

 



подоходный налог – қосарланған салық  

 

33 


 

5-тапсырма Мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз. 

 

Өздеріңізге  белгілі  Рейган  саяси  аренаға  шығар 



алдында    да  АҚШ  белгілі  бір  дәрежедегі  дағдарысты 

басынан  кешті.  Осы  кезде  американ  экономисі  Лаффер  

өндірістің  дамуы  мемлекеттік  салыққа  тікелей  қатысты 

заңын  ойлап  тапты.  Рейган  іле-шала  салықтың  саны  мен 

мөлшерін  кең  көлемде  қысқартты.  Расында  да  экономика 

қайтадан  жандана  бастады.    Рейган  елдің  сүйікті 

Президенттерінің біріне айналды.  

 

12-сабақ. Салықты не үшін төлейміз?  



 

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөзтіркестерді  орыс тіліне 



аударыңыз. 

 

салық,  төлем, әділетті салық,  нарықтық экономика, 



мақсатты, бақылау, төте салық, жер салығы, жанама салық, 

салық міндеттері, қазыналық міндет,  ынталандыру міндеті, 

салық  саясаты,  әдісі,  салық  түрлері,  мүлік  салығы,  жол 

салығы,  акциздер, табыс салығы,  жеке тұлға, заңды тұлға, 

мемлекеттік салықтар.  

 

2-тапсырма.Мәтінді оқыңыз, мәтінге сөздік құрыңыз   



 

 

Салық  дегеніміз  –  үкіметтің  кәсіпорындардан, 



адамдардан  алған  төлемі.  Үкіметті,  әскерді,  милицияны 

ұстау  үшін  халықтан  салық  жиналады.    Қалай  мемлекет 

пайда болды, салық та солай дүниеге келді. Салық бірінші 

рет  Қытайда  пайда  болды.    А.Смит  салықты  «әділетті 

салық» деп атаған.  

 

Қазір нарықтық экономикада – салық мақсатты болу 



керек:  қай жерге өте қажет,  салықтан жиналған  қаржыны 

сол жерге жұмсау керек.  А.Смитше айтатын болсақ, салық 



 

34 


халықтың  өзі  үшін  десек  те  болады.  Халық  салықтың 

жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады.  

 

Салық  салу  тәсіліне  қарай  төте  жнама  салық 



түрлеріне бөлінеді.  

 

Салықтың міндеттері: 



-

 

қазыналық міндет;  



-

 

бөлу міндеті 



 

3-тапсырма.  Мына  терминдердің  қазақша  баламасын 



беріңіз. 

подоходный  налог,    налог  на  ценные  бумаги, 

отечественное  налоговедение,  прямые  налоги,  налог  с 

дарений,    налогна  страхования,  налог  на  передачу  акции, 

налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные 

средства: двойное налогообложение.  

 

4-тапсырма. Мына сөздер мен сөзтіркестерімен сөйлемдер 



құраңыз.  

жеке  тұлға,    табыс  салығы,  бюджет  көзі,  салық  саясаты,  

мақсатты  салық,  жер  салығы,  ынталандыру      міндеті,  жол 

салығы.  

 

 

5-тапсырма.  Сөйлемді  талдаңыз  Мен  салықты  үнемі 



төлеп тұрамын.  

 

13-сабақ.  Экономикалық актив сөздермен жұмыс  



 

1-тапсырма.  Алдағы  сабақтарда  жиі  кездесетін  сөздер 



мен терминдерді есте сақтаңыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет