Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата24.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#10281
1   2   3   4   5

бюджет 

бюджет мерзімі  

 

 

мемлекеттік бюджет 



бюджет тапшылығы  

 

тұтыну бюджеті 



бюджет шығысы 

 

 



бюджет кірісі 

бюджет жылы 

 

 

бюджеттік жоспарлау 



 

35 


бюджет шығысы 

 

 



бюджеттік мәселелер 

салық 

салық түрлері 

 

 

салық төлеуші 



табыс салығы 

 

 



қосарланған салық 

жергілікті салық 

 

 

салық принципі 



салық заңдары 

 

 



салық міндеттері 

салық агенті   

 

 

жер салығы  



нарық  

раықтық экономика  

 

нарықтық ақпарат 



нарықтық қатынастар 

 

нарықтық құн 



нарықтық инфрақұрылым   

нарық қорлары 

нарық тепе-теңдігі 

тауар 

тауартану 

 

 

 



тауар белгісі 

тауар айналысы 

 

 

тауар қозғалысы 



тауар саясаты 

 

 



тауарларды өткізу  

баға  

тұтыну бағасы 

 

 

анықтамалық баға 



көтерме сауда бағасы 

 

фактуралық баға 



өндіріс бағасы 

 

 



баға маркетингі 

бөлшек сауда бағасы 

 

монополиялық баға  



экономика 

экономикалық саясат 

 

экономикалық заңдар 



экономикалық ынталандыру 

экономикалық дағдарыс 

басқарудың экономикалық әдістері  

 

2- тапсырма. Мына мәтінді орыс тіліне аударыңыз 



 

 

Тауардың 



екі 

қасиеті 


бар: 

тұтынамыз, 

айырбастаймыз.  Тауардың  тұтыну  құны  және  айырбас 

құны болады. 

 

Тауартану  –  тауардың  тұтыну  құнын,  сапасын 



зерттейтін  пән.  Өндіріс  процесін  қайтадан  бастау  үшін 

тауарды  ақшаға  айналдыру  қажет.  Сауданың  түріне  қарай 



 

36 


бөлшек  және  көтерме  сауда  тауар  айналымдары  болады.  

Тауар демпингі тауарды өткізу құралы болып табылады. 

 

Егер  тауарың  сапалы  болса,  сен  ұлттың  жалауына  



айналасың. Әр ұлттық мемлекет өз аймағының  ішінде  ұлт 

өкілінің  ісін  өзгеден  жоғары  қояды,  оның  тауарын  

шетелдік  бұйымдардың  ығыстырып  кетуінен  қорғайды. 

АҚШ пен Жапонияның автокөлік бәсекесін алайық.  

 

Қазақстан  неге  жат  капиталдың  күшіне  қарсы  тұра 



алмайды?  Жат  капиталдың  көздеген  мақсаты  –  өзіне 

тәуелді тұтынушы жаңа аймақ табу.  

 

Отандық өндірушінің  тауарын әлемдік деңгейде тек 



сол  өзінің  халқы  ғана  құтқара  алады:  немістер  өз 

«Мерседесін»  ғана  мінеді,  кәрістер  «Голд  старға»  ғашық, 

жапондар үшін «Тайота» ұлттық намыстың символы.  

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге жақын мазмұндаңыз  



 

 

Өзін  мәдениеттімін,  білімді  әрі  іскермін  деп 



ойлайтын  әрбір  азамат  экономика  мәселесін  бес 

саусағындай білуі керек. Жеке адамның, отбасының, бүкіл 

қоғамның 

барлық 


тірлігі 

экономикадан 

тұрады.  

Экономика  –  бұл  адам  еңбегінің  нәтижесін  көрсететін 

ұғым.  Ел  басылары  мәдени  және  экономикалық  

интеграция  шартына  қол  қойды.  Экономикалық  саясатты 

дұрыс  жүргізу  керек.  Экономикалық  білім,  экономикалық 

сауаттылық өте қажет.  

 

4-тапсырма.  Мына  сөздермен  және  сөз  тіркестерімен 



сөйлем  құраңыз:  ақпарат,  әлемдік  деңгей,  бәсеке,  бөлшек 

сауда,    көтерме  сауда,  кіріс,  қадағалау,  тұтыну,  

тұтынушы аймақ, экономикалық қажеттілік, шығыс, ұлт 

өкілі.  

 

5-тапсырма. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығамыз 



 

37 


 

ақы, жалақы, еңбекақы, банк жүйесі, төлем балансы, 

пайда мен шығын  балансы,  сауда балансы, банк депозиті, 

ерекше экономикалық аймақ, бірлескен кәсіпкерлік, кепілді 

өзара шарт.  

 

14-сабақ.  Экономика  тілі  –  қазіргі  заманғы  қолдану  



тілі.  

 

1-тапсырма.  Мәтінді    орыс  тіліне  аударыңыз.  Мақаладан 



үзінді.  

Экономика тілі – қазіргі заманғы қолдану  тілі. 

 

...  Әр  саланың  өкілдері  мен  мамандық  иелерін 



өздеріне  қажетті,  жиі  қолданыстағы  лексикасы  арқылы 

сөйлетуге  бейімдеу  керек.  Бейімдеуді  тілді  үйренушінің  

мамандығына,  қажеттіліктеріне,  сұраныстарына  қарай 

іріктеген  жөн.  Мамандық  тілінде  сөйлей  білу  қажеттілігін 

оқу  орнындарында  бастаған  жөн.  Бұл  орайда  берілетін 

мәтіндер  –  негізгі  құрал.  Осы  құрал  арқылы  сан  алуан 

терминдердің 

қазақша 


баламасын 

тіл 


үйренушіге 

меңгертуге болады.  

Мысалы: 

Е.А.Бөкетов 

атындағы 

Қарағанды 

мемлекеттік университетінің профессоры Х.М.Нұрмұқанов  

«Терминдер  төңірегіндегі толғаныс» мақаласында әріптесі 

Б.Қалиевтің    бір  мақаласында  процент    терминін 

біреулердің  соншама,  жүздеуік  деп  қазақшаласақ  дейтін 

ұсыныс  жасағанын  айта  келіп,  бұлай  айтуды  жөн 

көрмейтінін,  өз  көңіліне  өзбек  ағайындардың  пайызы 

ұнайтынын,  «жұрт  алғашқы  бетте  тосырқағанмен,  кейін 

үйреніп кетеді» деген болжамын да жария етіп еді. Бұнысы 

шындыққа  айналды:  процент  әлдеқалай  естіліп  қалатын 

болып,  пайыз  бел  алып  кетті..  Демек  процент-тен  жөнсіз 

безінгеннен  гөрі,  осылардай  жас  «шабуылшылардың» 

балама  табуға  болатындарына  балама  тауып,  аударуға 



 

38 


болатындарын  аударып  қолданудың  жайын  ойластыру 

абзал болар еді» - дейді. 

 

Қазіргі  уақытта  экономикалық  тілдің  өмірімізге 



терең енуіне, көптеген сөздердің өмірде қолданыс табуына, 

өзінің септігін тигізіп отырған теледидарда берілетін «Тіл» 

бағдарламасының  еңбегі  өте  зор.  Бұнда  аударылатын 

сөздер  әр  түрлі  мамандардың  сараптамасынан    өтіп, 

қолданысқа  жіберіліп  жатады.    Әсіресе,  бұл  аударма 

сөздердің  қолданысқа  жылдам  енуіне  жағдай  жасайды. 

Осындай 

мақсатта 

жүргізілетін 

бағдарламалардың 

ауқымын кеңейтсе нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймыз... 

Шабденова Р.Ш. Мақаладан үзінді. 

Ғылыми-практикалық конференция материалдары.  

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ – жауап дайындаңыз. 



 

3-тапсырма.  Экономикалық  сөздерді  атаңыз,  олардың 



мағынасын түсіндіріңіз.  

 

4-тапсырма.    Пікірталас  тақырыбы  бойынша  жұмыс 



жасаңыз. 

1)

 



Экономика – біздің тұрмысымыз. 

2)

 



Экономикада  да біртұтас идеология керек. 

 

5-тапсырма.  «Экономика  тілі  –  қазіргі  заманғы  қолдану 



тілі»  тақырыбын жалғастырыңыз.  

 

15 – сабақ. Заманына  қарай адамы.  



 

1-тапсырма. 



Мәтінді  оқыңыз.  Сұрақтарға  жауап 

жазыңыз.  

«Заманына  қарай  –  адамы».  Экономиканы  білу  – 

пайда.  Заман  өзгеруде.  Әр  салада  істейтін  мамандар  тек 

тілді ғана меңгеріп қоймай, өзін мәдениеттімін деп санаған 

адам экономиканы жақсы білуі керек. Аристотельдің мына 


 

39 


бір  даналық  сөзін  еске  түсіріңіздер:  «Егер  әрбір  адамы 

экономиканы жақсы білсе, сол мемлекет күшті».  

 

1)

 



Орыс тіліне аударып көріңіз. 

2)

 



Экономика  дегеніміз  не?  Экономикаға  қатысты 

сөздер.  

3)

 

Экономика біздің өмірімізге қатысты ма? 



4)

 

Экономиканың қандай жолдары бар?  



5)

 

Экономика табиғатпен  салыстыруға бол ма? 



 

2-тапсырма.  Заманына  қарай  «Жүзден  жүйрік,  мыңнан 



тұлпар»  болу  керек.  Нарық  экономикасында  бәсекелестік 

дегеніміз не?  

 

1)



 

Бәсеке деген не? 

2)

 

Бәсекенің неше жағы бар? 



3)

 

Өркениетті  қоғамда  бәсеке қандай болу керек? 



4)

 

Әділетті, әділетсіз бәсеке деп қандай бәсекелерді 



айтамыз? 

5)

 



Мемлекетке қандай бәсекелестік тиімді? 

 

3-тапсырма.  Орыс  тілінде  тегін  айтылмайды  «Семь  раз 



отмерь,  один  раз  отрежь»,    «Бірігіп  пішкен  тон  келте 

болмас»,-  деп.      Бюджет.    Жанұялық  бюджет  деген  не?  

Бюджетке қатысты сөздер тобы білесіз бе?  

 

Бюджет  белгілі  бір  кезеңге  жасалып,  заң  түрінде 



бекітіледі.  Бюджет  кіріс  және  шығыс  бөлігінің  әр  түрлі 

құрылымынан  тұрады.    Қаржының  беріктілігі  мен 

тұрақтылығы 

мемлекеттік 

бюджеттің 

орындалуына 

байланысты.  Бюджеттің  шығысынан  кірісі  көп  болуы  – 

экономикалық  қажеттілік.  Тұтыну  бюджеті  –  кіріс  пен 

шығысты  қадағалау.  Жанұялық    бюджет  –  жанұя 

мүшелерінің  табысынан  құралады.  Әр  адам    бюджетті 



 

40 


есептей  білу  керек.  Мысалы:  Табыс:  50 000  теңге.  Негізгі 

шығыстар: тамақ, киім, жол ақшасы, коммуналдық қызмет 

ақшасы т.б.  

 

4-тапсырма.  



Христиан билиясында «Дающая рука не оскудеет» - деген 

мақал  бар.  Қазақ  тілінде  «Алаған  қолым  береген»  -деген 

бар. Табыс. Табыс қайдан түседі?  

 

1)



 

Табыс деген не? 

2)

 

Пайда деген не? 



3)

 

Қандай табыс болады? 



4)

 

Қандай пайда болады?  



5)

 

Табыс  пен  пайдаға  байланысты  мақал-мәтелдер 



білесіңдер ме? 

Табыс - өнеркәсіп немесе жеке адамның  қызметтері үшін 

берілетін  ақшалай  немесе  материалдық  ресурстар  болып 

табылады.  

Пайда  –  таза  табыс  түрі,    өндіріс  шығыны  мен  табыстың  

айырмашылығы. 

 

Қандай табыс? 



 

 

Қандай пайда?  



валюталық табыс 

 

 



күткен пайда 

жылдық табыс 

 

 

балансты пайда 



мемлекеттік табыс   

 

жоспарлы пайда 



ақшалай табыс 

 

 



жарияланған пайда 

ұлттық табыс  

 

 

салыққа дейінгі пайда 



реалды табыс  

 

 



салықтан кейінгі пайда 

 

Мақалдар 



 

Артық олжа – басқа еңбек 



 

Оңай олжа – тұрмас қолға 



 

Шығасы шықпай, кіресі кірмейді 



 

Қайырсыз пайдадан – қайырлы залал 



 

41 


 

Шөмелені  шөбім  бар  деме,  несиені  малым 



бар деме.  

 

5-тапсырма.  Экономика  саласында  жарнама  үлкен  орын 



алатынын білеміз. Жақсы жарнама – табыс көзі.  

 

1)

 



Жарнама деген не? 

2)

 



Қазіргі  жарнамалар көбінесе қай тілде беріледі?  

3)

 



Қазақ тілінде жарнамалар бар ма? Олардың 

жағдайы қандай? 

4)

 

Өз Банкіңді жарнамасы бар ма?  / Әр Банк өз 



жарнамасын көрсетеді/ 

 

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.   



 

1)

 



Ақша деген не? 

2)

 



Ақша қандай қызмет атқарады? 

3)

 



Басқа елдердің ақшалары қалай аталады? 

4)

 



Ақша айналымы дегеніміз не? 

5)

 



Жаңа ақша туралы не айтасыз? 

 

7-тапсырма.  Жазып алып, есте  сақтаңыз.  



 

Өзін  мәдениеттімін,  білімді  әрі  іскермін  деп 

ойлайтын  әрбір  азамат  экономика  мәселесін  бес 

саусағындай  білуі  керек.  Жеке  адамның,  семьяның,  бүкіл 

қоғамның барлық тірлігі экономикадан тұрады. Экономика 

–  бұл  адам  еңбегінің  нәтижесін  көрсететін  ұғым.  Ел 

басылары  мәдени  және  экономикалық    интеграция 

шартына  қол  қойды.  Экономикалық  саясатты  дұрыс 

жүргізу  керек.  Экономикалық  білім,  экономикалық 

сауаттылық өте қажет. 

 

 

 



 

 

 



 

42 


16-сабақ.  Ұлттық  ойындардың    қазіргі  замандағы  

орны.  

 

1-тапсырма.  Мәтіндерді  оқып,  мағынасын  түсінуге 



тырысыңыз.  

Асық ойындары. Игры с асиками. 

Бестабан 

Кей  аймақта  үш  табан,  үш  қарыс  деп  те  атайды. 

Бұл  –  кезінде  үлкен  бозбалалардың  өзі  ауыл-ауыл  боп 

топаймен ойнайтын ұлттық ойыны. Қазір асықпен ойнауға 

болады.  Асықтардың    араларына  сүйем  не  қарыс  жер 

қалдырып,  бір  сызықтың  бойына  тізіп  қою  керек.  Екі 

жағынан бес табан жер өлшеп, кеней тұрған орыннан қосар 

сызық  сызылады.  Екі  жаққа  бөлінген  балалар  бес  метр 

жерден  тұрған  асықтарды  кезекпен  атқылайды.  Шарты  – 

тигізіп  құлату  қана  емес,  бес  табан  сызықтан  кенейді 

шығара  білу.  Сол  үшін  қорғасынды  ауыр  сақалар 

қолданылады.  Олардың  судың  бетіне  тас  жалатқандай 

лақтырады. 

Бұл 


ойын 

үшін 


дәлдік, 

мергендік 

керек.Ұтқандар ұпай санын жиып, мәреге жетеді. 

 

Айгөлек ойыны 

Бұл  ойынды  екі  топқа бөлініп  ойнайды.  Топтар  20-

30 қадам қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы қол ұстасып 

тігіліп түрады. 

 

Ойынды бастайтын топ: 



Айгөлек, Айгөлек 

Айдың жүзі дөңгелек 

Айгөлек деп ән шырқап, 

Би билейміз дөңгелеп. 

Біздің топтан сіздерге 


 

43 


Айтыңдаршы кім керек? 

 

Оған екінші топ: 



Айгөлек, Айгөлек 

Айдың жүзі дөңгелек 

Айгөлек деп ән шырқап, 

Би билейміз дөңгелеп. 

Сіздің топтан біздерге 

(Бір ойыншының атын атайды) 

деген керек, деп жауап береді. 

 

Аты аталған ойыншы жүгіріп келіп, екпінмен, қол ұстасып 



тұрғандардың тізбегін бұзып өтуі тиіс. Егер бұзып өте алса, 

жұбы үзілген балалардың бірін жаңағы ойыншы өз тобына 

ертіп кетеді. Ал бұза алмаса, сол топтың құрамына кіреді. 

Ойын  соңында  қай  топта  көп  адам  болса,  сол  топ  жеңген 

болып табылады. 

  

Көкпар  

Көкпар-атқа  мінген  жігіттердің  қатысуымен  өтетін 

ойын.  Ойынды  бастау  үшін,  көкпаршылар  белгіленген 

сызықтың  бойын  қатар  түзеп  тұрады.  Сызықтан  40-50 

адымдай жерге көкпар тасталынады. Әдетте көкпар тартуға 

бауыздалған  лақ   немесе  серке  беріледі.  Берілген  белгіден 

кейін көкпаршылар шаба жөнеледі. Жерде жатқан көкпарға 

бірінші  жеткен  шабандоз  көкпарды  іліп  алып  қашады, 

қалған 


көкпаршылар 

қуып 


жетіп, 

тартып 


алуға 

әрекеттенеді. Ойын белгіленген көмбеге жеткенше осылай 

жалғаса  береді.  Кім  бұрын  көкпарды  көмбеге  әкелсе,  сол 

жеңімпаз атанып, көкпарды өзінде қалдырады. 

Егер  ойыншылар  екі  ауыл  немесе  топ  болып 

бөлініп ойнаса, көмбеге алғаш жеткен көкпаршының тобы 

жеңіске  жеткен  болып есептеледі.  Мұндай  ойынды  «Мәре 

көкпар» деп атайды. Көкпар шамалы өзгертілген түрінде әр 



 

44 


жерде өзінше жүргізілуі мүмкін. Қай жерлерде күн батып, 

қараңғы  түскенше  көкпар  тарту  –  ойынның  шарты  болып 

саналады.  

 

Қыз қуу 

Қыз  қуу  –  ашық  алаңда  жүргізілетін  қызықты 

және әдемі ұлттық ойын. Ойынға атқа мінген қыз бен жігіт 

қатысады.  Алдымен  ара  қашықтығы  1-2  шақырымдай  екі 

көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде жігіт, ал қыз оның арт 

жағында  он  адымдай  жерде  тұрады.  Берілген  белгіден 

кейін  қыз  екніші  көмбеге  қарай  шаба  жөнеледі.  Қыз 

жігіттің  жанынан  өте  бере,  жігіт  қызды  қуып  жетуге 

қамданады.    Егер  жігіт  қызды  қуып  жетсе,  құшақтап 

сүйеді. Қыз бен жігіт екінші көмбеге жеткен соң кері қарай 

шабады.  Ендігі  кезекте  жігіт  қашады,  қыз  оны  қуа 

жөнеледі. Жігітті қуып жеткен қыз оны қамшының астына 

алады. Осылайша ойын қайталана береді. 

 

2-тапсырма. Мәтіндер бойынша сұраққа жауап беріңіз.) 



1). Бұл ойындар қазіргі заманға лайық па? 

2).  Ұлттық  спорт  ойындарының  қазіргі  замандағы  деңгейі 

қандай?  

3).  Лайық  болса,  оның  экономикалық,  қаржылық  жағын 

шешу жолдары қандай? 

4). Тағы қандай ұлттық ойындар білесіз? 

5).  Ұлттық  ойынды  ойнауға  немесе  тамашалуаға  уақыт 

бөлу керек пе? 

 

 3-тапсырма. Уақыт туралы даналардың сөзін тыңдайық. 



 

«Әркім  өз  уақытын  еңбегінің  көлемімен  өлшегені 



дұрыс»   

 

 



В.Г.Белинский 

 



«Жастық өз уақытын білмейді» 

Р.Хорезми 



 

45 


 

«Бүкіл  экономия,  сайып  келгенде,  уақытты  үнемдеуге 



әкеп соғады» 

К.Маркс. Ф.Энгельс 

 

«Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас 



тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын 

шешеді» 


А.В.Суворов 

4-тапсырма.  «Ұлттық ойын» сөзтіркесін септеңіз. 

 

5-тапсырма.  Ұлттық  ойынның  бір  түрін  орыс  тілінде 



мазмұндаңыз.  

 

17-сабақ. 



Салт  –  дәстүр.  Оның  экономикалық, 

қаржылық жағы.  

 

1-тапсырма.  Салт-дәстүрге  байланысты  орыс  тіліндегі 



мәтіндерді оқыңыз.  

Қыз айттыру 

Существуют  различные  виды  «қыз  айттыру». 

Если  дети  маленькие,  или  даже  еще  не  родились,  обе 

стороны  договариваются  в  будущем  стать  сватами.  Такие 

люди  обычно  очень  хорошо  знают  друг  друга,  давно 

дружат  семьями.  До  рождения  малышей,  если,  конечно 

позже один из них будет мальчиком, а другая – девочкой – 

договариваются стать сватами «атастыру». Вышеназванное 

сватанье называется «бел құда» (до рождения детей). Ну, а 

если  сватают  детей  с  колыбели  -  «бесік  құда»  (бесік  – 

колыбель).  Иногда  женивший  сына  на  дочери  свата,  сам 

выдает  свою  дочь  за  сына  своего  свата,  и  их  так  и 

называют 

«қарсы 


құда»-«взаимными 

сватами». 

Люди,продолжившие  свое  сватовство,  то  есть  ставшие 

дважды сватами, называются «сүйек жаңғырту». Женитьба 

взрослых  детей  осуществляется  после  «құда  түсу» 

(сватовства). 



 

46 


Родственные  отношения  казахов  учитывались 

в  основном  до  седьмого  колена.  Об  этом  свидетельствует 

древний обычай, запрещающий брака между мужчинами и 

женщинами своего рода.  



Қыз көру 

Смотрины «Қыз көру» иногда называли и «қыз 

таңдау». По обычаю дети знаменитых людей или искусные 

люди народа,  джигиты  устраивали  смотрины  девушек  для 

женитьбы.  Прослышав,  что  в  дальнем  ауле  есть  хорошая, 

красивая  девушка  на  выданье,  джигиты  со  своими 

друзьями  по  искусству    отправлялись  выбирать  себе 

суженую.  Казахская  народная  пословица  «қызды  кім 

көрмейді, қымызды кім ішпейді» - «кто кумыс не пьет,  кто  

к  девушке  не  сватается»  открывает  все  дороги  для 

джигитов. 

Сүт ақы 

Плата  за  молоко  матери.  Дата  проводов 

девушки  перед  замужеством  устанавливается  сообща 

отцом невесты и сватами со стороны жениха.  На этот той 

жених  приезжает  во  главе  со  старшим  сватом,  а  также  с 

близкими,  талантливыми  друзьями.  Презентов  во  время 

сватовства очень много. Среди прочих обычаев и подарков 

самое  особенное,  обращающее  на  себя  внимание  и 

акцентирующее – это  «сүт ақы» - плата за молоко матери. 

«Сүт ақы» преподносится матери девушки.  



Құйрық – бауыр 

Обрядовое  угощение,  состоящее  из  печени  и 

курдючного  сала.  Ритуальное  блюдо  свидетельствует    о 

факте  сватовства  и  принимается  в  случае  споров  как 

вещественное  доказательство  сватовства.  Оно  налагает  на 

родителей  сторон  известные  права  и  обязанности:  после 

этого  обряда  уже  нельзя  отступать,  в  противном  случае 


 

47 


виновная  сторона  платит  «неустойку»  и  возвращает 

полученный калым.  

«Құйрық  бауыр»  -  залог  верности  и 

нерушимости договора. 



Жар-жар 

Традиционная песня, исполняемая молодежью 

во время прощального вечера, на проводах девушки. «Жар-

жар»  исполняется  в  виде  айтыса  между  девушками  и 

джигитами.  Джигиты  поют  о  том,  чтобы  девушка  не 

сожалела,  что  оставляет  отца,  ведь  хороший  свекор 

заменит его.Девушки отвечают, что свекор вряд ли заменит 

любимого отца. В  «жар-жар» поется  о хороших  сторонах 

будущей жизни.  

Джигит: 


Не грусти, красавица

Жизнь прекрасна, погляди. 

Не вздыхай и не плачь, 

Счастья желаем всласть, 

Не скучай по отцу, 

Будет свекор у тебя. 

Девушка: 

Разве свекор, жар-жар, 

Заменит мне отца? 

Как не плакать жар-жар, 

Ухожу ведь навсегда... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет