Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



жүктеу 0.55 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата24.03.2017
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5

 

Шаңырақ көтеру 

«Шаңырақ  көтеру»  (  шаңырақ  –  купол  юрты, 

көтеру  –  поднять).  «Шаңырақ»  является  семейной 

реликвией  –  хранителем  очага,  символом  продолжения 

рода.  Поднятие  шаңырақа  молодой  семьи    при  отделении 

от отцовского очага еще один красивый обряд. Писатель – 

этнограф  Ахмет  Жунусов  писал  об  этой  традиции 


 

48 


«...«шаңырақ»  молодой  семьи    поднимает  только  старый 

многодетный зять». Для выполнения этого важного обряда 

за  зятем  едут  специально.  Для  большой  юрты  (отау) 

«шаңырақ»  поднимается  на  шесте  сидящего  на  лошади 

зятя.  За  поднятие  шанырақа  зять  получает  лошадь  или 

верблюд.  

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 

1)

 



Тағы да қандай салт-дәстүрлерді білесіз? 

2)

 



Бұл салт-дәстүрлер осы заманға лайық па? 

3)

 



Экономикалық,  қаржылық  жағы    туралы  не 

айтасыз? 

4)

 

Салт-дәстүрді сақтау  -  міндет пе?  



5)

 

Қаржыны қайдан алуға болады?  



6)

 

 



3-тапсырма.  Мысалы:    Сіз  үйленесіз,  сонда  қаржыны 

қайдан аласыз?  Сұраққа жауап беріңіз.  

 

Варианттарды таңдаңыз:  

Жақсы 

жағы 


Жаман 

жағы 


a)

 

жинаған қаржымды жұмсаймын 



 

 

b)



 

әкемнен қаржы сұраймын 

 

 

c)



 

туысымнан қаржы сұраймын 

 

 

d)



 

достарымнан қаржы сұраймын  

 

 

e)



 

өз еңбегіммен табамын 

 

 

4-тапсырма. 



Мақалдарды 

оқыңыздар 

да, 

оның 

экономикалық жағына мән беріңіз. 

 



Ақшаны ақша жасайды. 

 



Шығысыға иесі басшы. 

 



Кіріссіз шығыс болмайды 

 

49 


 

Әділ байлық – бағың ол 



 

Береген қолым – алаған 



5-тапсырма.  «Өз  елімнің  салт-дәстүрін  білемін  бе?» 

тақырыбына шағын әңгіме құраңыз.  

 

18  – сабақ. Жеті қазынаның мәні неде?  



 

1-тапсырма. Аңызды оқыңыз, мазмұнын айтыңыз. 

 

...  Өмірден  өз  орнын  таба  алмай  ренжіп  жүрген  жас  жігіт 



кездейсоқ  қарт  кісіге  жолығып,  сәлем  береді.  Қарт    кісі 

Қызыр баба еді. 

-

 

Қызыр баба, сізден сұрайтын тілегім бар, - деді жас 



жігіт. 

-

 



Айта ғой, - деді қарт. 

-

 



Таусылмас  қазынаға  қолым  жетіп  қуансам  деген 

арманым бар, - деді ол. 

-

 

Тілегің  қабыл  болады.  Бірақ  біліп  қой,  қазына  сені 



ісзеп келмейді. 

-

 



Оны  өзің  іздеп  табуың  керек.  Асықпай  тыңдап  ал. 

Қазына жетеу. 

Бірінші  қазына  –  білімде,  екінші  қазына  -  өнерде, 

үшінші  қазына  –  тілде,  төртінші  қазына  –  диірменде, 

бесінші қазына – саудада, алтыншы қазына – шаруашылық, 

диқаншылықта, жетінші қазына – ит болады. 

Табиғи  дарының  мен  қабілетіңе  қарай;  өзіңе  лайығын 

таңдап  ал.  Жігіт  өз    қабылетіне  қарай  шаруашылық; 

диқаншылықты  таңдапты.  Жігіт  еңбектің  арқасында  бай 

болыпты, қазыналы болыпты. 

 

 

 



 

«Жас алаш», 2002, ақпан.  

2-тапсырма.  Мәтінді  оқыңыз  (таныс  емес  сөздерді 

сөздіктен қараңыз.) 

 


 

50 


«Жеті  қазынаны  –  жеті  ырыс»  деп  атауының  да  мәні  бар.  

«Жеті ырысқа»  мыналар  жатады: 

Бірінші  –  адамның  ақылы,  ой-санасы.  Өйткені, 

адамзат  ақылы  хайуанаттар  дүниесінен  бөлініп,  ғарышқа 

самғады. Әр дүниенің қожасы болады. 

Екінші  –  дененің  саулығы.  «Денсаулық  –  зор 

байлық» деген сөзімен байланысты. 

Үшінші    -  ақ  жаулық.  Халқымыз  ежелден  әйелді 

тіршілік  иесі,  адам  өмірін  жалғастырушы  серігіміз  деп 

пікір тұтып қастерлеген. 

Төртінші  –  бала.  Бала  –  адам  өмірінің  жалғасы, 

қуанышы. 

Бесінші  –  көңіл.  Көңіл  мен  пейіл  болса,  ынтымақ 

пен береке орнайды. 

Алтыншы  –  жер.  «Жерсіз  –  еш  тұл,    жер  –  елдің 

анасы». 


Жетінші – ит.  

көрік – красота, облик 

қасиет- свойство, качество, достоинство 

қорғаушы – защитник 

несібе – доля, удел 

тірек – опора 

шуақ – тень 

шуақтану – проясниться 

шуақты күн – солнечный, светлый, погожий день  

 

3-тапсырма. Сұраққа  жазбаша жауап беріңіз. 



Сіз аңыздағы «Жеті қазынаны» қолдайсыз ба? Неге?  

 

4-тапсырма. Сіздіңше «Жеті қазынаға» не жатады?  



Бірінші –  

Екінші –  

Үшінші –  

Төртінші –  

Бесінші –  

Алтыншы – 



 

51 


Жетінші –  

5-тапсырма.  Сіз  қандай  қазынаны  таңдар  едіңіз?  Өз 



ойыңызды жазыңыз.  

 

19 - сабақ. Қаржы жүйесі.  Қаржы дегеніміз не? 



 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.  

 

Қаржы  дегеніміз  –  экономикалық  категория.    Ол 



ұлттың  табиғаты,  қоғамдық  өнімді  бөлу  кезінде  пайда 

болған  орталықтандырылған  ақшалай    қорлардың 

қалыптасуы  және  оларды  өндіріске  қолдану,  қоғам 

қажеттілігін қанағаттандыруды айтамыз. Оның объектісі  – 

қаржы  ресурстары  болып  табылады,  ал  субъектісі  – 

мемлекет,  кәсіпорындар,  өндірістік  және  өндірістік  емес 

ұйымы болып табылады.  

Тұңғыш  рет  ақша  қатынасы  XI-XVII  ғасырларда  

пайда болған. Ол ең алғаш Италияда қолданылды.  Қаржы 

атауы  дегеніміз  «ҚА»  барлық  табыс  деген  сөз.  Демек, 

барлық  табыс  қаражат  қорларын  жасау  мен  пайдалану 

процесіндегі  экономикалық  қатынастарды  бейнелеп 

көрсететін 

экономикалық 

категория. 

Қаржы 


есеп 

жүйесімен  тығыз  байланысты.  Қаржының  материалдық  

мазмұны    құрамына  көптеген    ақша  қорлары  енеді.  

Мысалы:  мемлекеттік  бюджет,  әлеуметтік  қамсыздандыру 

және сақтандыру, тұтыну қоры мен тағы басқалар.  

орталықтандырылған – централизованный 

табиғат – природа 

қолдану – применять 

үнемі – постоянно 

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға  жазбаша жауап 



беріңіз. 

1)

 



Қаржы дегеніміз не? 

2)

 



Қаржының объектісі 

 

52 


3)

 

Тұңғыш  рет  ақша  қатынасы  қай  ғасырларда 



пайда болған? 

4)

 



Қаржының материалдық мазмұнына не кіреді? 

 

3-тапсырма. 



Мына 

үзіндіні 

тақырып 

бойынша 

жалғастырыңыз. 

 

 



Әрбір  дербес  мемлекеттің  тәуелсіздігін  білдіретін 

басты  белгілерінің  бірі  –  ұлттық  ақшасы.  Қазақстан  да 

тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейін  өз  ақшасын 

шығаруды  шұғыл  қолға  алды.    Сөйтіп,  1993  жылыдың 

қараша айынан бастап өз теңгеміз айналымға түсе бастады. 

Ұлттық  теңгеміздің  ерекшелігі  –  мықты,  тез  тозбайтын 

қағаздан,  арнайы  тапсырыс  арқылы  шетелде  дайындалды 

және жалған ақшаға қарсы оннан аса білгісі көрсетілген....  

дербес – самостоятельный 

белгі – знак 

айналым – оборот 

арнайы тапсырыс – специальный заказ 

 

4-тапсырма.  Мына  сөздердің  қазақ  тіліндегі  баламысн 



тауып, сәйкес нөмірлеңіз. 

1)

 



Валюта  

 



елдің ақша бірлігі 

 



шет мемлекеттердің ақша белгісі  

1)

 



Валютный курс – валюталық белгілеу 

2)

 



Валютная котировка – валюталық бағам 

3)

 



Частично  конфертируемая  валюта  –  ішінара 

айырбасталатын валюта 

4)

 

Валюта  конвертируемая  –  айырбасталмайтын 



валюта 

5)

 



Свободно 

конвертируемая 

валюта 

– 

айырбасталатын валюта  



 

 

53 


5-тапсырма.    Мұны  білгеніңіз  артық  болмас...    Жаттап 

алыңыз.  

Ұлттық  ақшалар.  Әр  елдің  ұлттық  ақшасының  өз 

атауы  бар.  Қазақстанда  –  теңге,  Ресейде  –  рубль, 

Ұлыбританияда  –  фунт,  стерлинг,  АҚШ  пен  Канадада  – 

доллар, Қырғызстанда  – динар, Германияда  – марка, Ирак 

пен  Югославияда  –  динар,  Венгрияда  –  формит, 

Түркменстанда 

– 

манат, 



Францияда, 

Бельгияда, 

Швейцарияда  –  франк,  Гвецияда,  Норвегияда,  Данияда; 

Исландияда, Чехияда – крона т.б.  

 

20-сабақ.  Қазақстанның    банктері.  Банк  қандай 



қызметтер ұсынады? 

 

1-тапсырма. Банктер тарихымен танысыңыздар.  



 

ТұранӘлемБанкінің тарихы 

 

1997  жылы  ҚР-ның  қаулысымен  қаңтардың  15-інде 



екі қаржы институты біріктіріліп, ТұранӘлемБанкі тұсауын 

кесті.  ТұранБанктің  тарихы  1925  жылдан  басталады.  Ол 

бұрынғы  -  Өнеркәсіп  құрылыс  банкі.  Әлембанк  Қазақстан 

тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды. 

30  қыркүйек  1998  ж.  ТұранӘлемБанк  ААҚ  болып 

қайта құрылды. 

Банктің акционерлері: 

Астана – Холдинг 

Мелькомбинат ААҚ 

Қостанайасбест ААҚ 

Шымкент макарон  фабрикасы ААҚ 

Аралтұз ААҚ 

Банктің негізгі бағыттары: 

 



корпоративтік банкинг; 

 



бөлшектік банкинг; 

 

54 


 

қаржылық қызмет 



Қызметінің негізгі түрлері: 

 



тұтыну несиелері; 

 



пластикалық карточкалар; 

 



тұрғындардың 

мерзімдік 

салымдары; 

 



коммуналдық төлемдер; 

 



валюта айырбастау 

Республикалық  екінші  дәрежелі  банктер  арасында 

ТұранӘлемБанктің салым базасындағы көрсеткіші бірінші, 

ал несие беруде екінші орында. 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  ірі  банктері  арасында  

бәсекелестері  Казкоммерцбанк  пен  Халықтық  банк  екені 

белгілі.    Бүгінде  банктің  меншікті  капиталы  845-105  млн. 

доллардан асты.  

 

«Казкоммерцбанктің»  тарихы 



 

Банк  1990  ж.12-шілдеде  «Медеу  банк»  деген  атаумен 

құрылды.  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  «Медеу 

банкі»  басқа  атаумен  «Казкоммерцбанк»    АҚ  атанды.1991 

ж.21-қазанда  №48  лицензия  алды.  Банктің  Әділет 

министрлігі берген № 4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі 

бар. 

Банктің  басты  офисі  мына  мекен-жай  бойынша 



тіркелген: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы. 

1994ж. 


Казкоммерцбанк 

«Астана 


Холдинг» 

коммерциялық банкпен бірікті. Бұл банкте 22 бөлімше, 51 

кассалық  -  есеп  айырысу  орталығы,  12  дербес  қызмет 

көрсету орталығы бар. 

1995  ж.  Казкоммерцбанк  экономикалық  және  саяси 

мәні бар мұнайгаз процесіне белсене қатысты. 

1996  ж.  Казкоммерцбанк  стандартқа  сай  болу  

мақсатына қол жеткізді. 



 

55 


1997  ж.  Казкоммерцбанк  «твинниг»  бағдарламасын 

жүзеге асырды. 

1998 ж. ішкі және сыртқы еврооблигациялар шығарды. 

1997  ж.  Казкоммерцбанк  Ынтымақтастық  туралы 

Келісімге қол қойды. 

Банк басшылары: 

1.

 

Директорлар кеңесінің төрағасы 



2.

 

Директорлар кеңесі 



3.

 

Банктің жалпы басқармасы. 



біріктірілді -  объединились 

нәтижесінде – в результате 

несие – кредит 

бүгінгі таңда – сегодня 

ашық – открытый 

бағдарлама – программа  

 

2-тапсырма.  Газет  материалдарын  пайдаланып,  басқа 



банктердің   ақпараттары туралы  жазыңыз.  

 

3-тапсырма.Қысқарған сөздерді біліп алыңыз: 



EBRD – Еуропалық қайта құру және даму банкі 

IFK – Халықаралық қаржы корпорациясы 

DEG – Германияның инвестициляық компаниясы 

FMO – Голландия даму банкі 

RZB  - Австралиялық банк тобының орталық институты 

 

4-тапсырма.  ТұранӘлемБанк төрағасымен сұқбатқа назар 



аударыңыз.  

- Банктің клиенттері кімдер? 

Заңды  тұлғалар,  жеке  тұлғалар,  өнеркәсіп  иелері,  мекеме 

ұйымдар. 

-

 

Басқа 



банктермен 

корреспондеттік 

қатынас-

тарыңыздың дамуы қандай? 

Басқа  банктермен  корреспонденттік  қатынастарымыз 

кеңейіп, өсіп жатыр.  



 

56 


-

 

Банк қызметінің негізгі бағыттары қандай? 



Банк қызметіндегі ең негізгі бағыт – банктің несие қызметі. 

Несиелеу  –  біздің  жұмысымыздың  маңызды,  болашақты 

жақтары. Біз несиелік қызметті тұтынуды зерттейміз. 

-

 



Алдағы мақсаттарыңыз қандай? 

Жаңа  клиенттерді  күтеміз.  Банк  өзінің  салымшыларына, 

салымдардың  сенімділігіне,  есеп-айырысудың  жылдам 

және  нақтылығына  батыс  банктерінің  деңгейіндегі 

сервиске кепілдеме бере алады.  

 

5-тапсырма. 



«Мен 

болашақ 

банк 

қызметкерімін» 

тақырыбана  әңгіме жазыңыз.  

 

21– сабақ. Құнды қағаздар туралы не білесіз? 



 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.  

 

Бүгінгі  таңда  нарықтық  қатынастар  тамырын 



тереңге  жайған  сайын  құнды  қағаздардың  маңызы  арта 

түсетіні  анық.  Алайда  көпшілік  қауым  құнды  қағаз  сатып 

алғанымен,  оны  қалай  пайдалану  керектігін  жете  біле 

бермеуі  де  мүмкін.  Құнды  қағаздармен  тиісінше  пайда 

табумен,  оны  шығарған  кәсіпорынның  экономикалық 

мәселелерін  ойдағыдай  шешуіне  үлес  қосарын?  Сонымен 

бірге  өзінің    де  әлеуметтік  жағдайын  едәуір  жақсарта 

түсеріне көзі анық жете ме екен? 

 

Сұрақтарға  экономика  ғылымдарының  докторы, 



профессор Гүлжан Қарақұсова жауап береді: 

-

 



Құнды  қағаз  дегеніміз  не?  Кеңес  Одағы  кезіндегі 

құнды  қағаздардан  қазіргі  Қазақ-стандағы  құнды 

қағаздардың 

айырмашылығы 

қандай? 

Бұлар 


неліктен құнды қағаздар деп аталады? 

Құнды  қағаздарға  акция,  облигация,  мемлекеттік 

қазыналық  міндеттемелер,  вексельдер  жатады.  Бұл 


 

57 


қағаздар  бұрынырақта  «бағалы  қағаздар»  деп  аталған. 

Бірақ «бағалы» деген сөзден гөрі «құнды» деп атағанымыз 

дұрысырақ,  неге  десеңіз,  бүгінгі  құнды  қағаздар  оның 

иесіне тек пайда, табыс әкеледі. 

 

«Құнды»  деген  сөздің  өзі  мейлі  қай  жағынан  алсақ 



та,  мағынасы  жағынан  біз  айтып  жүрген  акция, 

облигациялардың  анықтамасын  аша  түседі.  Құнды 

қағаздардың  үш  түрлі  құнды  қасиеттері  бар,  яғни  оны 

сатып алып отырып сіз: 

 

біріншіден, акция иемденушісі боласыз; 



 

екіншіден,  оны  шығарушы  кәсіпорынының  белгілі 

бір бөлігіне ие боласыз; 

 

үшіншіден,  акцияның  екі  бағасының  –  номиналды 



және  нарықтық  бағасының  айырымы  арқылы  пайда 

көресіз.  

 

Құнды  қағаздардың  екі  түрі  бар:  қарыз  түріндегі 



құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз.  Егер құнды 

қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік  

құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.  

-

 



Қазіргі  кезде    мемлекеттік  құнды  қағаздар 

айналыста бар ма? 

Айналыста мемлекеттік құнды қағаздар бар. 

-

 



Құнды қағаздарға қазіргі кезде сұраныстар бар ма? 

Қазіргі құнды қағаздар нарығында екі түрлі құнды қағаздар 

айналыста бар: корпоративтік, мемлекеттік. 

-

 



Қазақстанда  құнды  қағаздар  нарығы  қашан  пайда 

болды? 


Қазақстанда  құнды  қағаздар  нарығы  1991  жылдан  бастап 

пайда 


бола 

бастады. 

Бұл 

мәселеде 



мемлекеттік 

кәсіпорындардың  жекешенлендірілуі  мен  акциолендірілуі 

шешуші роль атқарады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



(«Заман-Қазақстан» газеті. 1996 ж.)

 

 



айырмашылық – отличие, различие 

айырымы – остаток, разница 



 

58 


анықтама – справка, определение 

иемденуші – владелец 

едәуір – довольно много, достаточно 

қаржыландыру – финансирование 

көпшілік – большая часть, большинство 

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сөздікті жалғастырыңыз.  



 

3-тапсырма. Мәтінді мағыналық  бөлімдерге бөле отырып, 



жоспар құрыңыз.  

 

4-тапсырма. Мына сүхбатты жалғастырыңыз. 



-

 

Сәлеметсіз бе? 



-

 

Сәлеметсіз бе? 



-

 

Сіздердің  құнды  қағаздарыңыз  туралы  білгім  келіп 



еді. 

-

 



Әрине, білуге болады.  

-

 



Қандай құнды қағаздар сізді қызықтырады. 

-

 



...  

5-тапсырма.  «Мен  болашақ  бизнесменмін»    тақырыбына 



шағын шығарма жазыңыз.  

 

22 – сабақ.  Жарнама тілі хақында  



 

1-тапсырма.  Өз  бетіңізбен  мәтінді  оқып,  мазмұнын 



түсінуге тырысыңыз.  

 

Жарнама  тілі хақында.  



 

Өмірдің  әрбір  саласында  адамдар  мүддесі  мен 

қызметіне,  әлеуметтік  жағдайына  байланысты  тіл  де 

ерекшелініп,  таңдалып  қолданылады.  Сол  сияқты  қазақ 

тілінің  де  жарнама  саласыдағы    қолданылу  сапасы    мен 

қоғамдық  қызметінің  көлемін  анықтау  –  бұл  зерттеудің 

маңызды бір бөлігі. 


 

59 


Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  дәрежесін  толығымен 

атқаруы  үшін  оның  жарнама  саласында  кеңінен 

қолданылып, өрісін кеңейтуі өзекті мәселе екені белгілі. 

Қазақ  тілі  азды-көпті    кейінгі  жылдары  ғана 

жарнама 

саласында 

қолданыла 

бастады. 

Бірақ  

жарнамадағы  тіл  мәдениеті    көпшілік  көңілінен  шықпай 



жүргені  анық.  Мемлекеттік  тілде  берілген  көпшілік  

жарнама  талғамсыз,  қазақ  тіліне  қалай  болса,  солай 

аударылатынын  байқау  қиын  емес.  Оның  үстіне  кейбір 

коммерциялық  құрылымдардың    шетел  атрибутикасына 

тым әуестенуі, шет тілдеріндегі көрнекі ақпараттың жиілеп 

кетуіне  соқтыруда.  Мәселен,  Торговый  дом  «Butja»,  

«Adidas»,  «Anuar shop»,  «Raimbek Food»,  audio vidio CD,  

«Business Dos LTD»,  «Binqo» т.б.  Сол сияқты  даңғылдар 

мен  көшелерде  «Marlboro»,    «Rotmans»,  «Lucky  Strike»,  

«Camel»,    «Kent»  т.б.  кезестіруге  болады.  Жарнама  қазақ 

тілінде  барлық  бұқаралық    ақпарат  құралдарында 

қолданылатын болды. 

Қазіргі  кезеңде  радиодан  жиі  еститініміз,  газеттен 

үнемі оқитынымыз, теледидардан минут сайын көретініміз  

-  жарнама.  Көшеге  шықсақ  айналаны  қоршайтын  тағы  да 

жарнама. 

Сөз  жоқ,  баспасөз,  теледидар,  радио  бүгінде  үлкен 

жарнама 


көзі 

болып 


отыр. 

Бұқаралық 

ақпарат  

құралдарының анықтамасы  бойынша, жарнама – тауар мен 

қызмет  көрсету  жөніндегі  ақпарат  түрінде  журналистика 

құрамына  кіреді.  Аудиторға  тауар  мен  қызмет  көрсету 

туралы  ақпарат  ұсынған  жарнамалар  оған  таңдау 

мүмкіндігін  береді.  Қазіргі  күнде  көрсетіліп  жүрген  

жарнамалар  аталған  анықтаманың,  оның  шарттарын 

мемлекет тарапынан қабылданған заңдарын орындай алмай 

жүр.  

Біздіңше,  қоғамға  рухани,  мәдени-материалдық 



пайда  тигізетін  жарнамалардың  ғана  ілінуі  керек  деп 

 

60 


ойлаймыз,  атап  айтқанда,  отандық  өндірісті,  балет,  театр, 

концерттер  сияқты  мәдени  іс-шараларды  насихаттайтын 

жарнамалар  көбірек  керек.  Сонымен  қатар  балет,  театр, 

концерттер  туралы  жарнамалар  көпшілік  жағдайда  еш 

бояусыз  көлеңкеде  қалып  жүр.  Керісінше,  бояуы  қанық, 

әдемі,  бірнеше  тілде  қатар  жазылған,  бірден  көзге  түсетін 

жарнамалар көрнекі орындарда ілініп тұрады. 

Мұның  өзі  жарнама  саласында  қазақ  тілі  өз 

дәрежесінде  қолданылмай,  кедергілерге  ұшырап  отыр 

деген  сөз.  Сондықтан  мемлекеттік  тілдің  жарнама 

саласында  қолданылу  деңгейін  анықтап,  оның  ғылыми 

негізделген тетігін жасау қажет. 

Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  қызметін  өз 

дәрежесінде  атқарып,  оның  жарнама  саласында  еркін 

жұмасалуы  үшін  қазіргі  жағдайда  тіл  мамандары 

мемлекеттік  тілдің  жарнама  саласында  қолданылуы 

жөніндегі  түрлі  сын-пікірлер,  айтыстарды  тоқтатып, 

жарнаманың  тіл  мәдениетіне  тиісті  көңіл  бөліп,  оның 

қалыптасуына  жағдай  жасалуы,  басшылыққа  алатын 

арнайы  заң  шығарылуы,  Қазақстанда  жарнама  мәселесі 

жуық арада  дұрыс шешімін таппайтыны сөзсіз. 

Қазақ  тілі  -  ресми  түрде  мемлекеттік  қамқорлыққа 

алынып,  мәртебе  берілген  тіл.  Сондықтан  ол  өміріміздің 

кез–келген    саласында  еркін  қолданылуы  керек.  Тіл 

заңының  1997  жылғы  нұсқасының  21-бабында  жарнамаға 

байланысты былай делінген:  

«  ...  хабарландырулар,  жарнамалар,  көрнекі  ақпарат 

мемлекеттік  тілде  жазылады».  Алайда  Қазақстанда 

жарияланып  жүрген  жарнамалардың  тіл  заңының  бұл 

тарауын  қаншалықты  орындап  басшылыққа  алып 

жүргендігін    арнайы  зерттеулер  жүргізбей-ақ  байқауға 

болады... 

 

(Р.Ш.Шабденова.  «Жарнама  тілі  хақында»  мақаласынан    үзінді. 



«Қазақстаннның болашағы қазақ тілінде» ғылыми  – практикалық кнференция 

материалдарынан.  Қарағанды. 2006) 



 

61 


 

3-тапсырма. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жасаңыз 

 

4-тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңыз 



 

5-тапсырма. 



«Қазақ 

тілі 

экономика 

саласында» 

тақырыбына мақала жазыңыз.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

62 


Бақылау жұмыстары 

 

1-нұсқа 



 

1-тапсырма. 



Мақалдардың 

мағынасын 

түсіндіріп, 

жаттап алыңыз

1.

 



Ел іші – алтын бесік. 

2.

 



Жері байдың – елі бай. 

3.

 



Отан көркі – жерімен. 

4.

 



Өз елім - өлең төсегім. 

5.

 



Жерін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған. 

 

2-тапсырма. Мәтінді сөздікке сүйеніп аударыңыз. 



 

Экономист деген кім? 

Әлемнің  бірден-бір  елі  экономистсіз  жұмыс  істей 

алмайды.  Олар  қоғамның  экономикалық  дамуына  талдау 

жүргізеді  және  болашақ  дамуға  болжам  жасайды. 

Экономист  бағаның  құбылуы  мен  тарифтер,  инфляция, 

ауылшаруашылық  және  өнеркәсіп  өнімі,  салықтар, 

тауарларды сырттан әкелу және экспортқа шығару, ұлттық 

бюджет  пен  жалпыұлттық  өнім  сияқты  салаларды 

зерттейді.  Халық  шаруашылығының  әр  саласы  – 

жекеменшік  және  мемлекеттік  меншіктердегі  кәсіпорын, 

ұйым немесе компания олардың қызметіне зәру. 

Олар  елдің  дамуының  экономикалық  шарттарын, 

халықтың  тұрмыс  деңгейін,  халықаралық  экономикалық 

жағдайды  және  әлемдік  рыноктарды,  валюта  курсының 

өзгеруін зерттейді. Осының бәрін істейтін – экономистер.  

 

алдау – анализировать 



 

бағаның құбылуы – изменение цен 

 

шарт –условие 



 

сыртан әкелу – импорт 

 

мөлшерін белгілейді- определяет объем 



 

63 


3-тапсырма.  Мамандықтардың  атауларын  қазақ  тіліне 

аударыңыз. 

1)

 



Маркетинг 

2)

 



Экономика 

3)

 



Менеджмент 

4)

 



Государственное и местное  управление 

5)

 



Финансы 

6)

 



Учет и аудит 

7)

 



Информационные  системы  (по  отраслям  и 

областям) 

8)

 

Оценка (по отраслям и областям) 



 

4-тапсырма.  Сөздерге  барыс,  табыс  септіктерінің 



жалғауларын жалғаңыз

Мамандық, нарық, экономика, саясат, жүйе, ғылым, 

ғимарат. 

 

5-тапсырма.  «Менің  сүйікті  мамандығым»  тақырыбына 



диалог құрыңыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

64 


2-нұсқа 

 

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз. 



Ақша тиыннан құралады. 

Кіріс шығыссыз болмайды. 

Береген қолым алаған. 

 

2-тапсырма. Мәтінді қазақ  тіліне аударыңыз 



 

«Казкоммерцбанктің»  тарихы 

Банк  1990  ж.12-шілдеде  «Медеу  банк»  деген  атаумен 

құрылды.  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  «Медеу 

банкі»  басқа  атаумен  «Казкоммерцбанкә  АҚ  атанды.1991 

ж.21-қазанда  №48  лицензия  алды.  Банктің  Әділет 

министрлігі берген № 4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі 

бар. 


Банктің  басты  офисі  мына  мекен-жай  бойынша 

тіркелген: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы. 

1994ж. 

Казкоммерцбанк 



«Астана 

Холдинг» 

коммерциялық банкпен бірікті. Бұл банкте 22 бөлімше, 51 

кассалық-  есеп  айырысу  орталығы,  12  дербес  қызмет 

көрсету орталығы бар. 

1995  ж.  Казкоммерцбанк  экономикалық  және  саяси 

мәні бар мұнайгаз процесіне белсене қатысты. 

1996  ж.  Казкоммерцбанк  стандартқа  сай  болу  

мақсатына қол жеткізді. 

1997  ж.Казкоммерцбанк  «твинниг»  бағдарламасын 

жүзеге асырды. 

1998 ж. ішкі және сыртқы еврооблигациялар шығарды. 

1997  ж.  Казкоммерцбанк  Ынтымақтастық  туралы 

Келісімге қол қойды. 

Банк басшылары: 

Директорлар кеңесінің төрағасы 

Директорлар кеңесі 


 

65 


Банктің жалпы басқармасы. 

 

3-тапсырма. Мәтін бойынша сөздік жазыңыз.  



 

4-тапсырма. Сөйлемді талдаңыз 

Казкоммерцбанк  «твинниг»  бағдарламасын  жүзеге 

асырды. 


 

5-тапсырма.  «Мен    болашақ  экономиспін»,    «Мен 



болашақ  банк  қызметкерімін»,  «Мен  болашақ  салық 

қызметкерімін»  тақырыптары бойынша  шағын әңгіме 

жазыңыз.  /Тақырып  мамандағыңызға  байланысты  болу 

керек/  


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

66 


3-нұсқа 

 

1-тапсырма.  Мына  сөздермен  сөйлем  құрап,  сөздерді 



құрамына қарай  (түбір-қосымша) талдаңыз. 

1.Үйренді, өзі, Асан, жинауды, төсегін. 

2. Сабақтан, ертең, келеді, Қайрат, кеш. 

3. Рауан, үйренді, жазуды, дәптерге. 

4. Ақылды, болды, Аян, алғыш, бала. 

  

2-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз



 


Каталог: Disyt obych
Disyt obych -> 1 Англияда королева Викторияның билік құруының жылдары А. 1837-1901
Disyt obych -> Тақырып: Адамның шығу тегі
Disyt obych -> Реферат тақырыптары
Disyt obych -> Календарно-тематический план преподавателя 2 семестр 2014 / 15 оқу жылы/ учебного года
Disyt obych -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысының білім басқармасы
Disyt obych -> Рабочая учебная программа Дисциплина Иностранный язык
Disyt obych -> Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі
Disyt obych -> Рабочая учебная программа По дисциплине История государства и права рк
Disyt obych -> Экзаменационные билеты по предмету "История Казахстана " для учащихся
Disyt obych -> Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 жж)


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет