Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға «Қыс» мезгіліне қатысты суреттер беріледі. Оқушылар суретке қарап, қыс туралы мәтін құрастырып жазады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылардың суретке қарап жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды, қиялы дамиды.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар көптік/тәуелдік/септік/жіктік/ жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады. Мұғалім оқушыларды түрлі түсті
смайликтер арқылы бағалайды.
|
5 мин
|
|
Түрлі түсті смайликтер
Рефлексия:
«Білім вагоны»
|
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
|
Бағалау критерийлері
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
Мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану.
Көптік/тәуелдік/септік/жіктік/ жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Дескрипторы
Табиғат құбылыстарына қатысты сөздік минимумды игереді.
Табиғат құбылыстарын сипаттап айта алады және жаза алады.
Кейбір қосымшаларды шылаумен шатастырмайды.
Сөздерге қосымшаны дұрыс таңдап жалғайды.
|
Рефлексия
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
|
|
Бүгін оқушылар нені үйренді?
|
|
Оқыту ортасы қандай болды?
|
|
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
|
|
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
|