Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет211/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Тыңдалым мәтіні:
Мәтінді тыңда. Бос орынға тиісті сөзді қой.
Ертең Семейде күн ашық болады. Сынап бағанасы күндіз +18- ді көрсетеді, түнде сәл суық болады. Ауа температурасы +4-ті көрсетеді, жаңбыр жаумайды.
Өскеменде күн бұлтты, сынап бағанасы +15. Солтүстіктен аздаған жел соғады. Жаңбыр жаумайды. Түнде +13 градус жылы болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Тыңдалым мәтіні

Негізгі бөлім

«Күн райына байланысты сөздерді білемін» тапсырмасын орындауда оқушылар ауа райына қатысты сөздерді қайталайды. Әр топқа термометрдің суреттері таратылады. Сол термометрдің жанына ауа райына қатысты сөздерді жазу арқылы оқушылар өтілген сөздерді қайталайды. Саралау тапсырмасы ретінде оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға сөз тіркестерін, білім деңгейі жоғары оқушыларға сөйлемдер құруға тапсырма беруге болады. Тапсырма топта орындалады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды, бағалайды. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

5 мин

Жеке жұмыс

Термометрдің суреті


жапсырылған қағаз, түрлі түсті маркерлер

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар берілген сөздерге қарама- қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында
қолдану мақсатын жүзеге асырады.




«Күн райын сипаттай аламын» айдары оқушылардың айтылым дағдысын, есіне сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушылар топта апта күндерін өзара бөліп алып, сол аптадағы әр күндегі күн райын сипаттап айтады. Оқушыларға жеңілірек болу үшін мұғалімнің тірек сөздерді ұсынуына болады. Сондай-ақ оқушыларға шылауларды қайталату мақсатында әр топқа шылаулар таратып беріп, сөйлемдер құрастыруға тапсырма беруге болады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

10 мин

Жеке жұмыс

Тірек сөздер

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру мақсатын жүзеге
асырады.




«Сөздің мағынасын күшейтіп айта аламын және жаза аламын» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жай сөйлемдер беріледі. Оқушылар күшейткіш сөздерді қосып, сөйлемдерді сәл өзгертіп айтады. Тапсырма тақтада жазбаша орындалады.

5 мин

Топтық жұмыс

А3 парағы, түрлі түсті маркерлер




«Қыс мезгіліне қатысты сөздерді білемін және жаза аламын»

10 минут




Анаграмма құрастыруға арналған
қағаздар, түрлі түсті маркерлер мен
қарындаштар, сызғыш

тапсырмасы оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Мұғалім оқушыларға анаграмма құрастыруға, оны қатесіз, ойланып

құрастыруға тапсырма береді. Тапсырма топта орындалады. Әр топ

қыс мезгіліне қатысты сөздерден анаграммалар құрастырады. Топтар

бір-бірімен анаграммаларын алмастырады. Оқушылар бір-бірінің

анаграммаларын тауып, түрлі түсті қарындаштармен бояйды.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң анаграммаларын тақтаға

іледі. Бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет