Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет213/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Менің білуімше ... (3-тоқсан, 5-тарау). 75-сабақ

Дағды

Жазылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдардың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

        1. Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

        2. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын

ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Мекен, өзгеру, құбылмалы

Алдыңғы білім

Алматы мен Астана

Пәнаралық айланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабақтың басында мұғалім алдыңғы өткен тақырыпты оқушылардың естеріне түсіреді. Оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты бірнеше сұрақтар қоюға болады. Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы Алматының табиғаты туралы ой картасына аударады. Сыныптағы барлық оқушылар ой картасын оқып, мұқият танысып шығады. Ой картасында берілген әрбір сөйлемді назар аударып, мұқият оқиды. Мұғалім келесі тапсырманың осы ой картасымен байланысты екендігін түсіндіреді. Ой картасында түсініксіз сөйлемдер болса, мұғалім түсіндіреді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық, ой картасы

Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар осы Алматы туралы ой картасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы туралы диаграмма құрастыруға тапсырма береді. Оқушылар топта Астана қаласы туралы диаграмма құрастырады. Диаграмма құрастыру үшін оқушыларға суреттер, А3 парағы, желім, түрлі түсті маркерлер таратылады. Оқушыларға тапсырманы орындау үшін уақыт беріледі. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жеке жұмыс

Суреттер, түрлі түсті маркерлер, желім, А3 парағы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет