Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың қайталауға арналған сабақ екенін ескертіп айтады. Яғни өтілген тақырыптар бойынша шолу жасалынып, оқушылар ауызша және жазбаша жұмыс жүргізеді. Оқушыларға тыңдалым мәтіні беріледі. Оқушылар мәтінді тыңдап болған соң, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды. Күн райы
болжамы туралы айтылған мәтінді толықтырады. Мұғалім оқушыларға мәтінді мұқият тыңдау керек екенін ескертеді. «Күн райы болжамы туралы тыңдағынымды түсінемін» айдарында тапсырма жеке
орындалады.