«Сөйлесейік» айдарында оқушылар өздерінің құрастырған ой карталарының таныстырылымын жасайды. Топтан екі оқушыдан шығып өз диаграммаларын таныстырады. Әр топ Нұр-Сұлтан қаласы туралы диаграммаларын қорғайды, қабырғаға іледі.
Оқушылар өз диаграммаларын қорғау үшін үлгіні басшылыққа алып таныстырады. Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын, айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Үлгі: Біз ой картамызда Нұр-Сұлтан қаласының табиғатын сипаттадық. Біздің білуімізше, Нұр-Сұлтан... аймақта орналасқан.
Біздің ойымызша, Нұр-Сұлтан маңында ... өседі. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде ... бар.
Нұр-Сұлтанның жазы ... Нұр-Сұлтанның қысы ...
Болашақта Нұр-Сұлтанның ауа райы өзгереді деп ойлаймын. Өйткені ...
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
«Ойланайық»айдарындағы тапсырмада оқушылар Нұр-Сұлтан туралы жасаған диаграммаларын қалай мәтінге айналдыру керектігін, ауызша айтқан нәрселерді қалай жазу керектігі жайлы ойланады.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар
оқыған/аудио/бейнематериалдардың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу мақсатын жүзеге асырады.
Оқушыларға Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәтін бөліктері беріледі. Бұл тапсырма оқушылардың Нұр-Сұлтан туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Оқушылар осы тапсырманы орындау барысында «Пазл» әдісін қолданады. Оқушылар мәтін бөліктерін пазл ретінде жинап үйренеді. Мәтіннің әр бөлігін әр түсті пазл арқылы белгілеп көрсетуге болады. Оқушылар мәтінді ретімен бөліктері бойынша орналастырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.